Сценарий Алтын күз, алтын күз күтеміз сені біз!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



«Алтын күз, алтын күз күтеміз сені біз!»Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!

(Ересек топ)Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!

Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!

Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!

Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!

Сценарий Алтын күз,алтын күз күтеміз сені біз!



«Алтын күз, күтеміз сені біз!»

(ересек тобы)

Залдың іші мерекелік салтанатқа байланысты әр түрлі жапырақтармен, шарлармен безендірілген.

Жүргізуші: Қуантып біздерді ,

мерекелі күз келді.

Кел жемісті Алтын күз

Шақырады халқымыз! - деп құрметті ата- аналар, әріптестер сіздерді «Алтын күз, алтын күз күтеміз сені біз! » атты мерекемізге қош келіпсіздер дей келе, ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

«Күз әуені» биін қабыл алып, қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Айтыңдаршы бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Балалар: Күзде болады!

Жүргізуші:Әрине балалар, күзде болады. Күзге арналған мерекемізді

бастаймыз .

Темірлан: Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз

Агиля Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей

Азат Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық

Шуылдайды тал-терек

Жапырағын жұлғызып

Аңсар Құс керуені жүр көкте

Қайда барып тоқтайды

Ағаш біткен дірілдеп,

Жапырағын жоқтайды


Арнұр Жеміс-жидек пісіп жатыр

Түсіп жатыр бау-бақта

Жапырақтар ұшып жатыр,

Түсіп жатыр жан-жаққа

Жүргізуші: Сап- сары бойяуды қолыңа ап,

Бейнеңді салуда оңай -ақ

Бірлікті бақыттың белгісі

Алтынмен апталған атырап деп, мына тамаша әнді қабыл алыңыздар.

«Күзгі жапырақтар»

(Балалар орындарына отырады)

Жүргізуші: Кеңсің дала, туған ана

Көйлегің кең, көк дала

Жан беретін, тән беретін

Мейірімді ана сен ғана

- деп, міне балалар күздің соңғы күндерімен қоштасып, бізге берген ырысы мен жемістеріне рахмет айтпақпыз.

Тақпақтар

Айым Қамба толы астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз

Әділ Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оны жақсы көр

Дәнін егіп қиярдың

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде

Аса қатты қуандым

Даниал Самал қозғап қалғанда

Үзіледі сары алма

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап-сары

Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі тамсана

Шадияр Сары алтындай сары күз

Қамбадағы дәніміз.

Шелек - шелек балымыз,

Ағыл - тегіл ағымыз.

Дана Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүр.

Аиша Астық,жеміс жиылды

Қамбамызға құйылды

Жасады той халқымыз

Жаса,жаса,Алтын күз!

Ерқанат Куандырып біздерді,
Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.

Жүргізуші: Балалар сендер күз туралы не білесіңдер? күзде қандай өзгерістер болады? .............

Жүргізуші: Ал, балалар күзде бақшамызда қандай көкөністер піседі айтыңдаршы?

Балалар: Асбұршақ, қызылша, қырыққабат, картоп, қияр, сәбіз,қызанақ, пияз,бұрыш.

Жүргізуші: Балалар сендер айтқандай біздің бақшамызда үлкен болып, шалқын өсіпті екен, бұл шалқанды кім егіп өсіріпті екен байқайық.

( «Шалқан» ертегісіне қатысытын балалар ортаға шыға бастайды)

«Шалқан» ертегісі

Шал: Ой, мен егіп өсірген шалқан үлкен болып өсіпті. Міне керемет!

Жүргізуші: Шал олайда да, бұлайда тартып, шалқанды суыра алмайды.

Шал: - Өй, мынауың жұлынбайды ғой!

  • Шалқаным тым үлкен болып өскен ғой тегі, мен көмекке кемпірімді шақырайын.

  • Кемпір ау, кемпір бақшаға келші!

Кемпір: Ау, не болды Шал? Неге мені шақырдың?

Шал: Маған шалқанды жұлуға көмектесші.

Кемпір: Жарайды көмектесейін.

Екеуі: 1,2,3 тарт шалқанды салып күш!

Шал: Мынау шалқан жұлынбай жатыр енді не істейміз?

Кемпір: Немеріміз, Айгүлді шақырайық, немерем кел мұнда көмектес бізге.

Жүргізуші:Немересі кемпірді, кемпір шалды, шал шалқанды тартты - әрі тартып, бері тартып, жұла алмады. Немересі күшігін шақырды.

Немересі: күшігім күшігім келші бізге көмектесші.

Күшік:ГАф - гаф, гаф ! Неге мені шақырдың? Не болды? Немересі: Бізге шалқанды жұлуға көмек берші

Күшік: Жарайды көмектесейін!

