От ребёнка - к миру и от мира - к ребёнку

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балалармен өткізілген тәрбиешілік дәрістердің сипаттамасы

Баланың бойында адамгершілік қасиеттердің негізі отбасында қалыптасады. Ата-ананың аялы алақаны туған үйдің жылуы оның көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым -қатынаста бала мәдениетті үйренеді, жеке адамға тән ар-ұят, ақыл -ой адамгершілік қасиеттерде қалыптасады. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығының бірі - дүниеге перзент әкелген соң оның болашағын ойлау, яғни қандай тағдыры бар, кім болар екен деп, сол жолда ата-аналық борышын атқарады.

Осыған орай кез келген бүлдіршін үшін бала бақша тәрбиесі ата-анадан тәлім -тәрбиені одан әрі жалғастырып, жандандырары сөзсіз. Дер кезінде алынған мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы зор. Бала бақшаның ең басты мақсаты мемлекеттік білім беру бағдарламасына сай мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты эстетикалық дамуын қамтамасыз етеді. Кішкентай бүлдіршіндердің алғашқы даму кезеңінде білім мен тәрбие беру жұмысы жан-жақты болуы заман талабы.

Ел басымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан болашағымыз - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Ұлттық мәдениетке,ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек» - деп атап өткен. Мұндай тәрбие жұмысын әдетте мектепке дейінгі тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс.

Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу мен білім беруді ұйымдастыруда ұстанатын принциптер:

Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, қызығушылығына сүйену.

Тәрбие мен оқыту міндеттерін бірлікте шешу.

Баланың еркін де дербес дамуын қамтамасыз ететін табиғи, емін еркін жағдай туғызу.

Әрекет етуге үйрету, үйренгенін бойына дағды қылып сіңіру.

Педогогикалық процесс белгілі бір құралдар мен әдістер көмегімен жүзеге асырылады. Балабақшадағы тәрбие -қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір-қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады.

Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл -ой адамгершілік физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет-дағдыларын игеруге бейімделеді.

Іс-әрекеттің осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Осы аталып өткен іс-әрекеттің әрқайсысы бала дамуына өзіндік, өзіне тән үлесін қосады. Бала өзін-өзі көрсетсе ойын, оқуда адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Осылар арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Осыларды негізге ала отырып ата-аналар мен тәрбиешілер баланы тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың ролінің айрықша екенін ұмытпау керек.

Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс.Бұл қызмет түрі серіктестіктің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым-қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзімен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. трафарет арқылы сөз құрамының байлығын, диалогты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояумен бояйды. Дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде баланың шығармашылық ойлау қаблеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс жасау кезінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі.

Мысалы: жүгіріп келе жатқан қоян бейнесі .

Дайындық кезеңі аяқталған соң сөйлеу кезеңін өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Яғни жұмыс жұптасу түрінде жүреді. Бұл кезеңде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын білемін .Ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі. Бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениетімен ой-өрісін, дүние танымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Ролді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланып сөз қоры молаяды. Халқымыздың асыл маржанын меңгереді.

Сондай-ақ ойын әдісі мен әрекеттерінің қолдануы балада жағымды эмоция, жоғары қызығушылық туғызады. Атап айтқанда балабақшада тәрбиемен оқытудың негізгі және жетекші формасы бұл жалпы топпен, шағын топпен және арнайы ұйымдастырылатын сабақтар, экскурсиялар, серуендер, ертеңгіліктер, ойындар. Балабақшамыз биылғы оқу жылынан бастап ҚР мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» атты білім беру салаларына байланысты мектепке дейінгі балалардың жас ерекшелігіне сай оқу -шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырудамыз.

Балабақшада балалар өздігінен оқи алмайтыны белгілі, сондықтан тексті оқуға, әңгімелеп айтуға үйрету, көркем сөздермен таныстыру жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер - айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүниетанымын, ой-өрісін жетілдіру, зейінін, қабылдауын, бағдарлай білу, қаблеттерін дамыту болып табылады.

Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында естиярлар мен ересектер тобында шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын жүйелі әңгімелей білуге, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін түсініп, өзінше талдап ойын қорытындылай білуге, кейбір үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, өздігінен салыстыра сипаттай білуге үйренуге тиісті

Егеменді еліміздің талабына сай мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.
Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Сәбилердің дүниетанымын кеңейтіп, ойын өрістетіп, тіл байлығын жетілдіруде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.

Дидактикалық материалдармен балалар жаттыққан сайын олардың зейіні, тапқырлығы, ынталылығы, өзіндік ойлау жұмысы дами түседі. Балаға әңгімелеп айтуға, оқып тыңдауға, жаттауға арналған материалдар олардың даму деңгейіне, жас шамаларына лайықты болу қажет.
Біздің топтағы балаларға суретті кітапшаларды көрсетіп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы сәтті аяқталатын, қорқыныш сезімін тудырмайтын болу керек.

Оларға «Бесік жыры», «Бауырсақ», «Торғай», «Мақта қыз бен мысық» сияқты шығармалар арқылы дыбыстарды анық айту, байланыстырып сөйлеу, әңгімелей білуге үйретуге болады.

Ертегі сахналау арқылы балаларды рольге бөліп беру, әр кейіпкердің дауыстарын келтіріп айтуға машықтандыру қажет.
Шығармаларды оқыған кезде іс-әрекеттерге байланысты жаңа сөздердің мән-мағынасын түсіндіріп отырған жөн.
Дыбыстарды анық дұрыс айта білуге жаңылтпаштардың да орны ерекше. Ал жұмбақ баланың сөйлеу қабілетін дамытады. Жұмбақтың шешуін табу арқылы заттардың, жан-жануарлардың, киім-кешек аттарын есте сақтау қабілеті күшейеді. Бала тілін дамытуда мақал-мәтелдердің де алатын орны ерекше. Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, жақсы мен жаманды ажыратуға мүмкіндік береді.
Балалармен күннің ІІ жартысында ойналатын дидактикалық ойындар, желілі - ролді ойындары арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға болады.Әрбір сұрақтарға толық, әрі нақты жауап бере білуге дағдыландыру керек.

Өзімнің ІІ кіші тобымда ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетімде «Қатынас» білім саласы бойынша өткізген «Алтын жұмыртқа» ертегісі арқылы балаларға ертегіні үстел үстінде кейіпкерлендіре отырып түсіндірдім. Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып берді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйреттім.
Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландырамын.

Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін
зерттеуге арналған әдістемелер.

Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды.
. Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды, шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау немесе оларды есте сақтау, зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз алдын-ала ойланбаған болып табылады. Яғни, бұл бала мектепке дейінгі шақтан соң да осылай болып қала береді. Мектепке дейінгі ақыл - ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтаудың ұзақтығының арта түсетінін, қиялының болатынын көрсете аламыз.

Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың бірнәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жақсарту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.

Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, солардың арқасында еркін, алдын-ала ойластырылған сипатқа ие болады.Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болса, баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан баланың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылады.
Балалар сурет көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады да, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда, 6 жасар бала суретті жақсырақ түсінеді және өзіне қызықты жақтарын егжей-тегжейлерін бөліп көрсетеді.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде. Оны сапалы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде, кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.
Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр.Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді.
Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдарының көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара алуға болатынын оған қажетті жолдарын үйретеді.
Зейінді нақтылы дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы - сөйлеу.
Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Мысалы, мұнараны тұрғызғанда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал...Міне дұрыс болды. Ал енді үлкені қайсы?,- іздеп көр т.б.
Кейін балалар қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.
Мектепке дейінгі шақта өз зейінін ұйымдастыру үшін сөздер пайдалану күрт өседі, яғни айтқанда мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталай алады. Сонымен баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлы зейін қалыптасады.

Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту, ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту баланың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде мынадай жаттығулар қолдануға болады:
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары:
1.Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап,шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
2. Келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөздерді есіткенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
3. Бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады.

Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады.
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек.
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады - дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР

Дыбысталу бұзылыстарын түзету бойынша логопедиялық сабақтар жұмасына 2 рет, сөйлеу тілі бұзылысының күрделігіне байланысты жеке түрде жүргізіледі. Сабақтан кейін әр бір тәрбиеленушіге оның сөйлеу тілі бұзылысына сәйкес жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары бала-бақшадағы логопедиялық сабақтардан алған білім мен біліктілігін бекіту мақсатымен беріледі.

Үй тапсырмасын орындауда бірқатар шарттарды ұстану керек:

Сіздің балаңыз сау, тамағы тоқ, тыныш күйінде болғанда ғана үй тапсырмаларын орындауға кірісу керек.

Дұрыс дыбысталу, анық және түсінікті сөйлеудің ол үшін қандай жағымды жақтары бар екенін балаға түсіндіру қажет.

Үй тапсырмалары логопедтің нұсқаулығы бойынша жүйелі түрде, күнделікті орындалуы тиіс.

Балада тапсырманы орындау үшін міндетті түрде кішігірім айнамен (тапсырманы орындау кезде балада өзін-өзі бақылау мүмкіндігіне арналған), артикуляциялық жаттығуларды орындау үшін қажет қағаз сүлгімен, түрлі-түсті қарындаштармен және т.б. жабдықталған орын болу керек.

Тапсырманы баланың өзі орындауы тиіс, ал ата-аналар тек орындалу дұрыстығын бақылайды және керек кезінде түзетеді.

Егер бала тапсырманы орындау кезде шаршап қалса, оған міндетті түрде демалуға мүмкіндік беру керек. Егер балаңыздың дәл осы уақытта тапсырманы орындауға құлшынысы болмаса, онда оны басқа уақытқа алмастыру керек, бірақ міндетті түрде сол күні орындау қажет.

Егер бала тапсырманы орындай алмаса, ешқашан ұрспаңыз, керісінше мадақтап, өз күшіне сенімдігін және бұрын алған дағдыларды жоғалтпау мүмкіндігін иелену үшін алдыңғы тапсырмаларды орындауға кірісіңіз.

Баланы жиі мадақтап отырыңыз, оның өз күшіне сенімділігін қалыптастырыңыз, жетістікке жету жағдайын құрыңыз.

2-7 жас аралығындағы балалар сөйлеу тілінің қалыптасуы.

Әр бір ата-ана баласының үйлесімді дамып өскенін, яғни мықты және дені сау, ақылды, жақсы сөйлейтін, мақсаттарына жеткенін, барлығына қол жеткізгенін армандайды және осыған ұмтылады.

Құрметті ата-аналар! Сіз өз балаңыздың тағдырына жауаптысыз. Тағы бір рет сіздердің естеріңізге саламыз: белгілі бір маманнан көмек сұрауға қорықпаңыз - уақытында көрсетілген көмек сіздің жүйкеңізді сақтап және сіздің балаңызды аса бақытты және жемісті етуі мүмкін. Сәбидің сөйлеу тілі дамуындағы ең кішкентай және маңызды емес жетіспеушілігі бала өміріне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да баланың қандай болмасын, мысалы, дыбыстарды бұрмалап айту, сөздік қоры кедей, байланыстырып сөйлеу тілінің жоқтығы, кекештену, логопедиялық мәселелеріне бар ынтамен көңіл бөлу қажет.

Баланың даму және тәрбиелену мәселесін тиімді шешу үшін бала дамуының белгілі бір кезеңінде оның не біліп, істеуін ересек адам анық білуі керек.

2 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

Балалар қарапайым сюжеттік суреттерде көрсетілген заттар мен әрекеттерді түсінеді.

Сәбилер кеңістіктік мағыналарды түсінеді (үстелдің үстіне қой, диванға отыр).

Олар екі бөліктен тұратын ересек адамның өтінішін орындай алады.

Бір түрлі заттар атауының жалпылау мағынасын түсіне алады (кез-келген орындық - ол орындық).

1,5 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қорында 50-ге жуық сөз саналады, ал 2 жасқа қарай - 200-400 сөз. Ол - әрине ойын және тұрмыстық тақырыптағы заттарды белгілейтін зат есімдер және сонымен қатар қарапайым әрекетті белгілейтін етістіктер.

