Презентация сценарий Жаңа жыл!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация сценарий Жаңа жыл!1 «Шұғыла» балабақшасы



Презентация сценарий Жаңа жыл!

Тәрбиеші:АбдуллаеваХ.К

Қалжанова Н.Б

Тобы: «Балдәурен»





Қызылорда 2014-2015

«Төрлет жаңа жыл төріме»

Патша: Қыран

Патшайым: Аружан

Жүргізушілер: Ерке , Нұрай

Сайқымазақ: Сырым

Уәзір: Әлихан

Сиқыршы: Мадина

Жылқы:Бекарыс

Қой: Қыдырәлі
Зал тақырыпқа сай безендірілген, сарайға қонақтар келіп жатыр, біреуі жаймен иіле амандасып жатса, біреулері өзара сойлесіп тұрады,үй күтушілері қызмет жасап жүреді. Осы мезетте патша сайқымазағы секіре жүгіріп келіп былай дейді:
Сайқымазақ: Ханымдар мен мырзалар! Сарайға мәртебелі патшам мен патшайым келе жатыр! Қарсы алыңыздар!
Залдағы қонақтар қақ айырыла жол беріп, иіле амандасады. Патша мен патшайым уәзірі Бүлдіргенмен бірге кіріп келеді де таққа отырады.

Патша: Армысың, аманбысың халқым менің
Жаңа жылым, О менің Жаңа жырым
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Салтанатты кешімнің қонақтарын
Қарсы алыңдар, қошеметпен!!!
Патшайым: Төрлетіңдер, балалар
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп,
Көңілді өмір сүріңдер!
патша уәзірді ымдап шақырады, уәзір ортаға шығып ақ бетті парағын жайып жіберіп оқи жөнеледі.
Уәзір: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар.
Сарайында патшаның
Бал маскарад тойлаңыздар.
О, Жарандар , қараңдар
Естімеген естіңіздер,
Көрмегендер көріңіздер
Қызықтаңдар, сайраңдаңдар,
Патшаның жарлығына құлақ түріңіздер! ( пауза, жарлық жазылған бетті ашып жіберіп былай дейді)
Құрметті ханымдар мен мырзалар! Мәртебелі патшамыздың сарайында «Жаңа жыл» мерекесіне орай бал маскарад болмақ. Бұл бал маскарадта патшаның көңіл күйін көтерген жан жақтан келген өнер иелеріне, мәртебелі патша сансыз сый құрмет жасамақ. Кербездене келе жатқан 2015 жаңа жылдың тамаша сыйынан құр қалмаңыздар.

Сайқымазақ: Әнмен шашу шашайық
Бимен балды ашайық
Келіңіздер халайық
Жырға жырды қосайық.

1 ) Вальс Минуэт. Патша мен патшайым ,сарай қонақтары жұптасып билейді.

Сахнаға екі жүргізуші шығады ( музыка фанфары)

Нұрай: Армысыздар құрметті қонақтар мен кішкентай бүлдіршіндер!
Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан патшалықта өтіп жатқан Президент шыршасына қош келдіңіздер!
Ерке : Здравствуйте, дорогие дамы и господа! Здравствуйте , самые дорогие маленькие гости нашего бал-маскарада. Всего несколько часов остается до Нового года - самого доброго и прекрасного праздника. Мы все ждем его с одинаковым нетерпением, поскольку и взрослые, и дети верят, что именно в новом году произойдет самое большое в их жизни чудо. Пусть эта вера сохраняется в вас всю жизнь!
Пусть он будет самым лучшим,
Самым радостным для всех!
Пусть для вас - людей хороших,
Не боявшихся забот
Будет он не просто новый,
А счастливый новый год.!

Нұрай: Кел жаңа жыл, қош келдің, қошеметпен қарсы алам,
Арманыма жеткізе кел, ғұмыр бойы аңсаған
Мен тәуелсіз Қазақстан, егеменді елмін,
Мен осылай, жаңа жыл, бар әлемге жар салам,

Ерке : Байлық әкел, бақыт әкел баянды,
Қуанта кел әкелерді, аналарды аяулы,
Қызылордама бар жақсылық,құт береке ала кел,
Шалқыта кел жастарымды, қарттарымды қалаулы.
(музыка, қол шапалақтау...)

Ән: Хор

Жауынның дыбысы немесе найзағай ойнағанда залға сиқыршы әйел сиқырлы таяғымен жәймен келе жатады.
Нұрай:Ерке, естідің бе, бұл ненің дауысы?( музыка дауыс үдетіледі)
Ерке: Ия, ия,естіп турмын, жоқ, жауынның дыбысы емес,.......
Осы кезде залға қарай сиқыршы жәймен келе жатады.
Нұрай: О.Оо сиқыршы екен ғой!
Ерке: Құрметті қонақтар, бүгінгі патшалықта өтіп жатқан жаңа жылдық кешке сиқыршы да келіп қапты.
Мадина/Сиқыршы/:Мына патша сарайы неге көңілсіз? Неге? Балалар да көңілсіз, маған ұнамайды. Ендеше, сиқырлы таяғымды сынап көрейін. ( Осы кезде ортада кетіп бара жатқан мыстанға музыка ырғағымен таяғын шошайтып, түртіп қалады. Мыстан сол мезетте қатып қалады Мыстанды қайта оятады.)
Мадина/Сиқыршы: Жоқ, бұл емес. ( айналасына қарап тұрып) Таптым. Шыршаның жарығы жоқ екен гой. Олай болса, достар, мен патша сарайының шырша шамын жағуға көмек беріңдер ( шырша шамы жанады)

2 ) Ән: Хор « Жаңа жыл »:

( Патша орнында отырып , жан жаққа карай..)
Патша: - Уәзір, уәзір, Бүлдірген ! қайдасың?
Жеті қат жер астына түсіп кетті ме?!

