2-ші кіші топтарына арналган Шаттық шеңбер Алтын күз тақпақтары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шаттық шеңбер


Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Қабақ түйген не керек,
Көңілді боп жүрейік!

Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік!


Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.



Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.

Қолдарын бір-біріне ұстатады.

Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.

Ән салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе! Міне, мен!

Доспын енді сенімен.

(балалар шеңбер бойымен жүреді)

(жүріп келіп, тоқтайды)

(қолдарын екі жаққа сермейді)

(бір-бірімен қол алысады)

Айтамыз алғыс қайталап,

Тыңдайды бізді шартарап.

Өмір сүру - бір бақыт.

Дос бола білу - шын бақыт!

Қайырлы таң!

Ормандар мен далалар.

Қайырлы таң!

Достасқан бар балалар.

Қайырлы таң !

Біздің балабақшамыз.

Қайырлы таң!

Жора-жолдас, ұл мен қыз!

(қолымызды жоғары созамыз)

(қолымызды жанымызға созамыз)

(алға еңкейеміз)

(бетін шеңберге беріп, қол шапалақтайды)



Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта бiз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз

Қасымызда досымыз!

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз.

«Қайырлы таң!» деп айтамыз,

Бір болып, кеште қайтамыз.

Бақытты дәйім армандап,

Досқа да бақыт тіледің.

Күтеді сені алдан бақ,

Жақсылық етсең үнемі.

Қоңырау біздің сиқырлы,

Сыңғырлап тағы ән салды.

Шақырды түріп ұйқыңды,

Шеңберге тұр, - деп баршаңды!

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!



«Сәлеметсізбе балабақша»

Армысың алтын күн !

1. Оң қолымызды жоғары созамыз

Армысың көк аспан !

2. Сол қолымызды жоғары созамыз.

Армысың самал жел !

3. Екі қолымызды оңға және солға сермейміз.

Армысың достарым !

4. Екі қолды бір -біріне созады

Сендерді көрмесем сағынамын

5. Балалар бірін -бірі құшақтайды.

Біз қандаймыз ?»

Алтын Күнге күлейік !

1.Оң қолымызды жоғары көтеріп езу тартамыз

Көк аспанға күлейік !

2.Сол қолымызды жоғары көтеріп езу тартамыз

Самал Желге күлейік !

3.Екі қолды оңға және солға серпіп ,езу тартамыз

Айналамызға күлейік !

4.Екі қолды жанымызға созып, езу тартамыз

Бір - бірімізге күлейік !

5.Балалар бірін-біріне езу тартады





«Армысың, жаңа күн !»

Бала ,бала ,баламыз.

1.Шеңбер бойында тұрады

Бақшамызға барамыз.

2.Қол белде,екі аяқпен бір орында жүреді

Сенде мені танисың

3.Екі қолдарын бір-біріне созады

Мен де сені танимын

4.Екі қолдарымен кеуделеріне ұстайды

Ендеше біз достасып

5.Екі қолдарын бір-бірлеріне созады

Амандасып алайық.

6.Балалар бірін-бірі құшақтайды

«Сәлеметсізбе балабақша»

Қайырлы таң !

1.Оң қолымызды жоғары созамыз

Ормандар мен қалалар

2.Сол қолымызды жанымызға созамыз

Қайырлы таң !

3.Оң қолымызды жоғары созамыз

Достасқан бір балалар

4.Сол қолымызды жоғары созамыз

Қайырлы таң !

5.Оң қолымызды жоғары созамыз

Біздің балабақшамыз

6.Сол қолымызды жанымызға созамыз

Қайырлы таң !

7.Оң қолымызды жоғары созамыз

Жора - жолдас ұл мен қыз !

8.Балалар бірін- бірі құшақтайды



«Армысың, жаңа күн»

Жарқырап күн ашылды

1.Оң қолды жоғары көтереді

Айналаға күн шашылды

2.Сол қолды жоғары көтереді

Қайырлы күн !

3.Қолдары алдына созады

Біз нәзік қыздармыз

4.Қолдарды кеудеге қояды

Қайырлы күн !

5.Қолдарын алдына созады

Біз ержүрек ұлдармыз

6.Қолдарын кеудеге қояды






Күзгі ағаштарға бақылау.
Мақсаты: Балалардың ағаш туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Отырғыз ағаш көктемде,
Жөн болар еңбек еткенің.
Келмесе шамаң еккенге,
Сындырма жұрттың еккенін
Мысал сұрақтар:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Ағаштардың жапырақтарының түсі қандай?
-Неге күзді Алтын күз деп атайды?
-Неге күзде жапырақтар жерге түседі?
-Жерде жатқан жапырақтар неге ұқсайды?


