Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы Тақырыбы: «Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының

«Қызылжар аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Мирас»

бөбекжай бақшасы»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Тақырыбы: «Құтты болсын,Жаңа жыл!»











Тәрбиеші: Жолмуканова А.М








а.Бескөл

2015

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

Ұйымдастыру саласында: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Құтты болсын ,Жаңа жыл!»

Мақсаты: түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту; сары, көк, жасыл, қызыл түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: шырша, үлкен қаршық, үйшік, көп кішкентай қаршықтар, Шұбар тауық ,ата, әже ,тышқан, Алтын жұмыртқа, үлкен ақ жұмыртқа.

Іс- әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

Қозғалушылық

Ойындық жағдаят.

Балалар, қараңдаршы бұл не?

Шеңберге тұрғызу

Ал, балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Алдыменен бәріміз,

Әсем біздің шыршаға

Тақпақ айтып алайық.

Балалар қараңдар шыршаның түбінде не жатыр? Келіңдер көрейік!

Музыкамен балалар залға кіреді.

Шырша

Балалар тақпақтарын айтады

Балалар таңқалып қарайды

Қаршықты көтеріп құлағына жақындатып тыңдайды:

Балалар, қаршық бізді орманға саяхат жасауға шақырады, барамыз ба? Ал,ендеше біз оны домалатып жіберейік. (қаршықты үйшікке қарай домалату)

Қаршық бізді қайда әкелді?

Тук-тук. Кім үйшікте тұрады?

Ақшақар:-Бұл кім екен ?

Тәр-і: Сәлеметсіз бе! Сіз кімсіз?

Ақшақар: Мен ақшақармын, Аяз атаның немересімін, ал сендер кімсіңдер?

Тәр-і: Бізді саған қаршық алып келді.

Ақшақар: Жарайсың қаршық! Мен қонақтарға өте қуаныштымын.Менде де қаршықтар бар бірақ олар сиқырлы емес, олармен ойнағыларың келеме?

Ойын: «Қаршықтар»

Ақшақар: Балалар, қаршықты тағыда

Қызығушылықтары туады.

Ия, барамыз.

Балалар соңынанан барады

Үйшікке алып келді

Амандасады


Ойнағымыз келеді

Қаршықпен ойнайды

Ұйымастырушы-ізденушілік

домалатып көрейік бізді қайда апарар екен? Шыршаға алып келді,бірақ ешкім жоққой.

Кірпі: шырша түбінде Ақшақардан тығылып отырады.

Тәр-і: сен кімсің ?

Кірпі: Мен тікенекті кірпімін,

Ішім пысып отыр.

Балалармен ән салып,

Ойын ойнағым келеді.

Тәр-і: Сәлеметсің бе кірпі!

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Тәр-і: кірпі сен неге көңілсізсің?

Біздің балалар қазір көңіліңдң көтеріп өлең айтып береді.

Өлеі:

Кірпі: қандай жақсы өлең рахмет? Біздің достығымыз үшін мен сендерге мені сйпауға рұқсат беремін.

Тәр-і: кірпі біз сені қалай сипаймыз сенің инелерің барғой,пісіп аласың.

Кірпі: жаңа жылда мен мейірімді боламын, инелерімді алып тастадым.

Қоштасып кетеді.

Тәр-і: сиқырлы қаршықты тағы домалатып жіберейік пе? Қаршық үйшікке домалап келеді.Мында кім тұрады екен?

Қоян:үйшіктен қоян қорқып шығады.

Тәр-і: Сәлеметсің бе Қоян! Сен неге қорқып отырсың?

Қоян: сендер аңшысыңдар ма?

Тәр-і: Жоқ біз аңшы емеспіз,бізді сиқырлы қаршық алып келді.Сен кімнен қорқып отырсың?

Қоян: Қысқы орман ішінде маған көңілсіз.

Тәр-і: Қоян біз сенің көңіліңді көтереміз, балалар саған би билеп береді.

БИ:

Қоян: Рахмет! Көңілімді көтердіңдер, сауболыңдар!

Балалар Ақшақармен бірге қарайды


Амандасады



Кірпіні сипайды

Сауболыңыз

Ия, жіберейік



Балалар би билейді

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Есік сыртынан дауыс естіледі. Ау-ау

Тәр-і: балалар Аяз ата келе жатқан сияқты,кәне онымен тығылмақ ойнап алайқ.

Аяз ата: Орман іші боран болып кетті

ғой жолдардың бәрі жабылып қалды.

(қаршықты көреді) міне менің көмекшім

Қаршығым айтшы маған, балалар қайда екені. (қаршықты домалатады)

Балалар осында шығар?

