Открытое занятие в КПП с гос. языком обучения по рисованию на тему Ағаштар патшалығы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық тобының ұйымдасқан оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Тақырыбы: «Ағаштар патшалығы»

Бөлімі: Бейнелеу өнері

Мақсаты: балаларды пейзаж жанрымен таныстыруды жалғастыру;
әр түрлі ағаштарды бейнелеуге үйрету;

Ағаштардың әр түрлілігіне және әсемдігіне көңіл аударту;

Бейнені қағаз бетіне әдемі орналастыруға үйрету;

Көркемдік қабілеттерін дамыту.

Көрнекі құралдар:ақ қағаз, субояқ, қылқалам, сүрткіш

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балаларға қандай сабақ болатының айту.

Сабаққа дайындалады. Керек құрал -жабдықтарын алады.

Ұйымдастырушылық ізденіс



Жұмыс барысы:

Балаларды шеңбер бойына жинап, қыс мезгілінде табиғатта болатын өзгешеліктер жайлы әңгімелесемін. Қысқы пейзаж көріністері бейнеленген суреттерді көрсетіп, балалардың назарларын ағаштардың түрлеріне, олардың құрылысына аударамын. Ағашатардың патшасы - емен. Ол құдыретті әрі күшті. Патшайымы - қарағай. Қарағай биік және әдемі. Ал, ақ қайың талдырмаш, сонымен бірге, нәзік.

Балаларға бейнелеу құралдарын қолдану ережелерін еске түсіруді ұсынамын.

  • Ағаштардың сұлбасын қағаздың көлеміне сәікес орналасытарады (кішкентай да, үлкен де болмауы тиіс)

  • Олардың кеңістікте дұрыс орналасуына көңіл бөлінеді (алыс-жақын, жоғары-төмен)

  • Қыс табиғатына тән түстерді таңдап, бояйды.

Балалар шеңберге отырады.

Қыс мезгілі жайында әңгімелеседі.

Балалар көздерін жұмып, «Ағаштар патшалығын» елестетеді.


Балалар естеріне түсіреді.

Тәрбиешінің іс - әрекетін қадағалап отырады. Кейін өздері сурет салуға кіріседі.

Рефлекстік түзету

Балармен бірге аяқталған жұмыстарын талдап, сәтті шыққандарын анықтаймыз. Дайын жұмыстардан көрме ұйымдастырып, оларға ертегі құрастыру ұсынылады.соңында белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар тәрбиешімен бірге аяқталған жұмыстарды талқылайды. Бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу: сурет салу

Болу: ұқыпты, ідемі, таза салу.

Қолдану:сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, мадақтау.

© 2010-2022