Сауат ашу және жазу А а дыбысы және әріпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

« » ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

«_______» _________________

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу және жазу».

Тақырыбы: А дыбысы және әріпі

Мақсаты: Өткен сабақты еске түсіріп А дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту. Байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

Билингваль құрауыш: Ағаш-дерево- , аға-брат- , ана-мама

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Амандасу үлкенге-тәрбиенің басы ғой,

Ал, канекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге,

Сәлеметсіздерме, апайлар

Балалар шаттық шеңберді орындайды

Іздену ұйымдастырушы

Амандасу

ә) Шеңберге тұрғызып бір- біріне жақсы тілектер айтқызу

б) «Аурухана», «Асхана» ойынын ойнату.

Балалар, екі топқа бөлініп «Аурухана», «Асхана» ойынын ойнайық!

- Қане, кім аспаз болады?

- Кел, Арман сен бүгін аспаз боласың.

- Сен біздерге қандай тағамдар дайындайсың?

Сауат ашу және жазу А а дыбысы және әріпі

Аспаз

Тәрбиеші:

«Ас- адамның арқауы »

Үнемі мезгілімен дұрыс тамақтанған жөн.

Ал енді екінші топтағы балалар қалай ойнап жатыр екен .

Балалар, ауруға ем іздегенше ауырмаудың жолын іздеу керек.

Таза ауада көп демалып, жаяу жүрген денсаулыққа өте пайдалы.

в) Балалар, енді жұмбақ шешейік:

Күн нұрын шашқан асқардан

Алатау алып тас қорған,

Астана аты-Алматы,

Қай әріптен басталған?

Тәрбиеші: Біз бүгін қай дыбыспен танысамыз?

.

«А» дыбысы дауысты дыбыс па,әлде дауыссыз дыбыс па?

Әрине дауысты.

Балалар, «А» - дыбысын дыбыстағанда ауа еркін шығады .

Мына сөздерді буынға бөліп қайталайық:

Сауат ашу және жазу А а дыбысы және әріпіСауат ашу және жазу А а дыбысы және әріпі

ал-ма; ас-паз

Сауат ашу және жазу А а дыбысы және әріпі

ал-мұрт;

А-на; ас-ха-на А-та;

А-па ;

(дыбыс мүшелерінің дұрыс дыбысталуын қадағалау).

г) «Ас-та-на » сөзіндегі (а) дыбысын дұрыс айтқызу .

Астана сөзінің басында, ортасында, соңында қандай дыбыс естіледі ?

Сендер «а» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?

ғ) «Ата» сөзіне дыбыстық талдау жасату

- Неше дыбыстан ,неше әрптен тұрады?

- Ата сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар?

- Балалар әріп дегеніміз не ?

- Әріп деген не десең, ол дыбыстың таңбасы.

д) Жаңылтпашты қайталау

- Ақ лақ аппақ па,

Ала лақ аппақ па?

- Ала лақ аппақ емес,

Ақ лақ аппақ.

е) Сергіту сәті «Аюлар»

ж) Тіл жаттықтыру

Аппақ, аппақ бәрі аппақ,

Ақ қар аппақ, бор аппақ

Ақ бұлт, қырау, мақта аппақ

Ақ сүт, айран, қант та аппақ.

Е .Өтетілеуұлы

з)Дыбыс артикуляциясы

(ерін, тіс, тілдің осы дыбысты дыбыстағандағы жағдайы қандай, ауа еркін шығады, дауысты дыбыс).

Ойын: «Дыбысты анықта »

Ойын ережесі: аталған сөздерде «А» дыбысы естілген кезде қол шапалақтау арқылы анықтау.

Ата, ана, аға, әке, шеше

Алма, алмұрт, шие,өрік

Аю, арыстан, піл жолбарыс

Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды

и) Қ.Мырзалиевтың «Ата»

өлеңін балалармен жаттау

- Ата, зейін салдың ба ?

Бас әріптің алдында

Неліктен «А» тұрады ?-

Деп бір күні сұрадым.

Атам менің сауатты

Былай берді жауапты .

- Ата

- Ана

- Ақыл

- Ар

- Адам

«А»дан басталар

Содан шығар құрбаным

«А»-ның алда тұрғаны

«А а» әріпінің таңбасымен таныстыру .

Алма, аспазшы, ата суреттері бейнеленген суреттер

. Шеңберге тұрып, алақандарын соғып, бір- біріне тілектерін айтады.

- Мен (аспаз киімін киеді )

- Мен сіздерге алма қосылған тәтті нан пісіремін, алмұрт шырынын дайындаймын.

Аспаз: Балалар астан дәм татыңыз! «Ас дәмді болсын!»

Біздер «Аурухана» ойынын ойнап жатырмыз. Мен дәрігермін (дәрігердің киімін киеді). Әлі кішкентай болғанмен өскенде кәрі атамды емдеймін.


«А» дыбысынан

«А» дыбысымен танысамыз


. «А» әріпінен



«А» әріпінен

Ағаш, аю, арыстан, аққала, аяз-ата, ай, арба т.б.


Үш дыбыстан, үш әріптен тұрады.

Екі дауысты, бір дауыссыз

Балалар жаңылтпашты бірнеше рет қайталады.

Сергіту жаттығуын қайталап, қимылдарын қайталады.

Тілдерін жаттықтырды.




Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды, «а» дыбысы бар сөздерді естігенде, қолдарын қуана шапалақтайды.

Өлеңді тәрбиешімен бірге бірнеше рет қайталап, жаттайды.

Дыбыс таңбасын таяқшалардан құрастырады.

Рефлексивтік коррекциялау

«Алашаны өрнектейік» (жапсыру )

- Балалар, енді анамызға арнап алашаны өрнектейік . Өздеріңізге ұнаған ою-өрнектерді таңдап алуға болады.

Тәрбиеші балалардың жұмысын бағалайды әдемі безендірілген алашаны таңдап, балаларға көрсетеді .

Жарайсыңдар, өте әдемі алаша жасапсыңдар, оюлары да әдемі.

Енді әжеміздің беріп жіберген бауырсағынан дәм татайық.

Балалар түрлі-түсті өрнектермен алашаны өрнектейді.

Бір-бірінің жұмыстарын салыстырады, мадақтайды.

Бауырсақтан дәм татып, әжеге рахмет айтады.

Күтілетін нәтиже:

Балалардың білуі: «А» дыбысын дұрыс дыбыстайды, таңбасын таниды.

Балалардың меңгеруі: жаңа тақпақтарды, жаңылтпашты, жұмбақты, тіл жаттықтыру жұмысын меңгерді.

Балалардың жасай алуы: өз бетімен қойылған сұрақтарға жауап беріп,өз түсінгенін айта алады


© 2010-2022