Аяз ата: жоқ бұл балалар емес екен мысықтар ғой. Қаршығым саған не болған! Тағыда домалатып көрейін. Енді иттер. Тауып алдым ау сендерді,

Ортаға шығыңдар шынығып алайық.

Өлең: Топ-топ

Тәр-і: Аяз ата біздің шыршамызды жағып беріңізші?

Аяз ата: Әрине, жағып беремін бірақ балалар маған көмектесесіңдер ме?

-Кәне шапалақтайық.

-Аяқпен топылдатайық.

-Енді қатты үрлейік.(шырша жанады)

Тәр-і: Аяз ата балалар сізден сыйлық тосып отыр.Сіз сыйлық туралы ұмытқан жоқсыз ба?

Аяз: Мен балабақшаға келе жатқанда орманның ішінде сыйлығымды жоғалтып алдым.Оны қайдан ідеймін?

Тәр-і: Уайымдамаңыз, Ата бізге қаршық көмектесер. (шыршаға дома-ту)

Тосын сый болады: Шұбар тауық

Кейіпкерлер:Ата,Әже,шұбар тауық,тышқан

Әже:Әнші шұбар ала тауығым.

Ата:Шұбар менің тауығым,

Жеміңді келіп жей ғой.

Суыңды құйған іше ғой,

Би де билеп бере ғой.

Тауық:Мен,шұбар ала тауықпын,

Ән де салып, би де билеп беремін.

Менң жақсы көреді,

Атам менен Әжем де. Ко-ко-ко

Ата:Ән саласың әрқашан

Жұмыртқаны қашан табасың?

Әже:Бүгін бәліш пісіріп,

Апарамын бақшаға.

Бүгін барлық балалар,

Сыйлық алып мәз болар.

Балалар тюльдің астына тығылады.


Мияу-мияу

Иттің даусын, құстың даусын

салады

би билеп секіріп алады

Ия, көмектесеміз

Қол шапалақтайды

Аяқпен топ-топ

Уф-уф деп үрлейді

Тауық:Сендер маған жем шашып,

Су да құйып беріңдер.

Әже:Міне саған жем шаштым.

Ата:Міне саған су құйдым.

Тауық:Ата,Әже көп рахмет!

Сыйлыққа берем жұмыртқа.

Ойын емес шын айтам.

Тосыңдар,сәл шыдаңдар!

Ата-Әже келіңдер!

Жұмыртқамды көріңдер

Жұмыртқам менің жай емес

Жарқырайды алтындай.

Ата: Ой,ыстық-ыстық,қараңдар!

Өрт шықпасын байқаңдар!

Әже:Ой,жарқырайды,жанады,

Көзімді ауыртып барады.

МІНЕ ҒАЖАП!

Тәр-і: Тышқан шығып інінен

Ата,әже алдынан

Жүгіре басып өтем деп

Қағып кетіп құйрықпен

Жұмыртқаны жарады.

Әже:Ойбай масқара,

Не болды енді!

Ата:Шұбар ала тауығым,

Не қыламыз,не істейміз!

Балаларға не береміз! Енді біз?

Тауық:Жылама ата,жылама әже,

Аяз атаға барамыз

Көмек одан сұраймыз.

Ертегіні қызықпен,

Бітіреміз әнменен

Аяз:Қайғырмаңдар бекерге,

Бәріде жақсы болады.

Шыршам менің сыйқырлы,

Сыйлық тауып береді.Келіңдер, мында тезірек! Шырша астында тұрған не? -МІНЕ ,ҚЫЗЫҚ!!!

Тауық: Тосын сыйлық мінекей! Жұмыртқам алтын емес бірақта.

Ата-Әже:Ия, жұмыртқа емес,

Қазына да емес,

Балаларға сыйлыққой!

Ертегі бітті осымен,

Би билейміз әнменен,

Құтты болсын Жаңа жыл!

Алақанды соғамыз!

Таңырқап қарайды

Балалар тамашалайды










Қолдарын соғады

Рефлекциялық-

түзетушілік

Балалар,біз бүгін қайда бардық?

Кімдерді көрдік?

Ертегіге барған ұнадыма?


Орманға бардық

Ақшақарды,кірпіні, қоянды,Аяз атаны

Ия,ұнады

Күтілетін нәтиже:

Білу: ойды дұрыс жеткізе;

Болу: шыршаның не үшін тұрғанын, Аяз ата неге келгені туралы түсінік

Істей білу: «Жаңа жыл» туралы түсініктерді меңгерді






© 2010-2022