Уәзір: Мен мұндамын, тақсыр, келдім!

Патша: ( орта да жүрген мыстан кемпірді енді көргендей қарап) Мынау кім? Ол неге менің патша сарайымда жүр? Мен неге білмеймін?
Уәзір: Сен кімсің? Кім шақырды сені? ( кемпірдің қасына кеп)
Мыстан : О, қадірменді патшам. Мені барлығы жалмауыз кемпір деп атап кетті, бірақ мен ешкімге зиянымды тигізбеймін. Адамдардың өздері мені жалмауыз қылған. Осы уақытқа дейін, балалармен Жаңа Жылды патша сарайында қарсы алып көрмеппін. Рұқсат болса кештің қонағы болайын?!
Патша: Ммм, сен менің қонақтарымның мазасын алмайсың ба? Шартым бар, егер орындай алсаң?... Менің қурметті қонақтарыма өз өнеріңді көрсетесің. Орындай алмасаң ,үйіңе қайта бер!
Мыстан: Өтінемін балалар, мен сендермен қалып Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін, мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге күшті ойын ойнатам, биді де билеп беремін.
Уәзір: Балалар, мына мыстан қалсын ба арамызда? ( балаларға қарайды)
Балалар: Ия, қалсын арамызда.
Патша: Ендеше , кештің шырайын келтіріп, ат салыссын!
Сайқымазақ: Кош келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге ( мыстанға қарап)
Биді билеп тастайық,
Көңілді әнді бастайық!!!
Мыстан: О, алақай маған рұқсат берді. Ендеше ,мен сендердің көңілдеріңізді көтеруім керек қой. ......
3 )
Би: Барлығы

Нұрай: Құрметті патшалықтың қадірменді қонақтары! Еліміз тағылымы мол тағы бір жылды тарих қойнауына табыстап, үкілі үмітке толы жаңа қой жылына аяқ басты.

Ерке: Міне өздеріңіз куә болғандай, өткен жылымыз толағай табыстарға толы болды. Олай болса, ескі жылқы жылын шақырып, қошеметпен шығарып салайық.

Ескі жыл: Құрметті халқым менің! Мен сіздермен 12 ай бірге болып, әрбір минутымды бақытты өткіздім. Көк жасыл көңілді көктем,жадыраған жаз, жемісті Алтын күз көңілді болып өтті.Еңбекшіл елімнің бақытты балалары ол жақсылықтарды өз көздерімен көрді.Алда келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын, әсем ән айтып, би билейік.

7) Ән: «Кел, Жаңа жыл»
Би:

Уәзір: Құрметті халайық, балауса бүлдіршіндер, ханымдар мен мырзалар, тындаңыздар! Салтанатты кешіміздің қожайындары, құрметті патша мен патшайым! Балмаскарадқа жиналған қонақтар сіздің өнеріңізді, тосын сыйыңызды асыға күтуде.Ендеше, өнерлеріңізді тамашалайық.

8) Патша мен Патшайым өнері ( ән) карта биі( би қою керек)

Сайқымазақ: Бүгінгі салтанатты Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып турмын.
Патша: Қуаныңдар, қонақтар, тамсаныңдар .
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Құрметпен қарсы алыңдар !!!
Жүргізуші: Қанекей, балалар! Қанекей ,балалар, біздің ортамызға 2015 -ші жылқы жылы бастап, Аяз атамыз бен Ақшақар келе жатыр, қол соғып , қошеметпен ортаға шақырайық. ( балалар Аяз ата, Ақшақар деп айқайлап шақырайық) Аяз ата мен Ақшақар келеді.
( балалар Аяз ата, Жаңа жыл,аяз ата Ақша қар деп шақырады)

Би: Снежинки

Аяз ата:
Сәлематсыңдар ма, балалар!
Күнтізбеде қалыпты
Жалғыз ғана бір парақ.
Дайындалдым жыл бойы,
Жолға шығар келді уақ!
Шақырымды жүздеген
Басып өту мен үшін
Жаңа жылдың түнінде
Жасыл шырша түбінде
Кездессем деп сендермен,
Таратсам екен сыйлықтар,
Одан асқан не сый бар.
Қуаныш сыйлау балаға
Одан зор бақыт бола ма!
Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Қыдыр/қой: Туғызам айды бүгін
Әр күнім айбынды күн
Күлімдеп нұр шығады
Күншілдік тұншығады
Әкелдім бейбіт күнді
Ешбір жан болмас мұңды
Ақша қар: Қандай керемет сарай, асем шыршамыз тұр, қандай сүйкімді балдырғандар! Қане, достар! Бүгін бәріміз өз өнерімізді ортаға салайық, сыйлықтан да құр қалмайық.