Күзгі табиғатқа бақылау.
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысымен таныстыру. Күзгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көркем сөз
Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?


Қарға бақылау
Мақсаты: Балаларға қыс көркі қар туралы білімдерін бекіту, табиғат әсемдігін сезіне білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Бейне ақ бұлт қоныпты
Аулаға қар толыпты
Атам аңға шығатын
Нағыз сонар болыпты
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Жерде нелер жатыр?
- Қардың түсі қандай?
- Қар неге ұқсайды?
- Қардан не жасаймыз?
- Жазда қар жауа ма?


Қысқы ағаштарға бақылау
Мақсаты: Балалардың ағаштар туралы білімдерін бекіту. Сұрақ -жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Салқын түссе шешіліп,
Қалады өзі жайрап. (ағаш)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа -райы қандай?
- Ағаштардың бұтағынан не көріп тұрсыңдар?


Желге бақылау
Мақсаты: Балалардың жел туралы білімдерін бекіту, табиғат құбылыстарын бақылай білуге үйрету, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Желдет, желдет.
Жетіқара дауылдат,
Өрісін құлат,
Баласын жылат,
Тай терісін қалтырат.
Науа-астауын жалтырат.
Мысал сұрақтар
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Жел бар ма?
- Жел қай жақтан соғып тұр?
- Жылы жел ме, әлде салқын жел ме?
- Желдің пайдасы бар ма?


Аязға бақылау
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін бекіту. Табиғат құбылыстарын бақылай білуге баулу. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Шашқандай түнде күміс,
Аспан, жер екі арасы,
Сияқты бұл көрініс,
Аяздың шекарасы.
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа-райы қандай?
- Аяз терезелерге не салып қояды?
- Аяз екенін қайдан білдіңдер?


Қысқы табиғатқа бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Қысқы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге тәрбиелеу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Қыста қандай ойындармен ойнайсыңдар?
- Қыста даланың түсі қандай болады?
- Қыста ауа -райы қандай болады?



Ағып жатқан суға бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Сұрақ -жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Алақай -ау, алақай
Көктем келді балақай
Құстар келіп ән салып
Жылғалардан су ақты
Мысал сұрақтар
-Балалар қазір қай жыл мезгілі?
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Қар еріп неге айналды?
-Жылғалардан нелер ағып жатыр?

Көктемгі табиғатқа бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Көктемгі табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Жайраңдасып кәрі жас
Құстар келе бастады
Қыс киген ақ шапанды
Көктем сөгіп тастады.
Мысал сұрақтар
-Бүгін ауа-райы қандай?
-Көктем сендерге несімен ұнайды?

-Көктемде қандай өзгерістер болады?





Көктемгі еріп жатқан суға бақылау
Мақсаты: Балалардың қар туралы білімдерін тиянақтау. Қоршаған ортаға деген Қамқорлық сезімін ояту.
Көркем сөз
Аппақ-аппақ қарымыз,
Кірлене олар бастады.
Күндіз-түні ол еріп
Жоғала олар бастады.
Мысал сұрақтар
-Далада қандай өзгерістер болып жатыр?
-Неге көктемде қар ери бастайды?
-Қазір жерде жатқан қардың түсі қандай?



Табиғатқа бақылау
Мақсаты: Балалардың айналадағы табиғатты бақылай білуге баулу. Сұрақ -жауап арқылы, ой -өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Күннің көзі алтын түске боялып
Бар тіршілік кетіпті ғой оянып
Тиін өрлеп, торғай қонып ағашқа
Балалардың жетпейтіндей бойы анық
Мысал сұрақтар
- Бүгін ауа -райы қандай?
- Қазір қай ай?
- Айналамызда қандай өзгерістерді көріп тұрсыңдар?



Қысқы ауаны бақылау
Мақсаты: Балаларға қыс туралы түсінік беру, қыстың өзгешелігіне, сұлулыққа сүйсінуге тәрбиелеу. Ақыл -ойын дамыту.
Қар жауып тұр, күн шығып тұр, жылы, салқын, аяз, сияқты жаңа сөздер қатарларының мазмұнын түсіндіру.
Мысал сұрақтар:
- Балалар, біз қандай киім киіп жүреміз?
- Бүгін күн қандай?
- Балалар, қар қалай жауып тұр?
- Қардың ақ ұлпалары жерге қалай қонып жатыр?
Жұмбақ
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тонады (қар)
Қолы жоқ сурет салады
Тісі жоқ, тістеп алады (аяз)
Жалт -жұлт етеді
Ұстасаң еріп кетеді (қар)





Күнге бақылау
Мақсаты: Күн туралы білімдерін бекіту, күннің көзінің шуағы не үшін керек екенін түсіндіру. Сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту.
Көркем сөз
Алақай, алақай
Күн шықты
Жер үстіне, нұр шықты
Мысал сұрақтар
- Күннің көзі бізге не береді?
- Күннің түсі қандай?
- Егер күннің көзі шықпаса не болады?
- Күннің көзінің адамға пайдасы бар ма?
- Күннің пішіні қандай?

