Су мен ауа-тәжірибе

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тәжірибе

Тақырыбы: «Су мен ауа».

Мақсаты: су мен ауаның қасиеттерін тәжірибиелер жасау арқылы көрсетіп , құбылысының сырын байқай білуге баулу. Табиғат анаға қамқорлық , аяушылық жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: су , мұз, бал, бояу, гүлдер, ойыншықтар, ыстық судың буы, шарлар.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету арқылы баяндау.

Шаттық шеңбер: Армысын алтын күн.

Армысын жер-ана.

Сәлеметсіздер ме қонақтар.

Бәріміз күндей жарқырайық.

Бәріміз тату дос болайық.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

Тәрбиеші: балалар табиғат дегеніміз не?

Балалар: жер, су, аспан, таулар, жануарлар, өсімдіктер.

Тәрбиеші: су туралы не білесіңдер?

Балалар:суды ішеміз, жуынамыз, өсімдіктерге, жануарларға қажет.

1-тәжрибие: балалар судың дәмі, иісі, түсі жоқ. Міне су мұны шалпылдатуға, ыдыстан- ыдысқа құюға болады, бұл судың сүйық күйі. Күн суық болғанда су қатты күйге ауысады, оны біз мұз дейміз(балаларға мұз беріп, су болатынын көрсету)

2-тәжірибие: су-бу түрінде де болады(ыдыстын қақапағын ашып) мынау шығып жатқан бу, бұл да су.Қақпағына қарасақ су тамшылары пайда болады.

3-тәжірибие: балаларға стақанға су құйып ішкізу.Сендер естідіңдер судың дәмі, иісі, түсі жоқ екенін, ал енді мен суға лимон тамшыларын қосамын . Судың дәмі қандай болады? (судың ішіп көреді)

Балалар: дәмі қышқыл болды.

4-тәжірибие: суға бал қосып беремін. Судың дәмі қандай болды?

Балалар: судың дәмі тәтті болды.

Тәрбиеші: суда қандай көліктер жүзеді? (суреттерін көрсету)

Балалар: кеме, қайық катамаран.

Тәрбиеші: сусыз өмір сүре аламызба? Жоқ әрине. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын тауып айтыңдар.

Жұмбақ: бар ма, жоқ па, оны анық білмейсін.

Ол жоқ болса, өмір сүріп жүрмесің. Бұл не балалар?

Балалар: бұл ауа.

Тәрбиеші: ауамен біз тыныс аламыз. Ауа таза болу үшін көп ағаштар, өсімдіктер өсу керек (шар таратып беремін). Шар үрлеу үшін бізге ауа қажет.

(балалар шар үрлейді). Ауада ұшатын көліктерді атаңдаршы.

Балалар: ұшақ, тік ұшақ.

«Мен талапты баламын» өлеңімен тәжірибиені аяқтаймыз.

  1. Талпынамын тоймаймын.

Талабымды жоймайтын.

Ұлы мақсат шыңына.

Шықпай әсте қоймаймын.



  1. Ойнап бал бұл жанамын.

Кітап оқи аламын.

Әке сөзін тыңдайтын.

Мен талапты баламын.

Қорытынды: балалар сендерге тәжірибие ұнады ма?

Бүгінгі сабақта су мен ауа туралы не білдіңдер?

Жарайсыңдер балалар.



© 2010-2022