Тіл дамыту Арыстан мен тышқан

Тіл дамыту Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі) Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру. Сабақтың міндеттері: Ертегінің негізгі ойын ашып, Балалардың ауызша сөздікБалаларды ұғымталдыққа, бірлесіп тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту. қорларын дамыту. жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау облысының картасы сюжеттік...
Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен тышқан (ертегісі)

Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Ертегінің негізгі ойын ашып,

тышқан мен арыстан туралы мағлұматтарын кеңейту.

  1. Балалардың ауызша сөздік

қорларын дамыту.

  1. Балаларды ұғымталдыққа, бірлесіп

жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: Маңғыстау облысының картасы

сюжеттік суреттер, дидактикалық

материалдар

Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру.

а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық

Күй тартамыз күмбірлі

Ән айтамыз көңілді

Би-билейміз ырғақты

Біз бастаймыз сабақты

-Балалар, бүгін біз сабақта Маңғыстау вокзалынан ел ордамыз Астанаға саяхатқа шығамыз.

-Астанаға барып көргендеріңіз бар ма?

-Астанаға немен барамыз?

-Пойызды кім жүргізеді?

-Көмекшісін кім дейміз?

-Ал біздің билетімізді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?

-Балалар ,Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз тоқтайтын аялдамалар қалай аталады?

-Бекеттер.

-Дұрыс айтасыңдар, Маңғыстаудан Астанаға жеткенше пойыз бірнеше ірі аялдамаларға яғни бекеттерге тоқтайды. Әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек. Олай болса

Жолаушы азаматтар, Маңғыстау-Астана пойызына
қош келдіңіздер!

Тіл дамыту Арыстан мен тышқан

Пойызға міну үшін не керек?

-Билет

Билет алу үшін мынажұмбақ ты шешіп көрейік:

Нан атасы киелі

Барлығы ауыз тиеді

Ол не? ( бауырсақ)

Тіл дамыту Арыстан мен тышқан

-Дұрыс айтасыңдар, билетімізді алдық, .Енді Маңғыстау бекетінен пойызға мінеміз.

Бірінші аялдама бекеті.

Тапсырма: Үй тапсырмасы: Қайдан келдің бауырсақ? өлеңінің мазмұнын айту.

- Балалар бауырсақ бізге қалай келеді екен?

- Дұрыс, бауырсақ бізге жайдан-жай келмейді екен, ол көптеген адамдардың еңбектенуі арқылы келеді екен.

Актуалдау

-Жарайды балалар, үйге берілген тапсырманы да жақсы меңгерген екенсіңдер.

-Балалар, бауырсақ туралы қандай ертегіні білесіңдер?

-«Бауырсақ» ертегісі.

-Ол ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

-Олар нелер?

-Тағы қандай ертегіні білесіңдер?

-Жыл басына таласқан жануарлар»

-Балалар еске түсірейікші, жыл басы не болып еді?

Ал бүгін біз осы жыл басы тышқан мен аң патшасы арыстан туралы ертегі өтеміз.

2 бекет . Тапсырма: Жаңа сабақ.

Арыстан мен тышқан ертегісі.

Ертегіні сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіру

-Балалар ертегі ұнады ма?

-Ертегіден не түсінгендеріңді білу мақсатында келесі бекеттің тапсырмаларын орындаймыз.

3 бекет. Тапсырма: кубизм стратегиясы арқылы сұрақ-жауап жүргіземін.

Сұрақтар:

-Біз Астанаға барар жолдың ортасына да жеттік.

4 бекет. Тапсырма: Сергіту сәті

Бала,бала балақан

Кәне қайсы алақан

Саусақтарың әйбат

Былай-былай ойнат.

5 бекет. Тапсырма: Кім жылдам? (топтық жұмыс) балаларды екі топқа бөліп, екі топтың біріне арыстанның, екіншісіне тышқанның суретті қиындыларын беріп құрастыру.

6 бекет. Тапсырма: «Ұшқыр ой» .Сұрақтарға жауап беру арқылы бір сөйлем құрастыру.

Мынау не?( арыстан)

Ол қандай аң? (жыртқыш)

Ол қайда мекендейді? (орманда)

Бір сөйлем құра. Арыстан жыртқыш аң. Арыстан орманда мекендейді.

-Балалар бірнеше аялдамалардың тапсырмаларын орындау арқылы Ел ордамыз Астанаға жеттік .Тапсырма: өлең

Арыстан

Мен мықты арыстан

Аңдардың патшасы

Жауымның алысқан

Күл болған қаңқасы

өлеңді балаларға 3-4 рет айтқызамын да, жаттаған балалардан сұраймын.

Бекіту

-Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегі не туралы?

-Тышқан қандай аң?

-Сендерге тышқанның әрекеті ұнады ма?

-Ал сендер тышқанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

-Сонда балалар, айтқан сөзде, берген уәдеде тұру керек екенін ұқтық.

Бағалау

Міне балалар осындай қызықты тапсырмалардың арқасында Астанамызға қалай жеткенімізді білмей қалдық.Енді билеттеріңді таратып берейін. Билеттердің орнына қуанышты хабарлама таратамын.



© 2010-2022