Аспанға бақылау
Мақсаты: Балалардың аспан туралы түсініктерін молайту. Сұрақ -жауап арқылы сөздік қорларын молайту.
Көркем сөз
Аспан, аспан арайлым
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шамалап
Мен ғарышкер боламын
Мысал сұрақтар
- Бүгін аспан қандай?
- Аспанда бұлт болса не болады?
- Аспанда қандай көлік түрлері ұшады?




Жаңбырға бақылау
Мақсаты: Балалардың жаңбыр туралы білімдерін бекіту, сұрақ -жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Жер көгерсін, көк өссін
Жау, жау, жаңбыр
Жау жаңбыр
Мысал сұрақтар
- Бүгін ауа -райы қандай?
- Далада не жауып тұр?
- Жаңбыр қайдан жауады?

Жазғы табиғатқа бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру. Жазғы табиғат әсемдігінен ләззат ала білуге баулу. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Балақай, алақай
Жаз келді алақай
Жалаң аяқ жүреміз
Балақты да түреміз
Көлден балық сүземіз
Мысал сұрақтар

- Жазда табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Құрт -құмырсқалар не істеп жүр?
- Жаз сендерге несімен ұнайды?



Гүлге бақылау
Мақсаты: Балалардың гүлдер туралы білімдерін бекіту. Гүлдерді ажырата білуге үйрету. Тірі табиғатқа деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Көркем сөз
Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір -бірден
Аналарға сыйлаймыз
Мысал сұрақтар
- Балалар алаңда не өсіп тұр?
- Гүлдерді жұлуға бола ма?
- Гүл неге керек?


Құмырсқаға бақылау
Мақсаты: Балалардың құмырсқа туралы білімдерін кеңейту.Сұрақ қоя отырып ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Құмырсқа ерекше жәндік екенін балаларға айту.
Жұмбақ
Алға, артқа қарай жүреді
Еңбек сүйгіш
Оны бәрі біледі (құмырсқа)
Мысал сұрақта
- Біз нені көріп тұрмыз?
- Ол неге жүгіріп жүр?
- Ол илеуіне не тасып жүр?
- Ол не үшін керек?
- Құмырсқа қыста бола ма?
- Құмырсқаның илеуін бұзуға бола ма?



Көбелекке бақылау
Мақсаты: Көбелек туралы білімдерін бекіту. Сөздік қорларын молайту. Тірі табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көркем сөз
Көк шалғында Төребек,
Қуып жүрді көбелек,
Қызыл-жасыл қанаты,
Қызғалдақтай керемет.
Мысал сұрақтар
- Көбелек қандай жәндік?
- Түр-түсі қандай?
- Көбелек қайда қонады?




Мысыққа бақылау
Мақсаты: Балалардың мысық туралы білімдерін бекіту. Жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту.
Көркем сөз
Пеш қасында мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр,
Тышқан етін жегісі келіп
Тісі оның қышып отыр.
Мысал сұрақтар
- Балалар мысық қандай жануар?
- Мысық неден қорқады?
- Мысық немен қоректенеді?
- Мысық қалай жуынады?
- Ол қандай жабайы аңға ұқсайды?



Итке бақылау
Мақсаты: Балалардың ит туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорларын, ой-өрістерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ
Адамға серік,
Күзетте берік. (ит)
Мысал сұрақтар
- Ит қандай жануар?
- Иттен қандай жануар қорқады?
- Иттің адамға пайдасы бар ма?



Шыбынға бақылау
Мақсаты: Балаларға шыбын туралы білім беру. Сұрақ-жауап қоя отырып сөздік қорларын молайту.
Жұмбақ
Ызыңдап ән салады,
Лас жерге қонады. (шыбын)
Мысал сұрақтар
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Далада не ұшып жүр?
- Шыбын қандай жәндік?
- Ол қандай жерлерге қонады?


