Урок Дала құстары Қызғалдақ балабақша

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта


Оқу іс - әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру


Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»


Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Баланың ой - өрісін дамытып, сөздік қорын молайту. Табиғатты құрметтеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.


Көрнекіліктер: Құстардың суреті, тақта, үнтаспа. күн, үшып жүрген құстар, гүлдер.

Жылулық шеңбері:

  • Балалар келіңдер шеңберге тұрып жылулық шеңберімізді орындайық.

  • Балалар бақшаға келгенде ең бірінші сендерді кім қарсы алады?

  • Апай

  • Апайды басқа сөзбен қалай айтуға болады?

  • Тәрбиеші.

  • Дұрыс балалар мен сендер сияқты кішкентай кезімде мұғалім болуды армандайтынмын, міне бүгін сендердің алдарында тәрбиеші болып түрмын.

  • Ал балалар сендер өскенде кім болғыларын келеді.

Урок Дала құстары Қызғалдақ балабақша

  • Балалар өз армандарын айтып қолдарындағы гүлдерін тақта бетіндегі ақ қағазға жапсырады.

  • Балалар қараңдаршы біздің армандарымыздан не шықты?

  • Жүрек шықты

  • Дұрыс балалар біздің арманымызда, бір бірімізге деген сүйіспеншілігіміз де, қоршаған ортаға деген құрметіміз де барлығы осы жүрегімізден шығады екен балалар.

  • Келешекте осы армандарын орындалсын, Қазақсатанның мақтан тұтар азаматы болуларыңа тілектеспін.

Өсті ақыл санамыз

Қонақтармен ең алғаш

Амандасып аламыз

Сәлеметсіздерме апайлар.

Жарқырасын күніміз

Жайнап тұрсын гүліміз

Жақсы ниет тілекпен

Бастайық оқу іс-әрекетін біз.

Ұйымдастыру кезеңі.

Ал қане балалар орнымызға отырып оқу іс-әрекетімізді бастайық.

  • Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

  • Бір жылда 4 мезгіл бар

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қазір жылдың көктем мезгілі

  • Ендеше көктем туралы кім тақпақ айтып береді?

Арнұр :

Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен,

Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен.

  • Жарайсын Арнұр отырағой.

  • Балалар бүгін аптаның нешінші күні?

  • Қазір бізде қандай оқу іс-әрекеті

  • Қоршаған ортамен таныстыру.

  • Балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, откен тақырыпты есімізге түсірейікші.

Балалар өткен тақырыпты естеріне түсіріп айтады.

Жарайсыңдар балалар. Осы ағаш бұтақтарына нелер қонақтайды, кімдер ұясын салады?

  • Құстар

  • Дұрыс балалар, ерте көктемде ұшып келетін құстарды есімізге түсірейікші

Ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын ал сендер көктем құстарын естеріне түсіріп шешіп көріңдер.

Шарлап келіп даланы

Үйіме, үйін салады.

(Қарлығаш)

Тақылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді, зиян кесті тазалап.

(Тоқылдақ)

Балалар көңілімізді тақтадағы құстардың суретіне аударайық.

Құстар жайлы түсіндіріп өту.


  • Құстар немен қоректенеді?

  • Құрт құмырсқалармен

  • Осы құстар нені қорғайды?

  • Ағаштарды

  • Ағштар бізге не үшін керек?

  • Ағаштар таза ауа шығарады.

  • Ендеше балалар мына тақтадағы құстарды ағашқа қондырайықшы.

  • Балалар бір бірден шығып алған құс жайлы айтып ағашқа отырғызады.

Тосын сәт:

Сол сәтте Түлкі балапандарымен кіреді:

  • Сілеметсіңдерме балалар!

  • Сәлеметсізбе, түлкі.

  • Менің қарным ашып тұр еді орта жолдан бір үш балапанды ұстап алдым, жақсы болды енді қарным бір тоятын болды. Мен бұларды үйшігіме апарып жеп алайыншы.


  • Түлкі түлкі сіз бұларды қалайша алып кетесіз, сіздің салып алатын қалтаңыз жоқ қой.

  • Ой расымен мен балапанадарды жеткізгенімше қашып кетер.

  • Түлкі біз балапандарыңызды қарай тұрамыз сіз барып себетіңізді алып келіңіз.

  • Түлкі себетін алып келуге кетеді.

  • Балалар, балапандарды құтқарып, балапандарға қамқор болдық.

  • Балалар өлең жолдарын айтып балапандарға нан қоқымын тастайды.

  • Балалар келіңдер балапандар тамақтанып алғанша біз сергіту сәтімізді орындайық біраз шаршағанымызды басайық

  • Теледидардан сергіту сәті.

  • Балалар сергіту сәтін орындайды

Қорытынды

  • Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нені білдік? Не үйрендік

  • Көктем құстарының түрлерін

  • Қандай құстарды білдік атап шығайықшы?

  • Балалар атап шығады,

  • Құстар немен қоректенеді екен

  • Құрт құмырсқалармен

  • Құстарға қамкор болуымыз керек

  • Олар біздің досымыз.

Осы сәтте топ ішіне тауық кіреді: құт -құт-құт-құт сәлеметссіңдерме балалар

-балалар осы балабақша маңында менің балапандарым ойнап жүреді сол балапндарымды жоғалтып алдым, сендер көрмедіңдер ме?

Балалар көрдік сіздің балапандарыңызды түлкі ұстап алыпты, біз оларды құтқарып қалдық , міне сіздің балапандарыңыз.

  • Рахмет сендерге балалар. Менің балапанадарымды құтқарып алғандарыңа.

  • Балапандарыма мынадай ақылды балалар қамқорлық жасағандарыңа алғыс айтамын және өз сыйлығымды бергм келіп тұр.

  • Тауық сыйлықтарын береді

  • Рахмет, сау болыңыз!

  • Түлкі кіреді: Балалар меніің балапнадарым қайда?

  • Түлкі түлкі мұнаймаңыз келіңіз бізбен бірге бір билеп көңіліңізді көтеріңіз. Жодан әлі талай балапнады кезіктіресіз.

  • Балалармен би билейді

  • Балалар түлкіні балабақшамызды көрсетуге серуенге шақырады.

Урок Дала құстары Қызғалдақ балабақша


© 2010-2022