Жүргізуші: немересі кемпірді, кемпір шалды, шал шалқанды тартты. Шалқанды - әрі тартып, бері тартып, жұла алмады. (күшік жүгіріп мысықты шақырады.)

Күшік:Гаф - гаф, Мысық сен, бері кел бізге көмектес

Мысық: Мур - мур сендер менсіз ештеме бітіре алмайсыңдар, жарайды, қазір барамын.

Жүргізуші:Мысық күшікті, күшік немересін, немересі кемпірді, кемпір шалды, шал шалқанды тартып - әрі тартып, бері тартып, жұла алмады.

Жүргізуші: Мысық шаруа бітпегесін көмекке тышқанды шақырады.

Мысықтың сөзі: тышқан, тышқан сен қайдасың ?Бізге келіп көмектес!

Тышқан: Мен көмектесемін, тек сен мені жеп қоймайсың ба?

Мысық: Жоқ! Мен тек жалқау тышқандарды жеймін.

Тышқан мысықты, мысық күшікті, күшік немересін, немересі кемпірді, кемпір шалды, шал шалқанды тартып - әрі тартып, шалқанды жұлып алып шығыпты.

Барлығы: Алақай! Біз шалқанды алып шықтық ,алақай!

Жүргізуші: Балалар көрдіңдер ме? Бар күш, бірлікте! Сондықтан да бар шаруаны бірігіп орындаса күшіміз көбейіп, істелер шаруа тез бітеді екен! Жүргізуші: Ерте тұрып ақ таңнан

Қара жерге нәр құйған,

Айналайын диқаннан,

Егін егіп, нан жиған - дей келе бүгінгі мерекемізге

«Күз» әнін тарту етеміз қабыл алып, кішкентай әншілерімізді қол соғып қошеметтеп қойыңыздар.

Жүргізуші: Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат,

Алтын күзді ал, енді

Қарсы алайық жамағат!

(Осы кезде залға Күз аруы кіреді)

Күз аруы: Сәлем өрен, достарым!

Қандай әсем алтын күз.

Мереке сіз бен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қонып,

Береке бірлік пенен ортақтассын!

Жүргізуші: Алтын күз, алтын күз

Күтеміз сені біз.

Төріміз сіздікі

Келіңіз ,келіңіз!

Ал, енді күз мерекесін одан арі жалғастыра отыра , күз мерекесі жайлы тамаша тақпақтарымызды ортаға шығып айтып береміз.

Мерхат: Көкөністер бәрі де

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жатқа біліңдер

Оны жақсы көріңдер

Дәнін егіп қиярдың

Тыным таппай суардым

Түйнектерін көргенде

Аса қатты қуандым

Шолпан Үйрек, үйрек, қаздары

Шулайды көл қоғалы

Дәурен өтіп жаздағы,

Күздің желі соғады

Айдар Көктемде егін егетін,

Күзде жиын беретін,

Біздің дала - бай дала,

Алтын астық айнала

Ел егінді жинайды

Қырманға дән сыймайды

Біздің дала - бай дала,

Алтын астық айнала

Мәди Берекелі, мерекелі

Келді жомарт алтын күз

Қалада да, далада да

Жанның бәрі жарқын жүз

Санжар: Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып

Қайтқан құсты көрдің бе?

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе

Сыңсып бағың мәуелеп

Жүргізуші: Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн!

Ашық болсын кең аспан - дей отырып, мына тамаша әнді өздеріңізге тарту етеміз қабыл алыңыздар.

«Туған өлкем»

Күз аруы: Жарайсыңдар, өте жақсы! Балалар мен сендерге тапсырма беремін, бақшадағы көкөністер мен жемістер араласып кетіпті, соларды екі себетке бөліп, жинау керек, қане маған көмектесер кім бар екен?

Ойын «Көкөніс пен жемісті ажырат»

Ойынның шарты: Жердегі араласып жатқан көкөніс пен жемісті екі бала шығып, қолдарындағы себетке толтырып жинай бастайды. Себетті тез әрі қателеспей толтырса, сол бала жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Өте жақсы балалар! Күз аруы біздің балалар сіздің берген тапсырмаңызды шапшаң әрі мұқият орындап шықты деген ойдамыз.

Күз аруы: Иә балалар, атсалысып берілген тапсырманы орындадыңдар, жарайсыңдар!

Рома: Ой балалар, балалар

Ойнайық та күлейік.

Ортаға шығып біздер де

Тақпақ айтып берейік

Дильназ Қарашы күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуенін түзеді,

Көңілсіз неліктен күз енді

Бұталар боз қырау киеді,

Осы ма күз деген,

Бақшаға баратын бізбенен

Гаухар Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан

Білмеймін тоңғаны ма, тойғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан

Дамир Мейірлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ырзамыз.

