Наурыз – жыл басы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Наурыз - жыл басы


Наурыз – жыл басы.



Тәрбиеші: Жұмашева А.М.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мерзімі: 16.03. 20115ж

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту,тұсау кесу рәсімімен таныс-тыру.

Білімділік: наурыз - жыл басы, күн мен түннің теңелуі, табиғатқа қамқорлық мерекесі екені жөнінде түсінік беру;

Дамытушылық: көктем мезгілінде табиғаттың жаңаратынын мысалдар келтіру арқылы түсіндіру;

Тәрбиелік: балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Әдіс- тәсілі: әңгімелеу, сергіту сәт , ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілік: Наурыз мерекесіне арналған әртүрлі суреттер, хрестоматия

Қостілдік : көктем-весна, наурыз-март, мереке-праздник,жаңа күн-новый день

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық -қозғаушылық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырасын даламыз,

Жайнай берсін қаламыз.

Балалар өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастыру -іздестіру

Сұрақ-жауап

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Аттарын атаңдаршы.

-Наурыз айында қандай мерекелер болады?

-Балалар, дұрыс айтасыңдар.

-Қазір біз 22-Наурыз мерекесі туралы танысып білеміз.

-Наурыз парсы тілінде «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Ол шығыс халықтарының ортақ мейрамы, ұлыстың ұлы күні деп аталады. Ә.Табылдының «Наурыз тойы» өлеңін оқу.

Күн менен түн теңелді:

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді.

Наурыз тойы салтымыз:

«Көгерсін!» - деп, халқымыз

Көшеге, аулаға тал егеді.

Балаларға жылдың басы наурыз болып саналатынын, бұл кезде күн мен түннің теңелетінін, наурыз көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянатынын әңгімелеп беру.

Сергіту сәті:

Көтеріліп шаңырақ,

Уықтары шаншылар.

Керегелер керіліп,

Өрімдей боп өрілер.

Бәріміз жүрсек айналып,

Киіз үй болып көрінер.

Наурызда адамдар бір-біріне деген өкпесін ұмытып достасуға ұмтылады. Қазіргі кездегі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде қоршаған ортаны көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі, аулалар мен көшелерді тазалайды және оны дәстүрлі іске айналдырған. Сондай-ақ бүгінгі таңда наурыз мерекесін «Экологиялық мереке» деп атап жүр.

-Балалар,бүгін бізге қонаққа Арайдың әжесі Тамара апамыз келіп отыр.Қане апамызбен амандасып қояйық.

-Әже,сіз бізге құр қол келмеген шығарсыз,қазағымыздың бір салт-дәстүрін көрсететін шығарсыз.

-Әрине мен балаларыма бүгін «Тұсау кесу» рәсімін көрсеткелі отырмын.

Наурыз – жыл басы.

Әже «Тұсау кесу» рәсімін көрсетіп шашу шашады.

Тәрбиеші әжеге бата беруін сұрайды.

Наурыз – жыл басы.

Әже бата беріп сабақ аяқталады.

-Көктем мезгілі.

-Үш ай бар.

-Наурыз,сәуір, мамыр.

-8 -Наурыз аналар,22 -Наурыз мерекесі.



Балалар өлеңді зейін қоя тыңдайды, түсінеді, көктем мерекесін сезінеді, қуанады.

Наурыз мерекесінің мағынасын ұсынады.


Өлең жолдарын қайталап, қимылдар жасайды.


Табиғатқа қамқор болу үшін ағаш егу керектігін түсінеді. Көшеде қоқыс тастамау керектігін ұғады.

-Саламатсыз ба?

Балалар әжені зейін қойып тындап,рахмет айтады.

Әжеге арнап наурыз, салт-дәстүр туралы өлеңдерін,тақпақтароын айтады.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау:

Оқу іс-әрекеті барысында балаларды осы дәстүрлі істерді жалғастыруға, еңбек етуге, табиғатқа қамқор болуға жетелеу.

Табиғатқа, туған өлкеге қамқор болуға, келіседі. Қуанады.

Күтілетін нәтиже: наурыздың көктем мерекесі екенін, наурызда бүкіл табиғат оянып, тазалық жұмыстары жүргізілетінін ұғынады.

Нені біледі: наурыз жыл басы екенін білу; «Тұсау кесу» рәсімін

Игереді: күн менен түн теңелуін түсіну;

Меңгереді: наурызда ағаштар, көшеттер егіп, ауланы көгалдандыруға үлес қосады.

Тәрбиеші: А.М. Жұмашева

Әдікер:



© 2010-2022