8 наурыз, Әлпештеген анашым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 наурыз, Әлпештеген анашымҚайырлы таң аналар!

Ақ жаулықты әжелер!

Бала-бақша қызметкерлері!

Ару қыздар!

Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқанын ажарындай нұрлы келбетті, қызғалдақтай алаулаған аналарымызды, аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы мерекесі - 8наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

(Музыка әуенімен залға балалар кіреді.)

Бүгін біздің балалар өздерінің сүйікті әжелері мен аналарын көктемнің алғашқы мерекесі - 8 наурызбен құттықтайды. Сіздерге жақсылық, ашық аспан, бақыт, ұзақ өмір тілейміз және де балаларымыздың сіздерге арналған құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.

Көктем: Дала гүлге бөленді

Жер шуаққа бөленді

Орман тоғай бақтар да

Құстар сайрап жөнелді

Өйткені мен көктеммін!

Жүргізуші: Қош келдің,Көктем ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп,нұрға бөлеп аймақты.

Ән: «Ақ мамам»

Көктем: Ал енді балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.

Ойын: «Көктемгі жауын»

Шарты: Балалар балапан болып жем іздеп жүреді, балаларға ұяшық жасалады.

Көктем: Жауын жауды дегенде, балапандар үлгеріп, ұяшыққа тығылады. Үлгермеген бала, тақпақ, ән айтады.

(Есіктен ата мен әже кіреді)

Ата мен әже: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші: Қош келдіңіздер!

Көктем: Ал, ата-әже мерекеге қош келдіңіздер, мерекені бірге тойлайық!

Ата-әже: Рахмет, бірақ біз сіздерден көмек сұрай келдік. Бүгінгі тойланып жатқан аналар мерекесіне арнап бауырсақ дайындап, суытуға терезенің алдына қойғанбыз. Бірақ бауырсағымыз домалап кетіпті. Мына үлкен «Айша» мектеп-бақшасының балаларынан көмек сұрап келдік. Балалар көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә! Көмектесеміз!

Жүргізуші: Ендеше ата-әже сіздер қонақ болыңыздар, төрге отырыңыздар.

Залға қоян секіріп кіреді.

Жүргізуші: О,қоянжан! Қоян мерекеге қош келдің!

Қоян: Ой, сәлеметсіңдер ме, балалар, қонақтар!

Жүргізуші: Қоянжан, сен мында не істеп жүрсің?

Қоян: ата-әже мен сіздердің бауырсақтарыңызды жолда кездестірдім, жо-жоқ мен оны жеп қойғаным жоқ! Бауырсақ маған өлең айтып берген соң мен оны жібере салдым. Ол әрі қарай орманның ар жағына домалап кетті.

Ата-әже: Қоянжан рахмет саған!

Жүргізуші: Ендеше қоянжан, сен ата мен әжеге көмектескен екенсің, сондықтан біздің балалардың өнерін тамашала.

Ән: «Әжем менің айдай»

(Балалар ортаға шығып аналарымызға арнап ән айтады)

Өлең шумақтары.

Айзере: «Ана» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Әже» деген сөзді де,

Ойлап тапқан балалар.

Сағымжан: Жарқын жүзді жан адам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.

Милана: Құшағына кіргенде

Жылынасын бір демде,

Не жетеді көзіне

Мейірімді күннен де.

Әбілмансұр: Ана менің жүрегім,

Ана жаным тірегім

Ананы әрқашан құрметтеп

Анаға бақыт тіледім.

Зере: Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді,

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит әкеп береді.

Қоян: Бәрекелді балалар, сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер, көп-көп рахмет!

(Залға қасқыр жүгіріп шаршап кіреді.)

Қасқыр: Балалар сендер қоянды көрмедіңдер ме?

Көктем: Қасқыр, сен ең алдымен мына отырған қонақтармен, балалармен амандас.

Қасқыр: Ой,кешіріңіздер. Мында мереке болып жатыр екен ғой. Ау ата-әже, сіздер де мында екенсіздер ғой. Мен сіздердің бауырсақтарыңызды жолда кездестірдім. Ол маған ән айтып, әрі қарай кете барды.

