Біздің отбасы спорттық сайыс

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біздіңотбасы» отбасылық сайыс.

Тақырыбы: «Біздің отбасы» отбасылық сайыс.

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайту, белсенділігін, ептілігін, шапшаңдығын арттыру.

Балалар мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып

спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

Шынықсаң шымыр боласың

Сауығып айдай толасың,

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың!

Жеңімпаз болу оңайма?

Арман болған талайға

Болмасаңда ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.

ІІ Негізгі бөлім.

Құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер бүгінгі 15 мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мереке қарсаңында ұйымдастырылып отырған
«толағай» сайысына хош келдіңіздер! Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиялық жолдауында біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін «Толағай» отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз.

Жарысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.

Әр таңды бақытпен атырамыз,

Өнерлі ой көгінде бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға,

Отбасын шақырамыз.

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық.

Сайысымызға

  1. Жалын» тобы

  2. «Қыранк» тобы

  3. «Ынтымақ» тобы

  4. «Достық» тобы қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы топтарымызды ортаға шақырамыз.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.

Сайысымызды бастаймыз!

Ойын мынадай шарттардан тұрады:

  1. Таныстыру

  2. Кенгуру.

  3. Шар жару

  4. Картоп жинау

Сайысқа қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып,

1-ойынымыз: «Таныстыру» үй тапсырмасы.Шарты:топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру 3 - 5 минут, өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету.

.

2-ойын: «Кенгуру». Ойынымызды жалғастырамыз, келесі турымыз үлкен батут доптың үстіне отырып секіру арқылы ойын залының арғы бұрышына жетіп қайта оралу. Бұнда алдымен екі топ, келесі екі топ, сосын жеңген топтар бір - бірімен жарысады.

3-ойын: «Шар жару». Ортада төрт топқа түс бойынша шарлар жатыр. Сол шарларды жару. Қай топ шарды көп жарады. Сол топ жеңіске жетеді.

4-ойын: «Картоп жинау» Кедергілерден өтіп картоп жинау. Қорытынды бөлім: Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену , жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Бұл сайыстан ренжімей

Тараса бізге жарады -

демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда -

демекші Құрметті қонақтар, келгендеріңізге көп-көп рамет!


© 2010-2022