По сауат ашу на тему З дыбысы және әріпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы:

Қатынас

Тобы:

Мектепке даярлық

Бөлімі:

Сауат ашу

Тақырыбы:

З дыбысы мен әрпі.

Ақпараттық құзіреттілік:

З дыбысы мен әрпі таңбасымен таныстыру.

Коммуникативтік құзіреттілік:

Балалар сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге үйрету. З дыбысы бар сөз, сөйлем құратып, сөздік қорын дамыту.

Проблема шешу құзіреттілік:

Қолдарын әдемі жазуға үйрету жіне қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын демонстрациялық материалдар:

Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өтілу әдісі:

Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ- жауап, ойын.

Пән аралық байланыс:

Тіл дамыту,

Әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс- әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

-Балалар, қане біз алақанымызбен бір-бірімізге жақсы, жылу лебіздерін білдіріп,амандасып алайықшы.

-Аспанымыз ашық болсын!

-Әркашан күн сөнбесін!

-Денсаулығымыз мықты болсын!

Іздену- ұйымдастырушы

Өткен сабақ алған білімдерін пысықтайды.

Жұмбақ:

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ.

(З әрпі)

«Сөз ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны.

Шарты: барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып, доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады.

Зәуре сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөліңдер.

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ыз-ыз-ыз

Анар- сүйкімді қыз.

Сергіту сәті:

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

Дәптерммен жұмыс.

Жүзік, зымыран, жұлдыз сөздеріне дыбыстық талдау жасап, ондағы з дыбысының орнын ажыратыңдар.

Жазу жұмысы:

Бәріміз бірге З дыбысын ауада жазып көрейік. Дәптердегі үлгі бойынша з дыбысының кіші және бас әріпін бастырып жазыңдар.

Дәптерде берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құраңдар.

Ребусты шеш.

Қазына- түрлі бағалы заттар, дүние-мүлік, байлық.


З әрпі

Жүзік, зымыран, қыз.

Зәу-ре- 2 буын.

Ыз-ыз-ыз

Анар- сүйкімді қыз.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.


Жүзік- ортасында, зымыран- басында, жұлдыз- аяғында.


Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі.

Ребустың шешуі: Қазына.

Қорытындылау

Тақтадағы әріптер тізбегі жазылған плакат ілулі тұр. Осы әріптерді ретімен қосып оқып, бірнеше сөз құраңдар.

қ-о-й-с-и-ы-р-з-а-у-з-а-б-ұ-з-а-у-қ-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е

Осы құраған сөздердің ішінен з дыбысы кездесетін сөздерді тауып, сол сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.

Жарайсыңдар, балалар!

  • Балалар бүгін біз қандай дыбыспен таныстыңдар?

  • З дыбысы қандай дыбыс екен?

  • З дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіріңдер.

қой, сиыр, зауза, бұзау, қарбыз, терезе.

зауза, бұзау, қарбыз, терезе.



  • З дыбысы

  • Дауыссыз

  • Жүзік, зымыран, қыз.

Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі:З дыбысы және әрпін білді.

Баланың меңгеруі: З дыбысы кедергіге ұшырап еркін айтылмайтынын меңгерді.

Баланың жасай алуы: Қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, сурет бойынша әңгіме құрай алады.







© 2010-2022