Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 1-5 сандары. Артық, кем, сонша. «=» белгісі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:23.10.14ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Қарапайым математика

Тақырыбы: 1-5 сандары. Артық, кем, сонша. «=» белгісі

Мақсаты: 5-ке дейін есептік және реттік санауды бекіту; 2-5 сандарымен және цифрымен таныстыру; заттар тобын салыстыруды үйрету (артық, кем, сонша), «=» белгісі.

Іс - әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мативациялық қозғаушы

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың , жан досым!

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым.

Балалар бір-бірінің қолын ұсиап, жылу сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру

шылық- іздену

шілік

1 тапсырма. Топтардағы затты сана. (2,3,4,5) заттан тұратын топтарды ата. Саны тең заттар тобын сызықтармен біріктір. Шамаң келсе заттар қандай топтарға бөлінгенін атап бер. Саны тең заттарды цифрмен белгіле.

Ұлестірмелі материалдан қажетті цифрды тап. Оны көрсет.

Цифрлар туралы тақпақ пайдалан.

-Цифр неге ұқсас?

Балаларға бұл цифрларды өздері таяқша, сым темірден, ермексаздан жасауды немесе олардың суретін салуды ұсынамыз.

2 тапсырма. Заттарды санап, қажетті цифрды жүргізіп шық және екі, үш, төрт, бестен кем заттарды боя. Бұл тапсырмаларда суреттегі заттарды салыстыру жүргізіледі. Қай жерде заттар артық, кем, сонша. «>», «<», салыстыру таңбалары енгізілмейді, алайда онымен таныстыруға болады. «=» белгісін осы сабақтарда енгізуге болады. Балалар зат санын айтқанда, оларға «=» белгісін көрсетуге болады. Бұл заттың осыған тең екенін көрсетеді. Үстелде қиып алынған цифрлар мен суреттердің мынадай жазбасы беріледі:

3

=

3

3 тапсырма бұл сабақта өзгешелеу. Ол алғаш рет кездесіп отыр. Мұғалімнің тапсырмасымен үйдің кіреберісі мен қабатын табу керек, содан кейін қажетті түспен бояймыз. Баламен жұмыс жүргізуші ересектер балаға кестедегі тапсырманы «оқуға» көмектеседі.

Оқи алатын балаларға мынадай тапсырма беруге болады:

4 тапсырма саусақ қимылмен дамытады. Қажетті цифрларды табуға бағытталған. Балалар оларды жүргізіп шығуға және көшіруге жаттығады.

Бұл сабақтарда ауызша жұмыстар барысында 1-ден 5-ке дейінгі сандар қайталанады.

-Сенде дене мүшелеріңнің қайсысы екіден екенін (қол, аяқ т.б.), қайсысы біреуден екенін, топта ненің үштен артық екенін айт.

Үлестірмелі материал бойынша тақырыппен жұмыс:

-Үстел үстінде қай зат үшеуден? Төртеуден? Бесеуден?

Үшеуден артық,кем қандай зат бар?

-Ненің артық екенін және қаншалықты артық екенін, ненің кем және қаншалықты кем екенін түсіндір. Тең болу үшін не істеу керек (біреуін қосу немесе азайту керек)?

Заттың қасиеттерін бекітуге арналған үлестірмелі материалмен жұмыс: Заттарға көз жүгірт. Әр карточкадағы заттарға не ортақ? Әр карточкадағы заттарды топқа жіктеуге бола ма?

Әр топты бір сөзбен ата.

№1тапсырманы орындайды

Топтардағы затты санайды



№2 тапсырманы орындайды

Заттарды бояйды




№3 тапсырманы орындайды

Үйдің неше кіреберісі, қабаты және бірінші қабатта барлығы неше терезе барын санайды.

№4 тапсырманы орындайды

Ауызша жұмыс атқарады





Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

Рефлекстік -

үйлесімділік

Сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтау

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: 5-ке дейін есептік және реттік санауды білу

Болу керек: заттар тобын салыстыруды үйрету

Үйрену керек: Тапсырмаларды орындайды, 5-ке дейін есептік және реттік санайды.

© 2010-2022