Мектепке дейінгі дайындау және тәрбиелеу. Тақырыбы: Қыс өрнегі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепке дейінгі дайындау және тәрбиелеу. Тақырыбы: Қыс өрнегіМектепке дейінгі дайындау және тәрбиелеу. Тақырыбы: Қыс өрнегіМектепке дейінгі дайындау және тәрбиелеу. Тақырыбы: Қыс өрнегі

Орта топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы : Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ән

Тақырыбы: «Қыс өрнегі»

Мақсаты: әнді сезіммен , нақышына келтіріп айтуға, әуенді тыңдап, әңгімелей білуге үйрету.Таныс шығармаларды ажырата білуге, еске сақтауға дағдыландыру. Балаларға арналған аспаптарды игеруге машықтандыруды жалғастыру. (қайталау)

Қолданылатын көрнекіліктер: Техникалық құралдар (ДҮД, теледидар) барабан, сылдырмақ аспаптары.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап, ән айту, ән тыңдау, әуенді-ырғақты қимыл, қимылды ойын

Сөздік жұмыс : шырша, полька, аяз,суық

Іс-әрекет кезеңдері

Ән жетекшінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы







Іздену-ұйымдастырушы













Рефлекция


Балаларды көңілді әуенмен қарсы алады.Амандасады.

Жұмбақ жасырады :

Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз

Ол не?

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы : «Қыс өрнегі»

-Балалар, қазір қай мезгіл?

Балалардың назарын «Қысқы пейзаж» көрінісінен суреттерге аудару. (теледидар арқылы көрсетеді.)

Қандай қызық қыс деген?

Бәрін шебер істеген,

Бақша бауды ,тауды да,

Бояған ақ түспенен

-Ал, кім қыс туралы тақпақтар біледі?

-Қыс мезгілі кімге ұнайды,

неліктен ұнайды?-деген сұрақтар қою арқылы қызығушылықтарын арттыру.


Әуенді қимыл: «Көңілді полька»

Би қимылдарын көрсетіп,

қайталауларын сұрайды.

Қимылды ойын: «Шана тебеміз»

-Сендерге қыста ойнаған ұнай ма?

-Қандай ойындарды ұнатасыңдар?

Теледидар арқылы «Қысқы ойындар» суретін көрсетеді.

Музыка тыңдау: «Сырғанақ»

Н.Дүкенбай)

-Әннің көңіл-күйі сипаты қандай?

-Әнде не туралы айтылған?-деген сұрақтар қою арқылы ән мазмұ-

нын ұғынуларына ықпал ету.

Дауыс жаттығуы : «Қыс»

Аппақ күміс бар әлем ля-ля-си

Зымыраймыз шанамен ля-ля-си

Ән үйрену: «Ақша қар»

(С.Әшімов)

Әннің мәтінін оқып беріп әннің әуенімен таныстыру,жұмыс жасау.

Қысты күні таңертең,

Ерте оянып жас бала

«Қар»,-деп сыртқа қарайды

Көңіл бөлмей басқаға.

Әлдилесін шат өмір,

Алсын бізді алдына.

Жауын түгіл,жаз түгіл

Ардақтаймыз қарды да.

Ойын : «Қай аспапта ойнаймын?»

Барабан, сылдырмақ, пианино аспаптарында ойнауды ұйымдастырады. Ойналған аспаптың дауысын ажыратып атын атауды , аспапта ойнап көрсетуді сұрау.


Ғажап сөздер айту: шырша,полька, аяз, суық

-Көңіл -күйіміз қалай?

-Қыс мезгілі қандай?

-Қысқы ойындар қандай?

-Келген қонақтарымыз қандай?

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мақтау

Әуен ырғағымен топқа кірді. Әуенмен амандасты.

Аяз


Қыс мезгілі

Суреттерге қарап әңгімелейді

Мектепке дейінгі дайындау және тәрбиелеу. Тақырыбы: Қыс өрнегі

1-бала

Тағы да қыс түсті де,

Тон жамылды қырқалар.

Қайың, терек үстіне

Қона қалды ұлпа қар.

2-бала

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Бір аяқтан екінші аяққа әуен ырғағымен жеңіл секірді.Ұлдардың қолдары белдерінде,қыздар қыздар көйлек етектерінен ұстады.

Ия,ұнайды.

Қар атысып ойнаймыз,шанамен сырғанаймыз

«Қысқы ойындар» суретін тамашалады.

Балалар әнді ықылас қойып тыңдады

Ән өте көңілді, әдемі сазды

Ойнап жүрген балалар туралы

Дауыс жаттығуын бірге бастап, бірге аяқтады.тыныс алуды, созып айтуды үйренді.


Ән әуенін үйреніп, қайталап айтып үйренді



Балалар ойынға қатысып қызықты әсер алды. Аспаптардың дауысын ажыратып үйренді. Атын атап,

аспапта ойнады.


Ғажап сөздерді айтып үйренді.

Жақсы

Суық, ызғарлы

Қысқы ойындар қызық

Жақсы,мейірімді

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Әнді сипатына сай келтіре айтуды,ойынға белсене қатысуды

Түсінеді: таныс шығармаларды ажыратуды,еске сақтауды,ән мәтінін әңгімелеуді

Қолданады: Балаларға арналған музыкалық аспаптарда еркін ойнауды дауысын ажыратуды,ырғақты сезіне білуді.


© 2010-2022