Доклад Курстан кейінгі жұмыстарыма есебім

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Курстан кейін өзгерісті ең бірінші өзімнен бастау керек деп ойладым. Жалпы өз мамандығымның иесі ретінде менің алдымда отырған шәкірттер келешекті жалғастыратын ұрпақ болғандықтан, алған білімдері де, өмірлік тәжірибелерінде қолдана алатындай болуы керек деп, өз жұмысымды бастадым. Көшбасшы ретінде мектепке өзгеріс енгізуге, әріптестерімізбен жұмыла жұмыс істеуге кірістім. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде қолға алған жұмыстарды ары қарай жандандырдым. Мектептің бастапқы ахуалын анықтау нәтижесінде анықтаған басымдығым бойынша мектептің даму жоспарын жасап, сол жоспарға сай іс-әрекеттегі зерттеуімді жүргіздім. Мектепті дамыту жоспарымның тақырыбы «Диалогтік әңгіме құрудағы топтық жұмыстың тиімділігі» болатын. Осы басымдықты басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби жетілуі мен оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыруды мақсат еттім.

Мектептегі білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, мектеп басшысы, көшбасшымыздың өзі де жаңаша оқыту бағдарламасын оқып, тәжірибеден өтуде. Жаңаша оқыту бағдарламасын меңгерген ұстаздар ақылдаса келе, биылғы оқу жылының қыркүйек айынан бастап, көшбасшымыздың басшылығымен LS үдерісін қолға алып, жоспарын құрып, 9-сыныппен жұмыс жүргізуді бастадық. Нысаналы 9-сыныптың бірнеше сабақтарына қатысып отырдық. Бірінші кезеңі бітті, қазіргі таңда екінші кезеңі жүріп жатыр. Мектептегі білікті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз білім берудегі инновациялық әдістердің тиімділігіне күннен күнге көз жеткізіп келеді. Оның айғағы ұстаздарымыз күнделікті сабақтарында жеті модульді кіріктіре және ықпалдастыра отырып өткізуге дағдыланып қалған. Атап айтатын болсам; кезінде тәлім алушы болған ұстаздарымыз Сейілханова.А, Дархамбаева.Ш, Абишева.А, Ә.Ботаевалар Шульманның үш көмекшісін өздеріне серік еткен, ЖАДА арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділіктерін топтық жұмыс арқылы, өз бетімен іздендіру, өз бетімен жұмыс жасату, шығармашылық еркіндік беру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сияқты әдістермен арттырып келеді.

Қазан айының 17 күні Алматы қаласынан көшбасшымыздың тренері Айман Бипажанова келіп, әдістемелік көмегін берумен қатар 3-деңгейді бітірген Танибергенова Сәуленің химия сабағына қатысып, LS әдісімен өткізілген сабағынан оң әсер алып шықты. Сөзіме дәлел ретінде химия мұғалімінің сабағынан алған әсерім. Мұғалім сабағында тек бағыт беруші, басқарушы, ұйымдастырушы, бақылаушы, яғни бір сөзбен айтқанда көшбасшы қызметін атқарды. Оқушылар да әдіс-тәсілдерді меңгеріп, топтық жұмыс істеуге төселгендерін сабақ барысында көрсете білді. Сабақта бос отырған, қамтылмаған, бағаланбаған, өздігінен жұмыс жасамаған оқушы болған жоқ.

Сондай-ақ қазақ тілімен әдебиеті пәнінің мұғалімі 1-деңгейлі Сағымбекова.Б. «Ұстаз шеберлігі» атты коучинг өткізді. Құзіретті шәкірт тәрбиелеу, құзырлы мұғалімнің қолында екендігі коучинг барысында мұғалімдер ой-талқыға салып, постерларын қорғады. Өзімде осы кезде «Отбасы-тәрбие бастауы» атты ата-аналармен дөңгелек стол өткіздім. Ата-аналар өз ойларын ашық айтып, үлкен ата-аналар, жас ата-аналарға ақыл кеңестерін берді. Сондай-ақ ата-аналардың мұндай жұмыстарға тартылуының да мектептегі тәрбие мәселесін шешуге көп септігі тиетіні белгілі болды.

