Жаңа жыл сценарии Жасыл шырша

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Жасыл шырша»

Жүргізуші:Құрметті балалар,қонақтар.Міңе қыс та келіп жаңа жыл да есік қақты. Бүгінгі «Балапан» шағын орталыққа жаңа жылдық той-думанға қош келдініздер.

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық.

Жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы сөз кезегін Ломоносов мектебінің оқу ісінің менгерушісі Абраймова Г.Ж. беріледі.

Музыка қосылады. Ортаға екі ұл бала шығады.

Нүртлеү: -Алақай,алақай қыс келді!

Алдияр:-Қысқы ойындар қызықты ғой,шана тебеміз,қар атысамыз,аққала жасаймыз.

Нүртлеү:-Қыста Жаңа жыл мерекесі болады.

Алдияр:-Тоқта,бізде жаңа жылға шырша жоқ қой шыршасыз жаңа жыл болмайды ғой.

Нүртлеу:-Біз шыршаны Аяз атадан сұрайық.Хат жазып жыбереміз.Қазір аққала жасап,аққалаға тапсырамыз.

Балалар аққала жасап,аққаланың қолына хат қыстырады.

Музыка ойнайды.Аққала көзін ашып,қозғалады.

«Батыр Аққала» ертегіге қөрініс.

Кейіпкерлер:Аққала,қоян,түлкі,қасқыр,аю,Аяз ата.

Аяз ата:Құтты болсын Жаңа жыл!Жаңа жылым мол болсын!

Қарандар мына шыршаға

Неткен әсем көрікті,

Міңе сұлү шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар, келіндер

Тамашаны көріңдер!

1.Балалар ортаға шығып «Жаңа жыл»әнің орындайды.

2.«Ойыншықтар» биі.Қатысатындар: Ақшақарлар,аққалалар,аюлар, қуыршақтар.

3.Балалар шыршаны айналып «Аяз ата» әнің айтады.

4. «Қояндар» биі.

5. «Макарена» биі.

Балалар шенберге тұрып тақпақтар айтады.

Шалқар Қабдеш: Сақалы аппақ күмістей,

Тістері аппақ құріштей.

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Нүрдаулет: Орала ма ол енді?

Айтар едім өленді.

Жылдамырақ келсе екен,

Бізге сыйлық берсе екен.

Амина Шаймуратова: Мұздан мокшақ тағынып

Күміс қырау жамылып.

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күткен сағынып.

Айнур: Кел билейін сенімен,

Дедім тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардын демімен.

Арайлым: Қонақтайды бақтарға

Ақ көбелек ақ мамық

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр мақтанып.

Амина Шантаева: Тазарып бар қыр шаннан,

Қыс өнерін бастады.

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

Ақерке: Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңажыл,жаңа жыл!

Мөлдір: Оралды өлкеме

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ қөрпе

Асқар тау,қарлы шын.

Мақсат Тоғай да,баулар да,

Ақ күміс жамылды

Дала да,таулар да,

Өзіңді сағынды.

Алдияр Қуанған: Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын Жаңа жыл!

Ата-әже,ата-әже,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Әбілмансур: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

Диана: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне, сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Кел балалар келіндер,

Тамашаны көріндер.

Нұрсултан: Әкелсін жыл ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық.

Ән салайық жаңаша,

Жаңа жылым тамаша!

Гүлназ: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне,сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Темирлан. Келді міне Жаңажыл,

Қарсы алайық бәріміз,

Күліп,ойнап,би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Нүртлеу: Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Данара: Тамаша сый алып

Келді Аяз атамыз.

Шаттанып,қуанып

Шырқап ән айтамыз.

Сезім: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр.

Алдияр Мадениет: Жаңа жыл,Жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында,

Жадырап бар бала жүр.

Аружан: Қарандар мынау шыршаға

Неткен әсем көрікті.

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті.

Шалқар Оразаев: Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын

Шырша келді ортаға.

Бинара: Ақ қырауға малынған

Сақалы да,мұрты да.

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Аяз ата:

Тамаша, тамаша,

Күн туылды жаңаша.

Тамасанады барлығы,

Өнеріне қараса.

Тамаша, тамаша!!!

Ақша қар, сыйлықтар қайда, кәне, берші. Мен мына балалардын жарқын жүздеріне, тамаша өнеріне тамсанып отырмын.

Сыйлықтар беріледі.

жүргізуші:

Аяз атамыз бүгін сыйлыққа тола келген екен. Өнерлі балаларымыз да риза болып қайтатын болды.

Аяз ата: Ал, қарақтарым! Менің сағатым соғып жатыр. Мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рақмет! Өнерлерің өрге жүзсін. Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын,

Бастарыңа бақ қонсын.

Келер жылы келермін,

Өнер тағы көрермін.

Сыйлық әкеп сендерге,

Көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар,

Тек биікке қоныңдар.

Келесі жылы көргенше,

Амандықта болыңдар!

Жүргізуші: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны шығарып салайық.

Аяз ата, келесі кездескенше аман болыңыз. Біз сізді асыға күтеміз.

Аяз ата қызын ертіп, көмекшілерімен бірге шығып кетеді.

Құрметті достар!

Қадірлі ұстаздар, қонақтар. Жаңа жыл құтты болсын! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын.

Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!



© 2010-2022