Араға бақылау
Мақсаты: Балалардың ара туралы білімдерін бекіту. Сұрақ-жауап арқылы сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
Жұмбақ
Ұшады, қонады
Гүлдерді бағады.
Түр-түсі сары-ала
Бұл не? (ара)
Мысал сұрақтар
- Далада не ұшып жүр?
- Оның түр-түсі қандай?
- Ара немен қоректенеді?
- Араның тұмсығы қандай?
- Араның адамға пайдасы бар ма?


Инелікке бақылау
Мақсаты: Балалардың инелік туралы білімдерін бекіту. Жәндіктерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сөздік қорларын молайту.
Жұмбақ
Өзі төрт қанатты
Және алты аяқты.
Сонда да тік ұшақ
Моделі секілді. (инелік)
Мысал сұрақтар
- Балалар инелік қандай жәндік?
- Оның неше қанаты, неше аяғы бар?
- Инелік неге ұқсайды?
- Инелік қайда өмір сүреді?

«Бұлттарды бақылау»
Мақсаты: Өлі табиғат құбылыстары туралы білімдерін тиянақтау, табиғатты бақылауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Бақылау барысы: Көркем сөз. «Бұлт» Ө. Ақыпбекұлы
Бұлттың қайда тұрағы
Біле алмадым мұны әлі
Білерім көк аспанның
Бұлт - көшпелі бұлағы
Тәрбиеші сұрақтары

- Бұлттардың түсі қандай болады?
- Бұлттар неден тұрады? (сан жетпейтін су тамшыларынан немесе мұз түйіршіктерінен)

- Бұлттар неліктен аспанда жүреді? (оларды жел қуады)
- Бұлттардың қандай түрлерін білесіңдер? (түйдек бұлттар, шарбы бұлттар, қаЗерттеу жұмысы:








Арайлы алтын күз

  • 0

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар, құрметті қонақтар! Балалар ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. «Дельфиндер» тобы «Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.
Қызыл, сары, алтын көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады жадырап

(Музыка ойналады, Залға билеп Күз ханшайымы кіреді).

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, сүйкімді балалар. Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім.
Қане, осы жапырақтармен би билейміз.


Би: «Жапырақтар биі».


-Жарайсыңдар балалар!Өте жақсы биледіңдер.Ендеше мен сендерге өзіммен ойын ала келдім.Ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: «Жапырақтар жинау».
Ойын шарты:Күз ханшайымы түрлі-түсті күзгі жапырақтарды жерге шашады,балалар жапырақтарды тез жылдам жинауы керек.

Тәрбиеші:-Күз ханшайымы,көрдіңбе біздің балалар қандай епті,ақылды,шапшаң қимылдайды.Балалардың саған арнаған тақпақтары бар,қабыл ал.
1. Даяна
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.


2. Інжу:
Ой балалар балалар,
Қоңырқай күз келді,
Гүл жапырағы солыпты,
Ел егінін орыпты.


3. Іңкәр:
Жаздай күткен бәріміз,
Сары алтындай сары күз,
Алтын ұя бақшада,
Ойын бастар шағымыз.


4. Карина:
Сарғайды тоғай,
Сап сары маңай,
Соңғы әнін айтып


Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар,өте көп тақпақ біледі екенсіңдер.Ал қане бәріміз ән салайық.


Ән: «Күз жомарт».

/залға қоян кіреді/


Қоян:
-Балалар,сәлеметсіңдерме, қыс мезгілі жақындап қалды.Ал мен әлі қыстық азығымды жинай алмадым, маған сәбіз жинауға көмектесесіңдер ме?

Балалар:

-Ия,көмектесеміз


Ойын:
«Кім шапшаң».
Ойын шарты: Балалар себетке жерде жатқан сәбіздерді жинайды.

Қоян:
-Рахмет! Балалар маған қысқы тамағымды мол жинап бердіңдер,сендер болмағанда мен қыста аш қалатын едім,сендерге көп-көп рақмет.Енді жинаған асымда өзімнің қоймама апарайын.Сау болыңдар, балалар.


Күз ханшайымы:
-Балалар,сендердің өнерлеріңдңі көріп тәнті болдым.Сендерге үлкен рақмет.Енді өзіммен бірге ала келген сыйымды қабыл алыңдар.

(Күз ханшайымы себетке толы жемістерді балаларға тарту етеді)


Балалар: Рахмет.


Тәрбиеші:
-Балалар Күз ханшайымының сыйлығына ризасыңдар ма?
Сонымен бүлдіршіндер күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Енді топқа барып Күз ханшайымының сыйлығын бөлісіп алайық.






































2-ші кіші топтарына арналган Шаттық шеңбер Алтын күз тақпақтары



© 2010-2022