1,5 жастан кейін сәбилер «Мынау қалай аталады?», «Бұл не?» сұрақтарын қоюға қабілетті.

Сөйлеу тілі әлі де дұрыс емес. Балалар 2-4 сөзден тұратын сөз тіркестерін қолданады, зат есімдерді осы шақтағы жекеше түрдегі етістіктермен қосады, кейбір септіктерді қолданады, «мен» есімдігі пайда болады.

Баланың сөйлеу тіліне ана тілінің көптеген дыбыстарының дыбысталу бұзылыстары тән (физиологиялық тіл мүкістігі кезеңі).

Көптеген сөздердің тұрақсыз айтылуы байқалады: дыбыс не түсіп қалады, не алмастырылады, не дұрыс айтылады.

Балалар сөйлегенде етістіктерді бұйрық райында қолданады.

Көп буынды сөздердің буындық құрылымы бұзылған (буындық құрылым сөз ортасынан буынды түсіру жолымен жеңілдетіледі).

Кейбір балалар әлсіз, ақырын дауыспен сөйлейді.

3 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

3 жастағы баланың сөйлеу тілінің 2 жастағы баланың сөйлеу тілінен ең маңызды айырмашылығы сөйлеу тіліндегі аграмматизмдердің толығымен дерлік жоқтығы.

Сөйлемдегі сөздердің байланысы қосымшалардың көмегімен көрсетілген. Бала шылауларды қолдана бастайды және барлық негізгі сөйлеу мүшелерін қолданады.

Дыбысталуы қалыпты дыбысталуға әлі де толығымен сәйкес келмейді.

Баланың сөйлеу тілінде ызың және үнді дыбыстары әлі де жоқ, бірақ қатты және жұмсақ дыбыстар балалардың көбімен ажыратылады.

Күрделі буындық құрылымы бар және екі бірдей дауыссыз дыбыс қатар келетін сөздері бұрмаланып айтылуы мүмкін.

Баланың сөздік қорында таза тұрмыстық тақырыпқа байланысты сөздер ғана емес, сонымен қатар бағалау мағынасы бар сөздер де, жалпылауыш сөздер де кездеседі.

Егер баланың ата-анасы кітапқа деген жағымды қатынасын қалыптастырса, ол таныс ертегілер мен тақпақтарды сүйсініп тыңдайды. Бала мәтінді жақсы еске сақтайды және оны сөзбе-сөз айтып береді, бірақ ертегіні өз сөзімен мазмұндап айтып бере алмайды.

Бала күрделі емес сюжеттік суреттердің мазмұнын жақсы түсінеді.

4 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

4 жасқа қарай баланың сөздік қоры 2000-ға жуық сөзге жетеді.

Сөздік қоры кеңістіктік және мезгілдік түсініктерді белгілейтін үстеулердің арқасында байытылған.

Көптеген балалардың дыбысталуы қалыпты болады. бірақ балалардың көп бөлігінде ызың және ысқырық дыбыстарының алмасуы, сонымен қатар Р, Р' вибранттарының жоқтығы байқалуы мүмкін.

Балалар «сөз тудыру шығармашылығымен» айналыса бастайды, ол сөз тудыру моделін меңгеру бастамасы туралы куәландырады.

Балалардың сөйлеу тілінде негізгі сөйлеу мүшелеріндегі сөздердің өзгеруіне қатысты қателердің аздығы байқалады.

Белсенді сөйлеу тілінде жалпылаудың екінші дәрежелі сөздері пайда болады.

Осы жаста еріксіз есте сақтаудың жақсы дамуы тақпақтардың көп санын жаттауға мүмкіндік береді.

Осы кезеңде байланыстырып сөйлеу тілі толығымен дамымаған, өз басынан өткен жағдайларды айтқан кезде сөйлемдердің ретсіздігін көруге болады. Бірақ балалар оларға таныс ертегілерді айта бастайды.

5 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

Белсенді сөздік қоры көбееді (2500-ден 3000-ға дейін сөз), ол өз ойын толық, нақты айтуға мүмкіндік береді.