Нұрай: Қош келдің Аяз ата, Ақша қар! Қош келдің Жаңа жыл - жылқы жылы! Атам қазақ әуел бастан ат ерқанаты деп жылқы малын ерекше қастерлеген. Биылғы келіп жатқан Қой жылы берекелі құтымен,шаттығымен, жақсылығымен келгей.

Ерке: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,.

Келді бізге сарайға,

Аяз ата оралып.

Аяз ата: Ал, балдырғандар, қане, кімнің қандай өнері бар? Ортаға шақырамын! ( Балалар өнерлерін көрсетеді

Қадіржан: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды

Алмагүл: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

Мирас: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр


Гүлсара: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықт ың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

Нұрәли: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Айзере: Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын.


Ерке : Балалар қараңдаршы, бүгінгі күн тамаша өтіп жатыр, солай емес пе, сендерге ұнап жатыр ма? Жаңа жылымыз ертегі тәрізді, қандай керемет, демек бұл жыл ертегі болып өтеді деп ойлаймын?! Ендеше, үнді биін тамашалайық.

9) Би : үнді биі

Ән:

Мүсілім: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Нұрмұхамед: Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Арсен: Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.

Айя: Мұз өрнектің бәрі асыл,
Оюларды аңғарам.
Қарағайдың жап-жасыл
Күйіне мен таңқалам.

Ақерке: Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...

Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!

Айым : Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.


Мыстан:Енде менің өнерімді тамашалаңыздар! Менің құдіретім шексіз! Мен қазір сіздерге соооооонауууууууууууууу Америкадан әншілерімді шақырта аламын. Сенбесеңіздер менің ұшатын сыпыртқыма қараңыздаршы. Суф,Уфф, Шура, Мура, пепси Кола, Мелки Уей ....( деп айқайлай сыпыртқымен айналады, сол мезетте музыка ойнала кетеді де , бишілер шыгады )

11) Қоян мен Қасқыр әні

Ән:


Сайқымазақ: Мыстан кемпір, Өзіміздің әншілеріміз қайда, сиқырлығынды көрсет.?
Мыстан: Ол сөз болып па, шақыртамын, қайсысы керек? Ақалай , мақалай..... сууууууууууууууф,уффффф тооооооооонау «Бәйтерек» тобы «Жаңа жыл» әнімен.
12) Пародия

Ән:


Ерке : Ұлы мәртебелі патша мен патшайым! Сіздерге сарай қонақтарының өнерлері көңіліңізден шығып отырған болар, ендеше кешімізді жалғастырайық.
( патша басын изейді,)

Нұрай: Ақ көңілім айналады аппақ қарға
Көңілдене қосыл сен, ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда

Ерке: Жүздерінде қуаныш барша жанның,
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Сәл сәл жүрек аңсайды кең даланың ,
Ақ қарын, ақ қырауын, ақ самалын.


Патша: Қадірменді халайық! Бүгін менің сарайымда мына бүлдіршіндердің жүздері жарқын, көңілдері шат тамаша бал-маскарад кешіінің куәсі болдық. 2015 жыл шаңырақтарыңызға шаттық пен табыс әкелсін, халқыма ырыс , береке әкелсін. Мен думан басында жариялаған жарлығым бойынша көңілімді көтерген өнер иелеріне, және кеш қонақтары бүлдіршіндерге сый сияпат бергіземін. Уәзір!.....
( Уәзір нөкерлеірмен сыйлық таратады)

Аяз ата: Жарайсындар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнірлі екенсіндер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық
Мен сіздерге жаны жақсылыққа толы Жаңа жылдарыңызды қалдырамын. Сіздерді жыл бойы бақытты етеді деп сенемін. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер. Аспандарын ашық болсын! Қош болыңдар!


Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,
Тек жақсылық көріңдер.
Жылау, ауру, жамандық
Қастарыңда болмасын
Сау болыңдар, балалар!
( музыка қолдарын бұлғап шығып кетеді..........)

14) Ән: «Кел, Жаңа жыл»

Сайқымазақ: Ал, балалар бізге Жалмауыз кемпір уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам деген еді, қайда жүр өзі?
Балалар: Әне, әне, жалмауыз әже! ( мыстан кемпірді қолмен көрсетеді)
Мыстан: Ә, солай ма! Мені ұмытып кеткен шығар деп едім. Менің де алып келген өнерім аз емес.
( ойын жүргізіледі)!

Балалардың қасықпен ойыны: музыка сүйемелімен.
Ата-аналармен ойын.


Ерке: Ән тыңдап, би биледік бүгін тойда
Қалады бүгінгі күн ойымызда.
Демалып Жаңа жылға қадам бастық
Құтты болсын Жаңа жыл баршамызға

Нұрай: Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

Би:

Ән: Хор

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.

Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл

Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.

© 2010-2022