Мектепте өтілген іс-шаралардың барлығына қатысып, бастауыш сыныптар арасында өтілген апталықта, тіл дамыту сабағынан «Үй құстары мен үй жануарлары» деген тақырыпта ашық сабақ және сыныптан тыс жұмыстар «Алтын күз» мерекесін «Жасыл шырша жанында» жаңа жылдық ертеңгіліктеріміз жаңаша оқыту тәсілімен өткізіп, мектеп ұстаздарын өз тәжірибеммен бөлісіп отырдым. Менің бірінші деңгей мұғалім ретіндегі мақсатымның бірі кәсіби қоғамдастық құру еді, ол мектебімізде құрылып, өз жұмысын бастап кетті. Мұғалімдердің білім мен инновациялар алмасуына ықпал жасау ретінде аудандық мектептермен тығыз байланыста жұмыс жүргізудеміз. Аудан мектептері арасында кәсіби қоғамдастық құрып, ынтымақтасып жұмыс жүргізуімізге аудандық білім бөлімінің көп септігі тиді. Аудан мектептерінде семинарлар ұйымдастырып отырды. Соның арқасында қоғамдастық жұмысы жанданып, кәсіби байланысымыз артты. Мысалы ретінде қазанның 9 күні желілік қоғамдастықты жандандыру мақсатында аудандық мұғалімдер арасында мектебімізде семинар ұйымдастырылды. Осы өтілген әрбір семинарларда аудан мұғалімдері, соның ішінде мектебіміздің психологі А.Касенованың тренингін, бастауыш сынып мұғалімі Д.Кенжебаеваның коучингі, жаңаша оқыту бағдарламасының енгізілуіне үлестерін қосты. Аудан мектептерінен келген ұстаздар қауымы өтілген іс-шаралардан алған жаңалықтарының мол екенін, жалпы жаңаша оқыту бағдарламасының мұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді екенін, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрететінін сөз етті.

Ал, енді өзімнің өткізген коучинг-сессияларыма келетін болсам,

қазан айында «Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауды үйрету» коучингін өткіздім. Коучинг барысында сыни тұрғыдaн oйлaй бiлeтiн тұлғa дaярлaу бүгiнгi күннiң тaлaбы eкeнiн eскeріп, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту aрқылы жaңa aлынғaн бiлiмдi өз бeтiмeн мaғынaсын ашатын жәнe өз ойларын ұштaйтын жоғары дәрeжeдe шeшiм қaбылдaй бiлeтiн тұлғaлaрды қaлыптaстыруымыз керектігі айтылды.

Қараша айында педагогикалық кеңесте «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру» атты коучингін өткіздім.Ұстаздар бұл коучингтен қазіргі әлемде білім беру кеңістігінде - функционалдық сауаттылық - қоғам өркендеуінің индикаторы екенін айтып, өз ойларымен бөлісті.

Желтоқсанның 23-күні Н.Есеболатов атындағы орта мектебінде «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» атты бастауыш сыныптар арасындағы семинар болды. Семинарға қатысушы ретінде бастауыш сынып мұғалімі Абишева.А екеуміз барып, жаңа үлгідегі ашық сабақтар, шебер сыныптар, «СТО арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы коучингтарына қатысып, аудан мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасып қайттық.

Сөзімді қорытындылай келе, еліміздің ертеңі жас ұрпаққа жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға, мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде қолдана білуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға өз үлестеріңізді қосуға шақырамын!!!.







