«Бүгін бізде мереке» спорттық сауықтыру шарасы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бүгін бізде мереке» спорттық сауықтыру шарасы

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

«Асылай» бөбекжай балабақшасы

Әдіскер А.Минажева

«Бүгін бізде мереке» спорттық сауықтыру шарасы

(Ұстаздар мерекесі)
Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту және балабақшадағы сыйластық, мерекелік көңіл күй сыйлау.

Қажетті құралдар:массажная дорожка, жіп, тоннель, секіртпе,тенис шарлары, ас қасық,себет, доп,
Жүргізуші:
Қадірменді балабақша қызметкерлері!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,"Салауатты өмір салтын" ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан -жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.
Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау, сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу.
Соның бір шарасы "Бүгін бізде мереке " атты ұстаздар мерекесіне арналған сауықтыру сайысына кош келдініздер.
Бүгінгі сайысқа "Айналайын", "Құлыншақ", «Боташым», «Балапан» топтары қатысқалы отыр.
Қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды,
Бала тәрбиелеген тәрбиеші,
Бала болып ойлайды - деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Әділ қазылармен таныс болайық:

Балабақша меңгерушісі С. Тулегенова

Балабақша медбикесі: Л.Абдулова

МАД тобының тәрбиешісі: Сариева М.

Таныстыру.

"Айналайын " тобы :
"Құлыншақ " тобы:

«Боташым» тобы:

«Балапан» тобы

Жүргізуші:
Қалма жұрттың соңында,
Қажет болса мың атта.
Аздық етер оныңда,
Жету үшін мұратқа.
2. «Тез адымда » сайысы
Шарты: массаж төсемесі үстінен шықпай жүгіріп өтіп, қайтарда аяқ ортасына доп қысып түсірмей жүріп келіп, орнымызға тұрамыз.

3 Жеміс жинау» ойыны

Шарты: Шеңбер ішінен жеміс жинау (тенис шары). Әр ойыншы әрбір баруында бір жемістен жинайды. Берілген уақыт ішінде жиналған жемістін санымен есептелінеді. Бір жеміс 1 - ұпай.

4. «Секіртпемен секіру» сайысы

Шарты: Әр команда құрамы кезектесіп секіртпемен секіреді.Тоқтап қалған адам ойыннан шығып отырады.

5. "Кім жылдам" сайысы .
Шарты:
А) Үңгір астынан өту
Ә) Жіп бойымен жүру.
Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру.
6. «Кім епті» сайысы

Шарты:Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.Ойын осылайша бір топ жеңіске жеткенше жалғасады.

7. «Мерген»

Шарты:Айып сызығынан аспай допты қос қолмен себетке дәлдеп лақтырып түсіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жүргізуші:

«Спорт-игілікті іс. Спортта мінез-құлық қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар-ұятқа тиетін іс жасамайды. Жастайынан спортпен айналысқан адам бүкіл ғұмыр бойы табысқа жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжірбиемнен білемін»-деген екен елбасымыз Н.Ә.Назарбаев.
Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа,
Жетелейді елдің сәні ынтымаққа.
Денсаулықтың түсіндіріп әліппесін,
Жол салады айдын шалқар болашаққа.
Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді де білгір, денсаулығы мықты, спорт десе, ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын, спортты сүйетін сайыскерлеріміздің жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік.(Қазылар алқасы марапаттап, сыйлықтар ұсынды)
Жүргізуші:
Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулелендірейік!

«Бүгін бізде мереке» атты сауықтыру шарамыз осымен тәмамдалды. Белсенділік танытып қатысқандарыңыз,тамашалағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет.







© 2010-2022