Баланың сөйлеу тілінде заттардың белгісі мен сапасын белгілеу үшін, мезгілдік және кеңістіктік қатынасты көрсету үшін қолданатын сын есімдері жиі пайда болады.

Бала өз сөйлемдерін 2-3 және одан да көп қарапайым жайылма сөйлемдерден құрайды, күрделі сөйлемдерді жиі қолданады, бірақ барлық жағдайларда емес.

5 жастағы балалар монологиялық сөйлеу тілін игере бастайды. Бірқатар пысықтауышы бар сөйлемдер пайда болады. Бала сын есімдерді басқа сөйлем мүшелерімен дұрыс қоса бастайды.

Сөздердің дыбыстық безендендірілуіне қызығушылығы пайда болады. Ересектердің айтқан сөздерін тыңдай отырып, бала дыбысталудағы ұқсастықты орнатуға тырысады, кей-кезде өзі де жұп сөздерді жетістікпен айтады: тас-бас және т.б. Кейбір балалар өз құрбыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарын байқап, өз сөйлеу тіліндегі кемістіктерді байқамауы мүмкін. Бұл оның сөйлеу кездегі өзін-өзі бақылауының толығымен дамымауы туралы айтады.

5 жастағы балалардың кейбіреулері 2-4 жолдан тұратын тақпақтарды шығара алады.

Бала өмірінің алтыншы жылында сөйлеу аппаратындағы бұлшықеттер қозғалысының көбеюінің арқасында бала тіл мен еріннің нақты қозғалыстарын жүзеге асырады.

Дыбысталуы мағыналы түрде жақсарады: дауыссыз дыбыстарды жұмсарту толығымен жойылады, дыбыстар мен буындарды түсіру сирек болады.

5 жастағы балалардың көбі ызың, л, рь, р дыбыстарын меңгеріп, дұрыс айтады, көпбуынды сөздердің буындық құрылымын дұрыс сақтай отырып, анық айтады. Балалар сөз екпінін жиі дұрыс қоя бастайды.

Сонымен, 5 жасқа қарай балалардың дыбысталуы айтарлықтай жақсарады. Олардың көбінде дыбысты меңгеру үрдісі аяқталады.

6 жастағы балалар тілінің даму деңгейі.

6 жастағы балалар заттар мен құбылыстардың маңызды белгілерін ажырата ғана қоймай, олардың арасындағы себеп-салдар байланысын, мезгілдік және басқа да қатынастарды белгілей бастайды.

5 және 6 жас аралығында сөздік қор 1000-1200 сөзге байытылады.

6 жастың аяғына қарай бала жалпылау сөздерді аса нақты ажыратады. Мысалы, ол тек «гүлдер» деп қана айтпай, «түймедақ, қоңыраугүл - дала гүлдері» - деп айтады.

Осы жастағы балада байланыстырылған монологиялық сөйлеу тілі дамиды. Ол ересектің көмегінсіз ертегінің, қысқа әңгіменің, мультфильмнің мазмұнын айтып, өзі қатысқан жағдайларды суреттеп айта алады.

6 жасқа қарай тіл және ерін бұлшықеттері аса жақсы дамып, бала туған тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айта бастайды. Бірақ осы жастағы кейбір балаларда ызың, р, л дыбыстарының дұрыс меңгерілуі жаңа-жаңа аяқталады. Осы дыбыстарды меңгергеннен кейін балалар бірден сан алуан күрделі сөздерді нақты және анық айтуға бастайды.

6 жастағы бала көп жағдайларда сұраулы және хабарлы сөйлемдерді айтқан кезде дұрыс интонацияны қолданады. Ол әр алуан заттар мен құбылыстарға қатысты өз сезімдерін көрсетуі мүмкін: қуаныш, қайғы және т.б.

6 жастағы бала аса дамыған фонематикалық естуді иеленеді. Ол дыбыстарды жақсы естіп қана қоймай, белгілі бір дыбысы бар буын және сөзді басқа сөздер мен буындар тобынан бөлуге байланысты әр түрлі тапсырмаларды орындауға қабілеті бар.



© 2010-2022