Абай атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен

коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша, мұғалімдердің басылымдарға жарияланған мақалаларының тізімі




Мұғалімнің аты, жөні


Мақала аты


Қай басылым


Шыққан жылы


Пәні

1

Артықбекова Нургуль

Жас мамандар мен тәлімгер арасындағы байланыс

Жас мамандар мен тәлімгер ұстаздар арасындағы байланысты нығайту-педагог мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдаудың кепілі


Алматы

2015



2

Бұрғамбаева Қарлығаш

Жас маманның-кәсіби шеберлігін арттырудағы тәлімгер-ұстаздың рөлі

Жас мамандар мен тәлімгер ұстаздар арасындағы байланысты нығайту-педагог мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдаудың кепілі

Алматы

2015


3

Сейілханова Анар

Білім беругеизаманауи әдістемелер мен тиімді педагогикалық технологияларды ендіру

Жас мамандар мен тәлімгер ұстаздар арасындағы байланысты нығайту-педагог мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдаудың кепілі

Алматы

2015


4

Ботаева Әсемгүл

Аяз би

Білім шапағаты

2014

Қазақ әдебиеті

5

Ботаева Әсемгүл


Омоним

Білім шапағаты

2014

Қазақ тілі

6

Сейілханова Анар

Арыстан мен тышқан

Обл. семинар мат.

2014

Ана тілі

7

Касенова Айжан

Ұлт тәрбиесі-ұлт тағдыры

Обл. семинар мат.

2014

Өзін-өзі тану

8

Касенова Айжан

Мамандық таңдаудағы кәсіп бағдарлануының псих.ерекшелік

терін зерттеу

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына дайындаған доклад тезистері

2014

психология

9

Қуанышева Сауле

Аралас сандарды қосу

Обл. семинар. материалдар жинақтары

2014

математика

10

Қуанышева Сауле

Алгебралық түрлендіруді тез есептеу жолдары

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына дайындаған доклад тезистері

2014

Алгебра

11

Нусипова Салима

Коучинг үдерісін іске асыру арқылы ынтымақтастық орнату

Білім және ғылым журналы

2014

№6

Орыс тілі

12

Жамауова Салтанат

Бастауыш сыныптағы оқушылардың ақпараттық мәдениеті және құзыреттілігі

Мектеп информатикасы

2014

информатика

13

Танибергенова Сауле

Жарнамалы заттарға химиялық талдау

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына дайындаған доклад тезистері

2014

химия

14

Стыбаева Айнұр

Ас қорыту мүшелері

Білім шапағаты

2014

биология

15

Стыбаева Айнұр

Тағамдық өсімдіктердің емдік қасиеттері

Оқушылардың ғылыми жоба байқауына дайындаған доклад тезистері

2014

наурыз

биология

16


17

Бұрғамбаева Қарлығаш


Қырықбаева Жанар

Алғашқы адамдардың Қазақстан жеріне қоныстануы

Ескелді би

Тезис


Тезис

2015


2015

Дүние тану


Тарих















Өз мектебімде өткен семинарларға тоқталсам, жаңа форматтағы ұстаздарымыз жаңаша оқыту бағдарламасының мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралды, яғни жеті модульді сабақтарына енгізіп, бір-бірімен ықпалдастырып кіріктіре отырып сабақтар өтті. Аудан мектептерінен келген ұстаздар қауымы өтілген сабақтардан алған жаңалықтарының мол екенін, жалпы жаңаша оқыту бағдарламасының мұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді екенін, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрететінін сөз етті. Құзіретті шәкірт тәрбиелеу, құзырлы мұғалімнің қолында екендігі даусыз болғандықтан, құзырлы мұғалімдер жетілдіру үшін мектебімізде коучинг және тәлімгерлік үдерісін жүргіздім. Коуч мұғалімдердің көмегімен коучинг және тәлімгерлік жүргізіп, жаңа білім беру бағдарламасын мектебімізге ендіруге ықпал еттім. Бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралдарды сабақтарға ендіру үшін қызмет атқаратын коуч мұғалімдерге тәлімгерлік жасадым. Ал, енді өзімнің өткізген коучинг-сессияларыма келетін болсам, айына бір рет өткізіп отырдым. Коучинг-сессияларымда сыни ойлау модулін басшылыққа алып отырдым. Мектеп-гимназиямызда ақпан айының 21-і күні аудандық семинар ағылшын пәнінен өтілді. Өзім ағылшын тілі маманы болғандықтан ауданымыздың ағылшын тілі мамандарына коучинг-сессия өттім. Семинарға келген мұғалімдердің арасында тек бір ғана 3-деңгейлі мұғалім бар екен. Ол Шардара мектеп-лицейінің мұғалімі М. Мамытов, коучингке қатысып ұмытқан мәліметтерім есіме түсті деді. Семинарға басшылық жасаған аудандық білім бөлімінің шетел тілдері пәнінің әдіскері Г. аудан мектептерінде өтіп жүрген коучингтерге қатысып жүрмін, бірақ бүгінгі өтілген коучинг мен үшін жаңалық болды алған әсерім ерекше деді. Коучинг-сессия деген қалай өтілу керектігін енді ұқтым деді.

