Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


№5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі түберкулездік ясли-балабақшасы

Тақырыбы:

Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту

(I-кішкентай сәбилер тобы)

Тәрбиеші: Баширова Ұлдай Башбаевна

Ақтөбе - 2016ж.



Мақсаты:

1. Балалардың жыл бойы түс туралы алған білімдерін бекіту.

2. Балалардың қол-саусақ моторикасын дамыту.

3. Балалардың өздеріне таныс «Үш аю» ертегісінің театрландырылған түрін

мұқият тыңдай білуге ынтасын және олардың көру, есту, ойлау

қабілеттерін одан әрі арттыру.

4. Үлкенге - құрмет, кішіге-ізет етуге балаларды тәрбиелеу.

5. Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.

- Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Әуелі қонақтармен амандасып

алайықшы.

- Саламатсыздар ма?

- Ал, егерде балалар, үлкен ер адмдарды көрсек, қалай амандасамыз?

- Ассалаумағалейкум.

- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бізді мына жерде әжей күтіп отыр екен. Кәне,

бәріміз әжеге амандасайықшы.

- Сәлем бердік, әже!

- Бақытты болыңдар, балаларым! Мен мына жерге жіптерімді шашып алып

отырмын, соны жинауға көмектесіңдерші.

- Көмектесеміз бе, балалар?

- Иә, көмектесеміз.

- Балалар, қолдарыңдағы жіптердің түстерін атаңдаршы.

- Қызыл, сары, көк.

- Балаларым, рахмет! Ал бұл жай ғана жіп емес, сиқырлы жіпте бар ішінде.

(Әже кәрзеңкесінен сиқырлы жібін алып домалатып жібереді)

- Зымыра, жібім, зымыра жол көрсет мына, балаларға.

- Кәне, балалар, мына сиқырлы жіптің соңынан жүрейік. Бізді қайда

апарады екен.



- Ой, балалар, біз орманға келген сияқтымыз.

- Нені көріп тұрсыңдар?

- Шыршалар мен гүлдерді, үйді.

- Балалар, жерде қар бар ма?

- Жоқ.

- Себебі қазір қай мезгілі?

Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту

- Көктем.

- Дұрыс-ақ.

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Күн жылынады.

- Ал қазір күн бар ма мына жерде?

- Жоқ.

- Ал, мына зат нені еске түсіреді?

- Неге ұқсайды?

- Күнге.

- Пішіні қандай?

- Дөңгелек.

- Түсі қандай?

- Сары.

- Ал осы күнге сәулелері жетіспей тұрған сияқты. Соны жасаймыз ба?

(Балалар күннің сәулесін қадайды)

- Ой, балалар, қандай әдемі күн болды.

- Ал күн қай жерде тұрады?

- Аспанда.

- Кәне, бәріміз күннің шуағын алайық.

(осы жерде жай музыка ойналады)

- Балалар, күн щыққанда, көктемде жерге не шығады?

- Гүлдер, шөптер.

- Дұрыс-ақ.

- Кәне, жерге гүл егеміз бе?

(Балалар гүлді бұрап қадайды)

- Өте әдемі гүлдер шықты. Кәне гүлдер туралы ән салайықшы. (Гүлдер әні

орындалады)

- Балалар, енді қараңдаршы, орманда нені көріп тұсыңдар?

- Үйді.

- Ал бұл бұл үйде не тұрады деп ойлайсыңдар?

- Олай болса қазір бәріміз отырып «Үш аю» ертегісін тамашалаймыз.

Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту

Театрландырылған қойылым арқылы, балалардың ынтасын, олардың көру, есту және ойлау қабілеттерін дамыту



- Балалар, ертегі ұнады ма?

- Ертегі нелер туралы?

- Аюлар қалай жүреді? Дегендей сұрақтар койылады.

- Ой, балалар, дауыс қайдан шығады?

- Гүлдің арасынан.

- Бұл жерде кім бар екен?

- Балалар, Маша келіп тұр, бізден үйге баратын жол сұрайды. Көмектесеміз

бе?

- Ия, көмектесеміз.

- Балалар, Маша сендер көмектесеміз деген соң риза болып, сендерге орманнан жинаған жаңғағын беремін дейді. (Маша балаларға сыйлығын тапсырады)







№5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі түберкулездік ясли-балабақшасы

Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегі бойынша театрландырылған қойылым

(I-кішкентай сәбилер тобы)

Тәрбиеші: Баширова Ұлдай Башбаевна

Ақтөбе - 2016ж.



Мақсаты:

Білімділік: Балалардың оқу іс-әрекетте халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын ертегілер арқылы арттыру. Өздері білетін ертнгілерінің кейіпкерлерін атау арқылы, тілдерін жетілдіре отырып, ертегіні кейіптендіре білуге үйрету;

Дамытушылық: балалардың тіл байлығын, есте сақтау, сөйлеу қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: балаларды достыққа, бірлікке баулу, ертегілерді сүюге және адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: шал, кемпір, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі.


Әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушы.

- Сәлеметсіңдер ме! Балалар, мен сендермен көріскеіме қатты қуаныштымын. Бүгін ерекше күн, бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Әуелі қонақтармен амандасып алайықшы.

Шаттық шеңбер:

Армысың, жарық әлем!

Армысың, арайлы таң!

Армысың, менің достарым!

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай бар.

- Қыс мезгілінің айларын атай қойыңдар?

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

- Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

- Күн суық, салқын болады.

-Қыстың негізгі белгісі қандай?

- Қар жауады.

-Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?

Ақерке: Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

- Енді бүгінгі сабағымыздың оқу іс-әрекеттің тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат» деп аталады. Біз қандай ертегілермен таныстық?

- «Шалқан», «Үйшік», «Бауырсақ».

- Балалар, мына суретке қараңдаршы, қандай ертегілер бейнеленген?

Балалар ертегілердің аттарын атайды, ертегіні сахналайды.

- Балалар, біз қонақтарға «Бауырсақ» ертегісін сахналап берейік

- Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бірде шал: Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші, - дейді кемпіріне.

- Ұнның біткені қашан, бауырсақты неден жасаймын?

- Қаптың түбін қағып, орнын сыпырсаң, біраз ұн да жиналып қалар, - депті сонда шал. Кемпір қаптың түбін қағып, төгілгенін сыпырып, екі уыстай ұн жинайды. Оған қаймақ қосып, қамыр илейді. Содан соң оны майға қуырады. Піскен бауырсақты терезе алдына суытып қояды. Жата-жата жалыққан Бауырсақ терезеден жерге домалап түсіп, кемпір мен шалдан қашып кетеді.

Домалап келе жатып, ол Қоянды кезектіреді.

Қоян Бауырсаққа:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді.

- Мені жеме, Қоян. Мен саған өлең айтып берейін:

Мен - Бауырсақ, Бауырсақ,

Қаптың түбін қағып ап,

Апам екі уыс ұн жинап,

Қаймақ қосып шылап,

Ыстық майға қуырып,

Терезеге қойып суытқан.

Мен атамнан қаштым,

Апамнан да қаштым,

Ал сенен қашу, Қоян,

Қиын емес маған, - деп бауырсақ домалай жөнелді. Қоян аңтаң болып жолда қалады.

Қояннан құтылған бауырсақ домалай-домалай орман6а жетеді. Ойламаған жерден алдынан бір сұр қасқыр шыға келеді де:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! - дейді.

- Жемеші мені, қасқыр, мен саған өлең айтып берейін, - деп ол әндете жөнеледі:

Мен - Бауырсақ, Бауырсақ...

Босқа тұрсам, ұтылармын,

Қасқыр, сенен де құтылармын,

Бауырсақ домалап кете барады, қасқырдан құтылып кетеді.

Алдынан Аю кездеседі.

Аю:

- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін! - дейді ақырып.

- Тоқтай тұр, Аю, одан да өлеңімді тыңда, деп Бауырсақ кідірместен әндете бастайды:

Мен - Бауырсақ, Бауырсақ...

Аюға келді кезек,

Одан да қашу керек, - деп жолын жалғастырады.

Бауырсақ енді қу түлкіні кезіктіреді.

- Амансың ба, Бауырсақ! Өзің қызарып, әдемі болып кетіпсің, - дейді қулана. Бауырсақ мақтаныштан әнін бастап жібереді:

Мен - Бауырсақ, Бауырсақ...

Түлкі қазір сенен

Оңай қашып кетем,

Әнің жақсы екен, дейді қу Түлкі. Бірақ мен қартайдым, құлағым дұрыс естімейді. Тұмсығыма шығып, әлеңіңді қайта айтшы, жақсылап тыңдап алайын.

Мақтау сөзге елпілдеп кеткен Бауырсақ ойланбастан, түлкінің тұмсығына домалап мініп, әндете жөнеледі.

Мен - Бауырсақ, Бауырсақ...

Қаптың түбін қағып ап...

Сол-ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп қояды. Қарнын сипап бір тояды.


Рефлексті коррекциялаушы.

- Балалар, сендерге достарыңның сахналаған ертегісі ұнады ма? Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

- Ұнады. Ата мен әже, Аю, Қоян, Қасқыр

- Түлкі қандай аң екен?

- Түлкі қу екен.

- Ол Бауырсақты алдап жеп қойды.

- Гүлназ, сен бауырсақ болып өте жақсы ойнадың! Жарайсыңдар, балалар!

Күтілетін нәтиже:

Білуге тиіс: балалар ертегі кейіпкерлерін атай білуі, қимыл-қозғалыстарын сала білуі, дауыс ырғағын келтіре білуі керек.




© 2010-2022