Ашық сабақ: Музыка. Отбасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: шығармашылық.

Бөлімі: сауат ашу.

Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Отбасы. Әже әлдиі.

Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларды отбасы мүшелері түсінігімен таныстыру.

Оқу іс - әрекетінің міндеттері:

1.Балаларға білім беріп, олардың ой - өрісін дамыта отырып, сөздік қорын байыту.

2.Ән ырғағын сақтап , көңілді би қимылдарын еркін, жеңіл орындауға төселдіру.

3.Әжелердің өсиетін тыңдау, үлкенге ізет көрсету, іскерлікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Kүтiлeтiн нәтижe:

Бiлyi тиic: Oтбacы тypaлы

Tүciнiгi: Oтбacылық, тyыcтық қapым-қaтынacтың мәнiн түciнеді.

Kөpceтe бiлyi: Oтбacынa, ата - әжесіне дeгeн cүйicпeншiлiкті.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта слайдтары, мазмұнды суреттер, үлестірмелі

карточкалар.

Оқу іс - әрекетінің типі: жаңа оқу іс - әрекетін меңгерту.

Оқу іс - әрекетінің әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, ойын , СТО әдісі.

Оқу іс - әрекеттер барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу.

ә) түгелдеу

Дауыс жаттығуы.

До- ре - ми , до- ре- ми үйреніп аламыз.

Фа-соль-ля , соль-ля-си-до-до-до - деп әнге саламыз.

Қазақстан Республикасының әнұранын айтқызу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Сұрақ - жауап:

  • Балалар сендер қай елде тұрасыңдар? ( Қазақстан елінде).

  • Қазақстан елінде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Барлығы үлкен Қазақстан елінде тұрады. Қазақстан бұл үлкен Отан, Отбасы кіші отан болады.

  • Сенің отбасыңда қанша адам бар?

  • Сенің атаң үйіңде немен айналысады?

  • Әжең не істейді?

  • Сен ата - анаңа қалай көмектесесің?

  1. «Отбасы » атты электрондық ойын ойнату ( шарты: үлкен кісілерден бастап кіші отбасы мүшелерін дұрыс атату.)

ІІІ. Жаңа оқу іс -әрекеті.

Электрондық оқулық пайдалану.

Суретпен жұмыс:

  • Балалар , суретке қараңдаршы кімдерді көріп тұрсыңдар?

  • Олай болса суретке қарап топтастырып жіберейікші.

Топтастыру:

Отбасы

мүшелері

-Ал, енді балалар, суретке қарап әңгіме құрастырып жіберейікші.

ІҮ - Тақпақтар

1- Оқушы:

Анаң күнің жүрегің,

Әкең өмір-өмір тірегің,

Әжең асыл ардағың,

Атаң-дана қорғаның,

Ағаң -қамқор асқарың,

Інің - мөлдір аспаның.

2-Оқушы:

Ұл -қызыңнан ерген,

Немереңбіз әже.

Немереңнен ерген .

Шөбереңбіз әже.

3 -оқушы:

Мықты болса іргеміз,

Бәрәмізде біргеміз.

Сонда құт пен береке.

Ү. Мақал - мәтелдер:

1-оқушы:

Жас жемісті жұлма.

Жас баланы ұрма.

2-оқушы:

Ағадан ақыл,

Ініден ізет.

3-оқушы:

Баланың ұяты- әкеге,

Қыздың ұяты шешеге.

4-оқушы:

Ана алдына құрмет,

Ата алдына қызмет

5-оқушы:

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны іледі

ҮІ. «Әже әлдиі» сахналау.

ҮІІ. Оқу іс- әрекетін бекіту.

А) Сәйкестендіру:

Әже

ақылды мейірімді қамқоршы сабырлы

Қорытынды:

Алтын әжем, ақ шашыңа қарызбыз,

Асыл әжем мейіріміңе қанықпыз.

Ортамызда аман - есен жүре бер,

Арайланып мейірімді ақ жүзің.





© 2010-2022