Сондай-ақ сыни тұрғыдaн oйлaй бiлeтiн тұлғa дaярлaу бүгiнгi күннiң тaлaбы eкeнiн eскeріп, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту aрқылы жaңa aлынғaн бiлiмдi өз бeтiмeн мaғынaсын aйқындaйтын жәнe ұштaйтын дәрeжeдe шeшiм қaбылдaй бiлeтiн тұлғaлaрды қaлыптaстыруды мақсат етіп қойдым.

Жоғарыда айтқан сөздерімнің дәлелі ретінде тәрбие саласы бойынша мектеп-гимназиямызда өтілген "Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары" тақырыбындағы аудандық семинарды атап өтуіме болады деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдерінің бағдарлама идеясын түсініп игергендігінің

айғағы сол болар, өтілген сыныптан тыс жұмыстарға ата-ана мен оқушы бірге тартылды. Сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқытуды басқару мен көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты балаларды оқыту модульдерін қолдану арқылы өтілді. Бұрын сыныптан тыс жұмыстар бірсарынды, жаттанды тәсілмен, яғни әдеби-музыкалық монтаж түрінде өтілетін еді. Бұл семинарда өтілген іс-шараларда оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірлері ортаға салынды, алдын ала сценарий бойынша дайындалмады. Тек ортаға мәселелер мен түрлі сұрақтар тасталып, талқыланды. Оқушылардың бойынан өзгеріс байқалды. Олар өз ойларын еркін айтып, дәлелдеуге тырысты. Оқушыларға өз ойын еркін айтқызған жағдайда олардың өз қолымен тәрбие мәселесін шешуге болатындығы айқындалды. Сондай-ақ ата-аналардың мұндай жұмыстарға тартылуының да мектептегі тәрбие мәселесін шешуге көп септігі болатындығы білінді. Аудандық семинар белгіленген күннен бастап сынып жетекшілер жоғарыдағы тақырып бойынша іс-шаралар өтілетінін оқушыларға ескертіп, өз бетімен ізденуге, сын тұрғысынан ойланып, іс-шараларды қалай өткізуге болатындығы жөнінде өз ойларын ортаға салып үлес қосуларына болатындығын, дәстүрлі әдістен бөлек қандай шаралар өткізуге болады дегендей оқушыларға шығармашылық еркіндік ұсынды. Сонда оқушыларымыз күнделікті мектеп өмірінде, оқушылар арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды бейнекамераларға түсіріп, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге өз көзқарастарын ортаға салып, мәселенің көп болып қолға алғанда ғана шешілетіндігін білдірді. Қоғам, яғни ата-ана, мұғалім, оқушы болып біріккенде ғана түрлі мәселелерді шешуге болатындығын айқындауға тырысты. Оқушыларымыздың осы әрекеттерінен, егер өз ойларын еркін айтқыза білсек, өз бетімен іздендіре білсек, өздерін жұмыс жасата білсек келешекте өмірден өз орнын табатын, кез-келген жағдайдан жол тауып шыға білетін, қолжетімді мақсат қоя білетін нағыз көшбасшы құзіретті тұлға етіп тәрбиелей алатынымызға көзіміз жетті.

