На тему Менің Отаным - Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ақмола облысы

Бұланды ауданы

«Балдырған» мектеп-балабақшасы







Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

Менің Отаным -Қазақстан


Дайындаған: Тастубаева А. С.

«Балдәурен» тобы













2015 оқу жылы

Тақырыбы: « Менің Отаным -Қазақстан»

Мақсаты: Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Балаларды Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Ата Заңымызды қадірлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Балаларда рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрнекілік: «Менің Отаным - Қазақстан», «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» жазулары, Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер, қанатты сөздер, гүлдер, слайд, Астана қалаланың суреттер,белгілі тұлғалардың және көрікті жерлердің фотосуреттерінен фотоколлаж,қазақ батырлардың суреттері.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,мақал-мәтелдер, әңгімелеу,слайд.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар,қонақтар! Бүгін біздің ұйымдастырылған « Менің Отаным -Қазақстан » атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.

Шаттық шеңбер:

Бір шаңырақ астында,

Қазақстанда тұрамыз.

Бірге сайран құрамыз,

Бір үйде біз тұрамыз.

Қазақстан Респуликасының мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар, сендер қандай ән орындадыңдар?

-Қазақстан Республикасының әнұранын орындадық.

- Дұрыс айтасыңдар,балалар. Әрбір республиканың өз ерекшелігін білдіретін әнұраны, туы, елтаңбасы болады. Біз оны рәміздер деп айтамыз. Осы рәміздер туралы жеке-жеке түсінік беріп өтейін. (Суреттерді көрсету)

-Мынау - біздің туымыз. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды. Көк аспандай көгілдір, ортасында күн, астында бүркіт ұшып келе жатыр.

-Мынау - Елтаңбамыз. Елтаңбада шаңырақ, күн сәулесі, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.

-Балалар, үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, әнұранымыз орындалады.

Құрметті балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз еліміздің Ата Заңымызды алғанына 20 жыл толу мерекесіне арналып отыр. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Қазақстанның Ата (негізгі) заңы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды. Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің қайнар көзі - өзінің егемендік құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн 30 тамыз - мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясының күні деп жарияланды.

- Балалар біздің Қазақстанның мемлекет мерекелерді кім біледі?( Тәуелсіздік күні, Конституция күні, Президент күні).

-Балалар бүгін біз Біздің Отан туралы тақпақты оқыймыз.

«Менің Отаным»

Қазақстан дейтін, менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін,

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далаға жылап келіп уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

Балалар Отан туралы тақпақтарды кім біледі?

Амира: Отан- менің ата-анам,

Отан -досым, бауырым,

Отан -өлкем астанам,

Отан- аудан, ауылым.

Е. Ерназар: Отан деген- атамекен,

Отан деген- туған жер.

Отан - деген ана, пана,

Қазақстан-туған ел.

Әдемау: Отанды біз атамекен

Туған жер деп сүйеміз

Өйткені, онда бәрімізде

Туып -өмір сүреміз

-Балалар, кім біледі біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?

-Астана қаласы

Ел бөбегі бүлдіршін жас баламыз,

Астанамыз Астана -бас қаламыз

-Балалар Астана-өте әдемі қала. Астана қаласында өте көп көріктілер, ескерткіштер бар.

- Балалар 2015 жыл Қазақстан Республикасында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы өтті, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын тойлауды.

-Балалар Қазақ хандығының тарихы өте бай. Қазақ хандығын құрылған Жәнибек пен Керей хандары (слайд, суреттерді көрсету).

Қазақстан Республикасы көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады.

1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы - татулық дейді.

-Сондықтан біз балалар бір-бірінді татулыққы, достыққа шакырайық.

Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз..

Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.

Ендеше балалар бәріміз бірге Отан туралы мақал-мәтелдерді айтып берейік.

Мақал-мәтелдер:

  • Отан елдің анасы,

Ел ердің анасы.

  • Отан үшін еңбек етсең

Халқыңның сүйген ұлы боласың.

  • Отаны бірдің жүрегі бір,

Жүрегі бірдің тілегі бір.

  • Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

  • Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды.

- Балалар сендер өз Отанды кім жақсы көреді?

Ендеше мен сендерге сұрақтарды қойып берейін

Сұрақтар:

  • Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады?(Қазақстан Республикасы)

  • Қазақстан Республикасының президенті кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.)

  • Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? Астана қаласы

  • Қазақстан Республикасының рәміздері қандай? (Әнұран, елтаңба, ту)

  • Қазақ хандығына қанша жыл болды? Қазақ хандығын кұрылған кімдер? (550 жыл,Жәнибек пен Керей)

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конституциясы канша жыл болды? (20 жыл)

  • Қазақстан Республикасы қандай мемлекет? (Егеменді,көп ұлттық мемлекет)

- Өте жақсы балалар енді біз өз Отанымызға арнап жылы тілектер айтайық.

Дидар: Аспанымыз ашық болсын!

Али: Жеріміз гүлге толсын!

Айдын: Елбасымыз аман болсын!

Сағыныш: Балабақша гүлдене берсін!

Қорытынды.

-Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыз Конституция күніне, Қазақ хандығына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясына арналған. Бүгін біз Конституция,Отан туралы әңгімелестік. Конституция,Отан туралы,рәміздер,казақ тарихы туралы көбін білдік. Осымен біздің « Менің Отаным -Қазақстан» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


© 2010-2022