Аппақ арай таңыңда,

Шомыламыз нұрға біз

Алихан Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті
Сары жібек көйлегін.

Жүргізуші: Шалықтап мерекеде шаттанайық,

Өнерпаз балаларға тамсанайық.

Мың бұралып билеген өнерпазға,

Алғыс айтып мерейлене қол соғайық.

Би: «көңілді блюз»

Күз аруы: Балалар өнерлерің өрлесін, жарайсыңдар!Балалар күн күркіреп, жаңбыр жауғысы келіп тұрғандай естисіңдерме? (фонограммадан күркіреген дауыс естіледі.)

Жүргізуші: Күз аруы біздің балалар жаңбырдан қорықпайды. Біз жаңбырды жырлаймыз!

Барлық балалар: Жаңбыр, жаңбыр жау-жау !

Өсімдіктер болсын дәу!

Ән: «Алтын күз»( жеке ән)

Күз аруы: Балалар мына тамаша әндеріңнің көңілді тамаша екен. Балалар тыңдаңдаршы осында біреу кележатқан сияқты байқайық ол кім екен!

(Осы кезде залға батпақ кіріп келеді)

Батпақ: АХА, сендер кімсіңдер? неге мында тап - таза болып отырсыңдар?

Жүргізуші: Біз мұнда күз мерекесін тойлап жатырмыз! Сен өзі кімсің?

Батпақ: Мен тазалықты ұнатпайтын, құрғақтықты жаратпайтын Батпақпын. Адам аяғына жабысып, жүремін. Сендердің киімдеріңді бүлдіремін !

Жүргізуші: Батпақ, бүгінгі күн ерекше , кел достасып бірге мерекені тойлайық!

Күз аруы: Бүгінгі мереке сенің де мерекең Батпақ!

Батпақ:Онда сендер маған ән айтып бересіңдерме?

Жүргізуші: Батпақ, біз саған әнде, биде, тақпақта айтып береміз!

Димаш Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген,
Ай жапырақ сары алтын.
Айналаның бәрі алтын.

Ерназар Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Әмір Күн мұңайып тұр бүгін

Қыс ызғары келеді,

Құс шуласа, бір-бірін

Жоғалтпасақ дегені

Жүргізуші: Ал, батпақ мүмкін сеніңде бір өнерің бар шығар, бізге көрсетер?!

Батпақ: Мен онда сендермен ойын ойнаймын!

Күз аруы: Ойын ойнаудың өзі де бір өнер, қане ойынды біз жақсы көреміз.

Ойын « Жаңбыр мен күн»

Жүргізуші: Рахмет саған Батпақ ойының бізге өте ұнады.

Батпақ: Балалар мағанда сендермен ойнаған ұнады. Мені бүгін Жаңбыр қонаққа шақырған еді, досым күтіп қалар сау болыңдар !

Күз аруы: Балалар менің сендерге әкелген тамаша бір жұмбақтарым бар, мен сендерге жұмбақтарды жасырамын сендер мұқият тыңдап, шешуін айтып бересіңдер!


  1. Қызыл ,жасыл кемелер,

Су бетінде қалқиды

Соқса егер салқын жел,

Ырғалады, толқиды

(Жапырақ)


  1. Ұзын мұртты сарылыр

Қойнында наны бар

(Бидай)


  1. Сырты бүтін,

Іші түтін (Саңырауқұлақ)

4 .Ортасында қазығы

Бұтағында азығы (Алма)

Күз аруы: Балалар жарайсыңдар сендер берілген барлық тапсырмаларды оңай орындап шықтыңдар, тамаша!

Жүргізуші: Ерке өсіп жайнаған ұл менен қыз

Бәріне сәлем жолдап жүректен біз

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп біз де тұрмыз.

Би «Күз әуені » (общий)

Күз аруы:Мен сендердің бүгінгі мерекеге атсалысып, қатысып, өнерлеріңді көрсеткендеріңе ризамын. Бүгінгі мереке барлықтарыңызға қуанышты көңіл силасын. Мына себеттегі тамаша алмаларды өздеріңе сыйлаймын.

Жүргізуші: Күздің берер жемісі,

Алуан - алуан емеспе?

Сол алуан сыйыңды,

Күтеміз біз әр күзде

- деп, Күз аруы, өзіңізге үлкен рахмет айтамыз.

Күз аруы: Балалар келесі жылы кездескенше, қош сау болыңдар!

Барлық балалар: Сау болыңыз, Күз аруы!

Жүргізуші: Осымен құрметті қонақтар «Алтын күз, алтын күз күтеміз сені біз» атты ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Біз өздеріңізбен қоштаспаймыз, тек сау болыңыздар деп, алдағы мерекелерде өздеріңізді күтетін боламыз!





© 2010-2022