Ал, енді білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, мектептегі білікті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз білім берудегі инновациялық әдістердің тиімділігіне күннен күнге көз жеткізіп келеді. Оның айғағы ұстаздарымыз күнделікті сабақтарын жеті қуатты педагогикалық құрал болып табылатын модульдерді кіріктіре және ықпалдастыра отырып өткізуге дағдыланды. Мұғалімдеріміз оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділіктерін топтық жұмыс арқылы, ЖАДА арқылы сонымен қатар өз бетімен іздендіру, өз бетімен жұмыс жасату, шығармашылық еркіндік беру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сияқты әдістермен арттырып келеді. Әсіресе, топтық, жұптық жұмыстағы оқушылардың өздеріне жұмыс жасатудың тиімділігін баса айтуда. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тиімділігін басты назарда ұстап отыр. Мектептегі өтіліп жатқан пән апталықтары мен мектепішілік семинарлардың барлығы дерлік осы жаңаша оқыту бағдарламасының әдістемесімен өтіліп жатыр. Сөзіме дәлел ретінде математика мұғалімінің сабағынан алған әсерімді жазайын және мұғалімнің өз сөзімен келтірейін. Мұғалім сабағында тек бағыт беруші, басқарушы, ұйымдастырушы, бақылаушы, яғни бір сөзбен айтқанда көшбасшы қызметін атқарды. Ол "Сағат дос" әдісін сабағында тиімді қолданды. Оқушыларына бір-бір сағат макетін беріп кім-кіммен сағат қаншада кездесетіндігін анықтауын сұрады. Дайындаған тапсырмаларына сәйкес сағат он екіде, үште, алтыда, тоғызда кім-кіммен кездесетіндігін анықтап алды. Мұнда оқушылар бір-бірінен сұрау арқылы өзара келісіп алды. Мысалы: Нұра мен Марат сағат он екіде кездеседі.Ал, Марал пен Серікбай сағат үште кездеседі деген сияқты. Әр сағатқа әр-түрлі тапсырмалар дайындалған және кім қай сағатта кіммен кездесетін болса сол оқушымен жұптасып тапсырма орындады. Сол сияқты тапсырмалардың орындалуын да өздері жұптасу арқылы тексерді және үш балдық жүйемен бағалап отырды. Бұл жерде мұғалім оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданды. Сабақта бос отырған, қамтылмаған, бағаланбаған, өздігінен жұмыс жасамаған оқушы болған жоқ. Ал, пән мұғалімі бұрынғы сабақтарында тек өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтындығын айта келіп, қазіргі кезде оқушыларға өзіндік жұмыс жасату арқылы оқушылардың басқа нәрсеге мойын бұрмай тек сабақты меңгеруге тырысатындығын, басқалардан қалмау үшін ізденетіндігін, достарынан бағаны дұрыс алу үшін көп ізденіп сабаққа деген қызығушылықтары артып келе жатқандығын айтты. Сондай-ақ оқушылардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, бір-бірін құрметтеу қасиеттері қалыптасып келе жатқандығын баса айтты.

Курстан кейін де мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде құрған шығармашылық тобым, яғни мектепішілік кәсіби қоғамдастық мүшелерімен жұмысымызды жалғастырдым. Сол жұмыстардың нәтижесі бүгінде үш

тәлімалушым деңгейлі бағдарлама тыңдаушылары болып отыр. Деңгейлі бағдарламаны меңгертуге сіңірген еңбегімнің еш кетпегенін, бірінші бетпе-бет кезеңінде көп мәліметтерді біліп, түсініп отырғандарын тілге тиек етуде.

