Утренник Жыл басы - Наурыз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жыл басы -Наурыз!

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: ұлттық кесте, төр көрпелер, сандық, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар, аспаптар, «Қазақтың ою - өрнектері» қол өнер көрмесі.


Барысы:
Мейрам өтетін жер салт -дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.


Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын! Ақ мол болсын!

Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!


( Наурыз қыз ән әуеніне ортаға келеді)

Тәрбиеші: Наурызым, құт әкеліпсін елімізге

Береке, ырыс кірсін жерімізге

«Қой» жылын қуанышпен шығарып сап,

Бақыт боп «Мешін» кірсін елімізге.

Жаңа жыл елімізді жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарықпасын.

Ата - әже келгенде қуанғандай,

Немелері, сендерді қуаныштан арытпасын.

Наурыз қыз: Жасай бер жаңа күн!

Келе берсін жаңа күн.

Дүр сілкінсін дала бір.

Құтты болсын Жаңа жыл!

Вероника:

Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!

Евгении:

Наурыз -это праздник равноденствия,

А еще плюс и приветствия!

В это день не обижай,

А с улыбкой приглашай

Всех людей и всех детей.

Ақмаржан :

Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!

Фариза:

Құтты болсын айтайын

Наурыз тойға халқым-ай.

Шықтық біздер жырлауға

Қазағымның салтын-ай.

Асылхан:

Көктем келді, Наурыз келді,

Жер көгерді, ел көгерді.

Дастарханың жайып дархан,

Жақсылық пен бақыт шашқан.

Айша: Ал, балалар, келіндер

Той қызығын көріндер.

Наурыз тойға бас иіп

Күнге сәлем беріндер.

Елназар:

Қарды ертітіп жылғасы

Наурыз келді жыл басы.

Шуақ төкті жарық күн,

Мейрамында халықтың.

Ән: «Алақай Наурыз!»

Тәрбиеші:Ұлыс күні кәрі - жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағатқан қозыдай

Жамырасып өріскен

Ұлы күні қар еріп

Сай салалар гүрілдеп

Көк шөбі шығып желкілдеп

Дүние біткен күлімдеп

Ұлыс күні кәрі жас

Құшақтасып көріскен.

(Ортаға екі бала шығады.)

Дидар: Ассалаумағалейкум,

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Рамазан: Уағалейкумсалам

Ұлыс оң болсын,

Пәле-жала жерге енсін!

Екі бала төс қағыстырып, аман-саулығын сұрасады.

Ән «Көктем келді»

Аружан:Қыс өтіп қар кетіп

Шырайлы жаз кетіп

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз!

Ернар:Жайдарымыз бәріміз,

Дастарханда дәміміз

Көжесі көп, қыры көк

Қандай жақсы Наурыз.

Жанель:Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдемі

Наурыз көже пісірді

Дильнур: Бидай, күріш, тары бар.

Бар сүт. ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже - елдің ырзығы.

Рамазан: Ата-бабам дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

Айтыс десе тіл қышып

Қыздарды іздей бастаймыз.

Дидар:Міне осылай жаңа жыл

Тойланады халықта

Шақырайық қыздарды,

Би билесін қалықтап.

Би «Қамажай»

«Атқа отырғызу» салт-дәстүрін көрсету

Ерте кезде қазақтар көшпелі өмір сүріп, мал бағатын болған. Сондықтан да балалары да үй жануарларын жақсы күте білген. Ер бала 5-6 жасқа келгенде, оны алғаш рет атқа отырғызып, жігіт деп есептеген. Осыдан бастап , бала атқа мініп , қозы, бұзау сияқты төлдерді өздері бағатын болған. Мереке күні оған қамшы, садақ сыйлап, «азамат» деп атандырған.

Ата: Сен, Жолдыбай ұлы Елназар, азаматсын.

(Елназар шеңберде ойыншық атпен шауып айналып шығады)

Біздің де балалар 5-6 жаста, оларды жігіт деп атауға болады.

Қане, жігіттер, біртіндеп ортаға шыға қойындар, сендерге қамшы сыйлап, бата берейік.

Ата бата береді: Азамат боп ержетіндер,

Ақылды боп ержетіндер.

Азамат болындар көрікті,

Ғұмырың болсын берікті.

Азамат болындар ардақты

Мінездерін болсын салмақты.

Өнер болындар жан -жақты

Осы айтқанның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Ұлттық ойын «Арқан тарту»

Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.

© 2010-2022