Конспект Тех карта Піл

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

, Технологиялық карта.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу.

Оқу іс-әрекет тақырыбы: «Піл».

Оқу іс-әрекет мақсаты: Ермексаздан піл мүсінін жасату. Балаға түрлі мүсінді жасата отырып, олардың түсін айтқызып, түстерді ажырата білуге үйрету.Домалақтауға, домалақтан сопақша шығаруға, дайын бөлшектерді жабыстыру дағдыларын дамыту.

Әдемілікке, ұқыптылыққа, тазалық сақтауға тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: түрлі түсті ермексаздар, тақтайша.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

-«Шаттық шеңбері».

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

-Өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Бүгін біз мүсіндеу іс-әрекетінде піл жасап үйренеміз.

Кіріспе сөз:

Бұрын көріп, білмеп ем,

Қандай үлкен піл деген.

Әрі тұмсық, әрі қол,

Мұрнын жұмсар бәріне ол.

Пілдер Африка елінде өмір сүреді. Африка пілінің- биіктігі бір этажды үйдің биіктігіндей, салмағы 100 адамның салмағына тең. Индияда және оған көршілес мемлекеттерде пілдер қолға үйретілген. Үлкен бөренелерді, адамдарды тасымалдауға, құрылыс жұмыстарына пайдаланады.

-Ермексаз түстерді ажыратуды үйретуге тамаша көрнекі құрал. Балаға түрлі мүсіндерді жасата отырып, олардың түсін айта отыру керек.

-Қажет заттар:

-Түрлі түсті ермексаздар.

-Кішкентай тақтайша, үстелді былғамау үшін бар жұмысты соның үстінде жасаймыз.

-Жұмыс барысы:

1.Алдымен піл денесінің ірі бөлшектерін ермексаздан илеп дайындап аламыз.

1.1.Домалақтап басын жасаймыз.

1.2.Сопақша етіп денесін мүсіндейміз.

1.3.Құлақтары жапырақшалар сияқты болуы керек.

1.4.Аяқтарын цилиндр түрінде жасаймыз.

1.5.Тұмсығы шұжық тәрізді болады.

1.6.Енді дайын болған мүсінді қоятын орындық жасап аламыз.

2,2.1,2.2,2.3,2.4.Дайын бөлшектерді бір-біріне жабыстырамыз.

3.Ұсақ бөлшектерін жасауға кірісеміз.

3.1.2көзін,

3.2.бас киімін,

3.3.жамылғысын,

3.4.6кішкене шарлар тәрізді етіп тырнақтарын3.5.

Орындықты әсемдеу үшін түрлі түсті жолақшалар дайындаймыз.

4.Жасалған бөлшектерді суретке қарап отырып, өз орындарына бекітеміз.

Міне, осымен «Піліміз» дайын болды.

-Өлеңді жаттап алады.



-Балалар піл туралы әңгімені мұқият қызыға тыңдайды.





-Іс-әрекетке қажет заттарын түгендейді.



-Балалар тәрбиешінің түсіндіргенін мұқият тыңдап жұмысты жасауға кіріседі.

-Балалар жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін, гигиеналық тазалық ережелерін естен шығармауға тырысады.

-Жеке жұмыс.

Рефлексиялық-

түзетушілік

-Бүгінгі іс-әрекетте немен айналысқандарын, не жасағандарын, көңіл күйлерін сұрау.

-Жасаған жұмыстарын талдап, өздеріне салыстыртып, бағалату.

-Жақсы жасаған балаларды мақтап, мадақтау.

-Балалар қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

-Жасаған (көрмеге) орнына қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:Піл туралы.

Меңгереді: Түрлі түсті ермексаздан піл жасауды.

Игереді: Домалақтауды, домалақтан сопақша шығаруды, ұсақ бөлшектерді жапсыруды.

© 2010-2022