Сөзімді қорытындылайтын болсам, Кембридж бағдарламасы - еліміздің жастарына жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде қолдана білуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді







Курстан кейін өзгеріс ең бірінші өз бойымнан байқалды. Жалпы өз мамандығымның иесі ретінде өзіме сенімділік оянды. Көшбасшы ретінде мектепке өзгеріс ендіруге бел шешіп кірістім. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде қолға алған жұмыстарды ары қарай жандандырдым. Мектептің бастапқы ахуалын анықтау нәтижесінде анықтаған басымдығым бойынша мектептің даму жоспарын жасап, сол жоспарға сай іс-әрекеттегі зерттеуімді жүргіздім. Мектепті дамыту жоспарымның тақырыбы «Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту негізінде оқу белсенділіктерін арттыру» болатын. Осы басымдықты басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби жетілуі мен оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыруды мақсат еттім.

Соның айғағы мектепте өтілген іс-шаралардың барлығы Кембридж тәсілімен жүргізілді. Мектепте өтілген аудандық болмаса мектепішілік семинарларда өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың жаңаша оқыту тәсілімен өтілуі мектеп ұстаздарының Кембридж тәсілдерінің тиімділігін ұғынғандығының және өзгеріс жасай алғанымның белгісі деп білемін. Менің бірінші деңгей мұғалімі ретіндегі мақсатымның бірі кәсіби қоғамдастық құрып, мұғалімдердің білім мен инновациялар алмасуына ықпал жасау екендігі сөзсіз. Ең алдымен көшбасшы ретінде мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға тырыстым. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс-тәжірибесін жетілдіруіне оқушы үнінің, Лессон Стади әдісінің тигізетін ықпалы орасан екеніне менің ғана емес көптеген әріптестерімнің де көзі жетті.

Яғни, менің көшбасшы ретіндегі басты мақсатым мектебіме өзгеріс енгізуге, мұғалімдердің кәсіби өсуіне, тәжірибелерін жетілдіруге, Шульманның үш көмекшісін өздеріне серік еткен ұстаздарды қалыптастыруға ықпал ету болғандықтан өзім сияқты бірінші деңгейлі әріптестеріммен қоян-қолтық байланыс орнаттым. Аудан мектептері арасында кәсіби қоғамдастық құрып, ынтымақтасып жұмыс жүргізуімізге аудандық білім бөлімінің көп септігі тиді. Аудан мектептері әр аптаның сәрсенбі күндері ашық есік күндерін және семинарлар ұйымдастырып отырды. Соның арқасында қоғамдастық жұмысы жанданып, кәсіби байланысымыз артты. Осы өтілген әрбір семинарларда аудан мұғалімдері жаңаша оқыту бағдарламасының енгізілуіне үлестерін қосты. Өз мектебімде өткен семинарларға тоқталсам, жаңа форматтағы ұстаздарымыз жаңаша оқыту бағдарламасының мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралды, яғн

педагогикалық құралды, яғни жеті модульді сабақтарына енгізіп, бір-бірімен ықпалдастырып кіріктіре отырып сабақтар өтті. Аудан мектептерінен келген ұстаздар қауымы өтілген сабақтардан алған жаңалықтарының мол екенін, жалпы жаңаша оқыту бағдарламасының мұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді екенін, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрететінін сөз етті. Құзіретті шәкірт тәрбиелеу, құзырлы мұғалімнің қолында екендігі даусыз болғандықтан, құзырлы мұғалімдер жетілдіру үшін мектебімізде коучинг және тәлімгерлік үдерісін жүргіздім. Коуч мұғалімдердің көмегімен коучинг және тәлімгерлік жүргізіп, жаңа білім беру бағдарламасын мектебімізге ендіруге ықпал еттім. Бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралдарды сабақтарға ендіру үшін қызмет атқаратын коуч мұғалімдерге тәлімгерлік жасадым. Ал, енді өзімнің өткізген коучинг-сессияларыма келетін болсам, айына бір рет өткізіп отырдым. Коучинг-сессияларымда сыни ойлау модулін басшылыққа алып отырдым. Мектеп-гимназиямызда ақпан айының 21-і күні аудандық семинар ағылшын пәнінен өтілді. Өзім ағылшын тілі маманы болғандықтан ауданымыздың ағылшын тілі мамандарына коучинг-сессия өттім. Семинарға келген мұғалімдердің арасында тек бір ғана 3-деңгейлі мұғалім бар екен. Ол Шардара мектеп-лицейінің мұғалімі М. Мамытов, коучингке қатысып ұмытқан мәліметтерім есіме түсті деді. Семинарға басшылық жасаған аудандық білім бөлімінің шетел тілдері пәнінің әдіскері Г. аудан мектептерінде өтіп жүрген коучингтерге қатысып жүрмін, бірақ бүгінгі өтілген коучинг мен үшін жаңалық болды алған әсерім ерекше деді. Коучинг-сессия деген қалай өтілу керектігін енді ұқтым деді.

