6 саны ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Бекітемін: Уақыты: 04.11.2015 Тобы: «Балбөбек»

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі. Математика.

Тақырыбы: 6 саны.

Мақсаты: 6 саны және цифрымен таныстыру, өзінен кем екі кіші саннан тұратын сандармен таныстыру.Натурал сандар қатары арасындағы қатынасты түсінуге үйрету.

Құралдар:әліппе-дәптері, сандар, суреттер.

Билингвалдық компонент: алты-шесть,санаймыз-считаем

Оқу іс-әрекетінің түрлері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті,міне, бойларың.

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бәрі бірге айтып, сәлемдеседі.

Іздену ұйымдастырушы

1, 2, 3
Балабақша іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Бүгін біз пойызбен «Сандар әлеміне» саяхатқа барамыз.
(қызықты тапсырмалар орындап, түрлі ойындар ойнаймыз).
Пойызбен бару үшін не керек?
Билет алу керек.
Билет алу үшін мұғалім көрсеткен сандарды атап «вагондарға» отырамыз.
Мақсат қою.
- 5 санынан кейін қандай сан? (6)
Бүгін сабақта қандай санды үйренеміз?

Балаларды тура және кері санату.

Д \о «Көршілерін ата»

Балалардың зейінін бақылау.

Қойылған сандардың көршілерін атайды.

Балалар осы уақытқа дейін математикадан не үйрен - генімізді қайталай отырып, жаңа сабағымызды бастаймыз.
Мен балалар сендерге жұмбақ жасырамын.


Жұмбақ
1. Алғашқысы суытады өлкені,
Екіншісі жылытады жер бетін,
Үшіншісі көк теңізге бар дейді
Төртіншісі ұсынады бар дәмін.
Жылдың 4 мезгілі: Қыс, көктем, жаз, күз
№1.

-Әр топтағы заттарды бір сөзбен ата.

6 дан берілген заттарды боя.

Суретте не бейнеленген?

-Әртүрлі ыдыстың неше суроеті бар?

-Олар барлығы неше?

№2. 3 және 6 сандарының құрамын анықтау.

Фигураларды санау.

-Қандай сандардан құрастыруға болатынын ата?

№3.Жапсырмалау.

-Қандай жемістер бейнеленген?

-Барлығы неше жидек?

-Барлығы неше көкөніс?

-Барлығы неше жеміс?

Сергіту сәті

Оң қолымда 5 саусақ,

Сол қолымда 5 саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты 10 саусақ.

№4.

Үзік сызықтарды түсір және бастыр.

6 санын жазып шығу.

Партада, ауада, содан кейін дәптерге.

Балалар тура және кері санап шығады.

Ойынға қызығушылықпен қатысады.



Заттарды бояйды.

6 саны


Сұрақтарға жауап береді

Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.









Сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

6 санын жазады, бояйды.


Рефлексивті коррекциялаушы

Балалардың дәптерлерін тексеру.

Дұрыс,таза орындаған жұмыстарды мадақтау.

Балалар дәптерлерін тапсырады.

Күтілетін нәтиже: Нені білді: Балалар 6 саны және цифрымен танысады.

Қандай түсініктерді игерді: Натурал сандар арасындағы қатынасты түсінеді.

Меңгерген дағдылар мен іскерліктері :6 санның құрамын анықтайды.



© 2010-2022