Ашық сабақ Ақ қошақан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Ақ қошақан»

Мақсаты

Білімділік: үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту , аққошақанды жапсыру және оның жасалу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: қиялы мен шығармашылық ойын дамыту.

Тәрбиелік: үй жануарларына қамқор болуға тәрбиелеу.

Қолданылған материалдар: үлгі сурет , сулық, желім , үлестірмелі материалдар, ақ қой жүні.

Оқу іс -әрекетінің

Кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын келді күн

Қайырлы таң қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін

Балалар шаттық шеңберін жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар , мен сендерге жұмбақ жасырамын

Кішкентай ғана бойы бар ,

Айналдырып киген тоны бар?

Балалар мынау - қой

Ойыншық қойдың суретін көрсету.

Қой үй жануары ма немесе жабайы жануар ма?

Төрт түліктің бірі. Ол шөппен көректенеді. бүгін біз аққошақанды жапсырамыз.

Үлестірмелі материалдарға назар аударамыз.

Жұмыстың жасалу ретін түсіндіру көрсету.

Қиылған аққошан үстіне жүндерді түтіп созып желім жағып жапсырамыз.

Бір -біріне жақын қойып , толтырамыз.

Міне , біздің аққошақанымыз дайын болды.

Сергіту сәтін жасаймыз.

Ал ,балалар ,келіңдер

Бой жазайық бәріміз

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Топ - топ басып аяқпен

Орнымызға барамыз

Жұмбақты шешеді.

Жауабы «қой»

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Аққошақанды жапсыруға кіріседі.

Жасалу ретімен танысады.



Сергіту сәтін орындайды.

Қорытынды

Балалардың көңіл күйлерін , алған әсерлерін не үйренгендері сұралады.

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетін қорытындылап , балаларды мадақтау.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарына қуанады.

Күтілетін нәтиже

Біледі: Қой үй жауарлары екенін

Үйренеді: Жүнді түтіп, созып жапсыруды.

Игереді: үй жануарларына қамқорлық жасауды.



© 2010-2022