Сондай-ақ сыни тұрғыдaн oйлaй бiлeтiн тұлғa дaярлaу бүгiнгi күннiң тaлaбы eкeнiн eскeріп, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту aрқылы жaңa aлынғaн бiлiмдi өз бeтiмeн мaғынaсын aйқындaйтын жәнe ұштaйтын дәрeжeдe шeшiм қaбылдaй бiлeтiн тұлғaлaрды қaлыптaстыруды мақсат етіп қойдым.

Жоғарыда айтқан сөздерімнің дәлелі ретінде тәрбие саласы бойынша мектеп-гимназиямызда өтілген "Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары" тақырыбындағы аудандық семинарды атап өтуіме болады деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдерінің бағдарлама идеясын түсініп игергендігінің

айғағы сол болар, өтілген сыныптан тыс жұмыстарға ата-ана мен оқушы бірге тартылды. Сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқытуды басқару мен көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты балаларды оқыту модульдерін қолдану арқылы өтілді. Бұрын сыныптан тыс жұмыстар бірсарынды, жаттанды тәсілмен, яғни әдеби-музыкалық монтаж түрінде өтілетін еді. Бұл семинарда өтілген іс-шараларда оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірлері ортаға салынды, алдын ала сценарий бойынша дайындалмады. Тек ортаға мәселелер мен түрлі сұрақтар тасталып, талқыланды. Оқушылардың бойынан өзгеріс байқалды. Олар өз ойларын еркін айтып, дәлелдеуге тырысты. Оқушыларға өз ойын еркін айтқызған жағдайда олардың өз қолымен тәрбие мәселесін шешуге болатындығы айқындалды. Сондай-ақ ата-аналардың мұндай жұмыстарға тартылуының да мектептегі тәрбие мәселесін шешуге көп септігі болатындығы білінді. Аудандық семинар белгіленген күннен бастап сынып жетекшілер жоғарыдағы тақырып бойынша іс-шаралар өтілетінін оқушыларға ескертіп, өз бетімен ізденуге, сын тұрғысынан ойланып, іс-шараларды қалай өткізуге болатындығы жөнінде өз ойларын ортаға салып үлес қосуларына болатындығын, дәстүрлі әдістен бөлек қандай шаралар өткізуге болады дегендей оқушыларға шығармашылық еркіндік ұсынды. Сонда оқушыларымыз күнделікті мектеп өмірінде, оқушылар арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды бейнекамераларға түсіріп, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге өз көзқарастарын ортаға салып, мәселенің көп болып қолға алғанда ғана шешілетіндігін білдірді. Қоғам, яғни ата-ана, мұғалім, оқушы болып біріккенде ғана түрлі мәселелерді шешуге болатындығын айқындауға тырысты. Оқушыларымыздың осы әрекеттерінен, егер өз ойларын еркін айтқыза білсек, өз бетімен іздендіре білсек, өздерін жұмыс жасата білсек келешекте өмірден өз орнын табатын, кез-келген жағдайдан жол тауып шыға білетін, қолжетімді мақсат қоя білетін нағыз көшбасшы құзіретті тұлға етіп тәрбиелей алатынымызға көзіміз жетті.