Ата-әже: ой, енді бауырсағымыз қайда кетті екен!?

Жүргізуші: Ата-әже, сіздер бұған мұнаймаңыздар,көңілдеріңізді түсірмеңіздер. Біздің балалар би билейді. Соны тамашалайық.

Би: «Шуақты көктем»

Өлең шумақтары.

Снежана: Бүгін наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Мадияр: Ынтықсаң сен маған,

Асыл үніңмен

Қуантайын мама,

Әсем биіммен.

Әйгерім: Айналайын анашым,

Көкте күн боп жанасың

Ет жүрегін елжіреп

Құшағыңа аласың.

Вася: Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап

Мерекесін тойлаймыз.

София: Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана,

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаңа.

Арыслан: Сізге шаттық тілеймін,

Жарқырасын жүзіңіз

Қызыңыздың алдында

Бақытты боп жүріңіз.

Аю: Мына не деген шу!?

Көктем: Аюжан,ұйқыдан тұратын кез келді. Көктем мезгілі келіп, шуақты күндер туды. Ұйқыңды ашып, бізбен бірге мерекені тойла. Көрдің ба мына біздің мерекеге қонақтарымыз ата-әже келді. Қасқыр: Ата-әже! Ал мен сіздер туралы ән естідім.

Ата-әже: Кім айтты саған?

Қасқыр: Жолда келе жатсам, сіздер туралы бауырсақ ән айтып келе жатыр екен. Сосын сіздердің шуларыңызды естідім.

Жүргізуші: Ендеше аюжан, келе ғой, қонақ бол!

Өлең шумақтары.

Руфина: Үн қатасын бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым

Сегізінші наурызбен.

Владислав: Сыйлаған маған өмірді

Анашым менің аялы

Жүрегі жұмсақ көңілі

Күн шуақты, саялы.

Баян: Әжем менің жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Алижан: Сенсің ана жан күші

Сендей болсын бар кісі,

Сендей болса бар кісі

Шексіз перзент алғысы.

Эльвира: Теңдесі жоқ данасың

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым.

Нұрсұлтан: Бар өмірдің жүрегі,

Өзің алтын ордасың

Тірлігімнің тірегі

Уайымың болмасын.

Ойын: «Гүлдер»

(залға түлкі мен бауырсақ кіреді)

Түлкі: Ата-әже, балалар және қонақтар! Сәлеметсіңдер ме? Мерекелеріңізбен аяулы аналар!

Ата-әже: Бауырсақ! Біз сені көп іздедік, сен қайда болдың!?

Бауырсақ: Ата-әже мен көктемнің шуақты күнімен орманды аралап келдім. Жолда қоянды, қасқырды,аюды кездестірдім. Ал түлкі болса осы мерекеге жол көрсетіп, алып келді.

Көктем: Жарайсың түлкі!

Жүргізуші: Енді барлығымыз жиналғандықтан, балалардың тағы бір өнерін тамашалайық.

Өлең шумақтары.

Абай: Ана біздің данамыз,

Әркез біздің панамыз,

Еркелетіп, мәпелеп, күлімдеген

Анаға арнап ән саламыз

Камила: Анамыздың мейрамы

Әжеміздің мейрамы

Әлемдегі ақ, сары

Қара қыздың мейрамы.

Санжар: Ақыл құйған санама

Күннен артық расында

Күн алыста, ал анам

Әрқашан менің жанымда.

Томирис: Анамызды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.

Меіржан: Көңілімді табатын

Шашымды да тарайтын

О, Анашым!

Құрметіңізге көп рахмет!

Ән: «Анашымы»

(Аналарына балалар жеке тілек айтып, ашық хат тапсырады)

Жүргізуші: ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз,-дей келе бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болайық!









№7 «Айша» мектеп-бақшасы















Тәрбиешілер: Алиева А.А



Көкшетау қаласы

© 2010-2022