Ы дыбысы және әрпі сауат ашу және жазу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САУАТ АШУ ЖӘНЕ ЖАЗУ

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімдер: Сауат ашу

Тақырыбы: Ы дыбысы және әрпі

Мақсаты:

Білімділік: Ы дыбысы және ірпімен таныстыру. Сөз, сөйлем, буын туралы түсінігін кеңейту. Ы әрпінің баспа түрін жазуды үйрету. Ы дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету.

Дамытылушылық: Балалардың сөздік қорын молайту. Ойлау қабілетін, зейінін, қол моторикасын дамыту. Балалардың қолдарын жаттықтыру.

Тәрбиелік: Балаларды сыпайылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, ойын

Жаңа сөздер: ыдыс, ырыс

Қолданатын көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер қалтасы, текшелер, әліппе-дәптер, Сауат ашу «дидактикалық материалдар».

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,

түрткі болу



Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу








Ұйымдастыру

Ән ұран айту

-Балалар, біз қазір «Кім білгіш?» ойынын ойнаймыз. Ол ойынды ойнай отырып өткен дыбыстарды еске түсіреміз.

-Өткен дыбыстарды айтып шығайық. Дауысты дыбыстар болса, онда қимыл жасаймыз.

Ы әрпіне байланысты бетіндегі суретті көрсетіп, балалардан сұрау:

-Мына зат қалай аталады?

- Осылардың бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?

-Дұрыс. Ыдыстар деп айтамыз.

-Ыдыстар деген сөз қандай дыбыс естиміз?

Ы дыбысының әріп таңбасымен таныстыру

Ы дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету.

-Ы дыбысы қалай айтылады?

-Жуан айтылады екен. Демек, Ы -дауысты, жуан дыбыс.

Енді текшелермен «Ыдыс сөзіне дыбыстық талдау жасайық.

Сергіту жаттығулары

«Әліппе-дәптердің» Ы дыбысына байланысты бетіндегі буындар, сөздер, сөйлемдермен жұмыс.

Қол жаттықтыру жұмысы. «Балапан» дәптерімен жұмыс. Ы әрпін тақтаға жазып көрсету.

Буындарды оқу.

Дидактикалық ойын «Кім тапқыр?»

Сабақты қорыту

А, ш, с, л, у, о, р, н, ә, т, й, м, і

Ыдыстар

Ы дыбысын естиміз.

Рефлексия- түзету жұмыстары (коррекция)

Сұрақ-жауап.

Балалар Ы қандай дыбыс?

Ы дыбысы сөздің барлық жерлерінде кездеседі ме?

Ы - жуан дауысты дыбыс.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: балалар «Ы» дыбысынан басталатын сөздерді біледі.

Түсінігі : Балалардың Ы дыбысы кездесетін сөздер жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: суреттер арқылы сөйлем құрауды, Ы дыбысыңың дауысты дыбыс екенін, Ы дыбысы бар сөздерді буынға бөлуді орындай алады.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.



© 2010-2022