Ал, енді білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, мектептегі білікті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз білім берудегі инновациялық әдістердің тиімділігіне күннен күнге көз жеткізіп келеді. Оның айғағы ұстаздарымыз күнделікті сабақтарын жеті қуатты педагогикалық құрал болып табылатын модульдерді

құрал болып табылатын модульдерді кіріктіре және ықпалдастыра отырып өткізуге дағдыланды. Мұғалімдеріміз оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділіктерін топтық жұмыс арқылы, ЖАДА арқылы сонымен қатар өз бетімен іздендіру, өз бетімен жұмыс жасату, шығармашылық еркіндік беру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сияқты әдістермен арттырып келеді. Әсіресе, топтық, жұптық жұмыстағы оқушылардың өздеріне жұмыс жасатудың тиімділігін баса айтуда. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тиімділігін басты назарда ұстап отыр. Мектептегі өтіліп жатқан пән апталықтары мен мектепішілік семинарлардың барлығы дерлік осы жаңаша оқыту бағдарламасының әдістемесімен өтіліп жатыр. Сөзіме дәлел ретінде математика мұғалімінің сабағынан алған әсерімді жазайын және мұғалімнің өз сөзімен келтірейін. Мұғалім сабағында тек бағыт беруші, басқарушы, ұйымдастырушы, бақылаушы, яғни бір сөзбен айтқанда көшбасшы қызметін атқарды. Ол "Сағат дос" әдісін сабағында тиімді қолданды. Оқушыларына бір-бір сағат макетін беріп кім-кіммен сағат қаншада кездесетіндігін анықтауын сұрады. Дайындаған тапсырмаларына сәйкес сағат он екіде, үште, алтыда, тоғызда кім-кіммен кездесетіндігін анықтап алды. Мұнда оқушылар бір-бірінен сұрау арқылы өзара келісіп алды. Мысалы: Нұра мен Марат сағат он екіде кездеседі.Ал, Марал пен Серікбай сағат үште кездеседі деген сияқты. Әр сағатқа әр-түрлі тапсырмалар дайындалған және кім қай сағатта кіммен кездесетін болса сол оқушымен жұптасып тапсырма орындады. Сол сияқты тапсырмалардың орындалуын да өздері жұптасу арқылы тексерді және үш балдық жүйемен бағалап отырды. Бұл жерде мұғалім оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданды. Сабақта бос отырған, қамтылмаған, бағаланбаған, өздігінен жұмыс жасамаған оқушы болған жоқ. Ал, пән мұғалімі бұрынғы сабақтарында тек өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтындығын айта келіп, қазіргі кезде оқушыларға өзіндік жұмыс жасату арқылы оқушылардың басқа нәрсеге мойын бұрмай тек сабақты меңгеруге тырысатындығын, басқалардан қалмау үшін ізденетіндігін, достарынан бағаны дұрыс алу үшін көп ізденіп сабаққа деген қызығушылықтары артып келе жатқандығын айтты. Сондай-ақ оқушылардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, бір-бірін құрметтеу қасиеттері қалыптасып келе жатқандығын баса айтты.

Курстан кейін де мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде құрған шығармашылық тобым, яғни мектепішілік кәсіби қоғамдастық мүшелерімен жұмысымызды жалғастырдым. Сол жұмыстардың нәтижесі бүгінде үш

тәлімалушым деңгейлі бағдарлама тыңдаушылары болып отыр. Деңгейлі бағдарламаны меңгертуге сіңірген еңбегімнің еш кетпегенін, бірінші бетпе-бет кезеңінде көп мәліметтерді біліп, түсініп отырғандарын тілге тиек етуде.

Сөзімді қорытындылайтын болсам, Кембридж бағдарламасы - еліміздің жастарына жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде қолдана білуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді







© 2010-2022