Ашық сабақ Бәрінен де жақсы адам

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бәрінен де жақсы адам.

Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Отбасы сүйіспеншілігі , сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру.

Отбасындағы анаға деген сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыту.

Отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сөздік : мейрімді, ардақты, әсем, сыйлы, көркем.

Көрнекіліктер: мазмұнды суреттер.

Әрекет кезеңі

Тәрбиеші әрекеті

Балалар әрекеті

Мотивациялық,

қозғаушы.

Ұйымдастыру,ізденіс:



Рефлексивтік:

Шаттық шеңбері.

Жабырқауды білмейміз, жалкаулықты сүймейміз,

Біз талантты жасұлан. Үлгі аламыз жақсыдан.

-Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасы туралы әңгімелесеміз.

-Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

Бүгін біздің жақындарымыз керемет бір сыйлық дайындап қойыпты.

Сендерді туған туысқандарың өте жақсы көреді екен.

Қане, тыңдап көрейікші / педагог балаларға арнайы үнтаспаға жазылған отбасы мүшелерінің еркелетіп айтқан жылы сөздерін тыңдатып, ойларымен бөліседі./

Тамаша !- Балалар , әжеміз, атамыз, анамыз, әкеміз, тіпті аға -әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды

Сөздік ойын : «Мені қалай еркелетеді»

- Жақсы , Ә. Исқақовтын «Кім ойлап тапқан» өлеңін тыңдайық.

Сөздерді ең аяулы жақсы көріп жаттадым

Енді білдім оларды кімнің ойлап тапқанын.

«Күнім», «Жаным» дегенді, «Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді, «Толған

айым» дегенді ойлап тапқан аналар.

Ойын. «Менің отбасым».

Балалар шеңбер бойымен тұрады, педагог кезек -кезек балаларға сұрақ қойып доп лақтырады

  • Отбасы мүшелерін ата?

  • Сен отбасында кімді жақсы көресің?

  • Анаң сенің қандай адам?

  • Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

  • Анаңды қалай мадақтайсың?

  • Қалай жақсы көресің?

Түсіндіру : ата мен әке -ер адамдар; аға мен іні - ұл балалар; ана мен әже - әйел аналар; әпке, сіңлі, қарындастар - бұл сүйкімді қыздар.

Аналар мен қыздар үйде тамақ әзірлейді, үйді ретке келтіреді. Ұлдар мен әкелер оларға көмектесіп ауыр жұмыстарды жасайды.

Отбасында барлығы көмектеседі, қамқор болады.

Ойын : «Мен отбасымды жақсы көремін.......»

Дәйек сөз: «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» - түсінік беру.

  • Күннің шуағынан қандай керемет қасиеттер болады?

  • Күннің жылыумен ана махабатының арасында қандай байланыс бар?

Баяу музыка ойналады. Педагогог балаларға көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын , елестетуін ұсынады.

Балалар , енді осы сыйлайтын гүлдерінді суреттеп салыңдар.

Балалар бірге орындайды.

Толық жауаптары.


Күнім, айым, жұлдызым, балым, балапаным .


Балалар тыңдайды,естерінде сақтайды


Балалардын жауаптары



Балалар тыңдайды.

Жауаптары


Тыңдайды, естерінде сақтайды.

Сөйлемді жалғастырады.

Естерінде сақтайды.Жауаптары.


Орындайды.

Сурет салады.

Қорыту :

Бүгін біз ең қымбат, ең ақылды аналарымыз жайлы әңгіме құрастырдық, жылы сөздер айттық,

Ең қайрымды ата әжеміз, қамқор әкеміз, ең сүйікті іні қарыңдас әпке - ағамыз туралы әңгімелестік.

Балалар қатынасады, жауап береді

Күтілетін нәтиже:

Білуі: отбасы мүшелерін атау,олар туралы мағлұмат беру.

Игеруі:өздіктерінен аналары,басқа адамдар жайлы әңгімелей білу.

Үйренуі:тақпақ жолдарын есте сақтау, мақалды түсіну.

© 2010-2022