Тақырыбы: Отбасымен бала бакшанын сабактастыгы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі заман талабында отбасы баланың оқу тәрбиесіне араласу қажеттілігі айтылған. Сондықтан ата-ана мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты дамыту өзекті мәселе болып отыр.Отбасының да,балабақшаның да мақсат-мүддесі біреу-ол болашақ ұрпақ тәрбиесі.Болашақ азамат тәрбиеленетін алғашқы ұя-отбасы,ата-ана құшағы.Жас сәбидің алғашқы естейтіні анасының мейірбан сөзі; көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі» немесе «Әке көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» дегенде осының айғағы. Яғни,ата-анасының өнегесі,өнері балаға үлгі болатыны,бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқандада сол өнеге-оған сарқылмас қазына болары сөзсіз

Ғабиден Мұстафин айтқандай: «Ата-ана қадірін білген бала халық қадірін білер, халық қадірін білген бала ата-ананың да қадірін біледі. Ол үшін өз халқының дәстүрін, мәдениетін,өнерін тілін қадірлеуді ата-ана және ұстаз болып үйрету керек».

Ендеше «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші отбасы балабақша бірлесе ынтымақтаса отырып, оқу тәрбие жұмысын мақсатты жүргізсе, елдің, халқының дәстүрін сыйлайтын ұлт жанды жеткіншек өсіру мақсатымыз еселі өтелері сөзсіз.

Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кез-келген мекеме үшін отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі,отбасы баланың түпкі тамыры,болмысын қалайтын мекен. Сондықтанда балабақшаның оқу-тәрбие жұмысында ата-аналармен жұмысқа ерекше мән беріледі.Сол себепті мен ата-аналармен жұмысқа үлкен көңіл бөлемін.
Көздеген мақсатым: балабақша мен отбасындағы қарым-қатынасты арттыра отырып оқу және тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырып, әр баланы жеке тұлға ретінде қазіргі заман талабына сай рухани жан дүниесін байытып, бойындағы құндылықтарды дамыту. Балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты құру.

Алдыма қойған міндеттерім:

1.Ата-аналарға балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес беру.

2.Балабақшадағы іс -шараларға ата-аналарды қатыстыру

3.Ата-аналарды балабақша өмірімен қызықтыру.

4.Үлгілі ата-аналарды насихаттау.

5.Ата-аналар бұрышын жасау.

6.Балаларды дамытудың диагностикасын жасау.

7. Ата-аналармен біріге отырып құрылған оқу -тәрбие жоспарын жасау.

8. Күнделікті оқу-тәрбие жұмысына ата-аналарды тарту.

Алдыма қойған міндеттерімді іске асыруда мынадай іс-әрекеттерді ұйымдастырдым.

Тәрбиешінің жүргізген жұмысынан хабарлы болу үшін ата аналарға топтп «Сіздер үшін ата ана» бұрышын жасадым. Онда ата аналар «Бізбен бірге оқыңыз» айдарынан күнделікті жүргізілген тәрбие жұмыстары бойынша толық мағлұматтар алады, сонымен қатар бала бақша күн тәртібімен танысады. Сонымен бірге әр тоқсан сайын «Ашық есік күндері » ұйымдастырылады. Мұнда ата ана баласының жетістіктерін немесе қиындықтарын көреді, және де балада қиындық тудыратын мәселелерді, үйде ұйымдастыру бойынша тәрбиешіден әдістемелік нұсқаулар, дидактикалық ойындар, пайдаланатын әдебиеттер секілді кепілдемелар алады.

Сонымен қатар топта «Ата аналармен байланыс поштасы» ұйымдастырылған, онда ата- аналар өзіне маңызды сұрақтардың жауабын тәрбиешіден жазбаша түрде ала алады.

«Ғажайып алаң»,»КВН», «Жүлдегер отбасы» топтар арасындағы отбасылық жарыстар ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие ісін әрі қарай жетілдіру отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмысын дамыта және нығайта түсу арқылы жүзеге асады.

Келесі ата аналармен ұйымдастырылған « Шебер қолдар үйірмесі » жұмыс жасайды. Бұл үйірмеде ата -аналар оқыту тәрбиелеу жұмыстарына декорация жасауға, атрибуттар дайындауға, сюжеттік- рольдік ойындарға бутафориялар, ертегілерді сахналауға бет перделер жасауға ат салысады. Мұндағы көздеген мақсатымыз:балабақшаның оқу-тәрбие әс-ірекеті мәселесіне ата- аналар көңілін аудару. Педогокикалық үрдісті жабдықтауға, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін танып білуге белсенді қатысуын дамыту.

Дегенмен, отбасымен жүргізілген жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық технологиялардың адамдары. Сол себепті ата - аналармен Кітапхана- медиохана жұмыс түрі ұйымдастырылады. Ата- аналармен ұйымдастырылған бұл жұмыста ақпараттық технологияларды қолдану әдісі арқылы ұйымдастырылған. Бұл жұмыс түрі тіл дамыту,сауат ашу,айналамен таныстыруды меңгеру бойынша ойындар және жаттығулары бар кітаптар жиынтығы. Балалар көркем әдебиеттері(өлең, тақпақ, ертегілер). Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға байланысты дыбыстық кітаптар. Топтың бейнетаспа тұсау кесері. Тақырыптық слайд-шоу. Ертегілер, тақпақтар, өлеңдерді ата- аналар электрондық түрде ала алады. Ата- аналармен бұл жұмыс тіл мәдениетін, сауат ашу, айналамен таныстыруды жетілдіруге көмегін тигізуде.

Мереке ойын- сауықтарда «Сүйінші», «Шашу», « Бесікке салу», «Тұсау кесу» салт- дәстүрлері сахналанып көрсетілді.

Бұл ұйымдастырылған шаралар әр отбасында қазақтың салт- дәстүрін, әдет- ғұрыпын рухани қуат мемлекетіміздің келешегі ретінде бағалай білуіне жұмылдырылған.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде кеңінен қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде. Осыдан бірнеше жыл бұрынғы ата- аналар үшін балалардың уақытылы тамақтануы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата- аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондыұтан ата - аналар қауымын мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата- аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу қажет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына суйене отырып, мектеп жасына дейінгі балаларға жан- жақты тәрбие беру мен дамыту мәселесін балабақша жоспарлы түрде шешеді, отбасына педагокикалық көмек бере отырып белгілі бір жетістіктерге жетеді. Олай болса бүгінде ата- анамен балабақша бірлесе отырып, балаларды оқу мен тәрбиеге баулуда жаңа заманның тұлғасы етіп тәрбиелеп шығару үшін отбасымен балабақша бірлесе отырып ат саысудамыз.

Пайдаланған әдебиеттер :

  1. ОТБАСЫ және БАЛАБАҚША 1998жыл № 9-10

  2. Макаренко А.С. «Ата- аналарға балалары жайлы» т.2.М: 1998ж.

  3. Мектепке дейінгі білім 2010жыл № 6.

  4. ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАБАҚША 2010жыл №6

© 2010-2022