Сенсорика сабағы Көжекті жасыр

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 21-Қаңтар

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Көжекті жасыр»

Мақсаты: 1. мүмкіндіктің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету; түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту;

2. қызыл, сары, көк, жасыл, түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншықтар: түлкі, қоян; қорап; ортасынан екі түске бөлінген карточкалар («алаңқайлар»): қызыл - көк, көк -сары, сары - жасыл, жасыл - қызыл (бір-бірден әр балаға, оқу іс-әрекеті барысында карточкалармен ауысуы мүмкін); көжектер: әp балаға 12 данадан (әр түстен 3 дана).

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Педагогтың іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті


Мотивациалық- қозғаушылық





Ұйымдастырушылық-ізденістік




Ойындық жағдаят.

Есік қағылады, есіктің алдында қорап

тұр.

-Балалар, қораптың ішінде бір

нәрсе тықырлататын сияқты, кәне

қарайықшы.

- Ой, бұл не?

- Қараңдар, оның үсті су, көжекті иесі жаңбыр астында ұмытып кетіпті.

Сенсорика сабағы Көжекті жасыр

- Ал ойыншықты жаңбыр астына калдыруға бола ма? Кәне, көжегімізді еркелетіп, оған ол туралы тақпақ айтып берейік.

Тыңдаңдар:

Мен кішкентай көжекпін,

Қорқақ емес - өжетпін.

Маған зорға тигені-ай,

Үлкендерден кезектің.
Қ. Мырза Әли

-Көжекке сәбилер тобында қонақта болғаны ұнағаны соншалық, ол тіпті өзінің достары - кішкентай көжектерді шақырады.

-Балалар, сендердің көжектеріңнің түсі қандай?

Көжектің айтуы бойынша, осы маңда қу түлкі жүрген сияқты.

Сенсорика сабағы Көжекті жасыр

Ол көжектерді ұстап алғысы келеді. - Кәнеки, біз оларды алаңкайға тығып кояйық (түрлі түсті қатты қағаз беттерін көрсетеді).

Сенсорика сабағы Көжекті жасырСенсорика сабағы Көжекті жасыр

-Қараңдаршы, қандай алаңқайда түлкі қызыл көжегімізді байқамай қалады?

- Қызыл алаңқайда ма, жасыл алаңқайда ма?

-Демек, бізге көжекті дәл оның түсіндей алаңқайға жасырып қою керек.

Тезірек өз көжектеріңді тығып қойыңдар, ал түлкі оларды іздейтін болады.

-Міне, қалай жақсы етіп көжектеріңді тығып қойғансыңдар, тіпті түлкі оларды таба алмай қалды. Ал қалған көжектер орманға қашып үлгереді, түлкі оларды таба алмай қалатын болды.

Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.

Жеке жұмыс жүргізеді

Қызығушылықтары туады.

Бұл - көжек.


Балалар аяушылық

білдіреді.

Тақпақты мұқият тыңдайды.



- Сары, жасыл, қызыл, көк.



- Қызылда.

Балалар төрт түстін, ішінен тек керек екеуін таңдай отырып, көжектерді тығып қояды.


Қайталайды: ұзын құлақ.

Рефлексиялық-түзетушілік

Түлкі және көжектер» дидактикалық ойыны.

-Ал енді ойын ойнайық, мен түлкі боламын, ал сендер көжек боласыңдар. Түлкі сендерді қуу керек, ал сендер

-көжектер, менен қашып, тығылып қалуларың керек.

Балалардың барлығы «көжек» болып түлкіден тығылады.

Күтілетін нәтижелер:

- төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген түсті нысанды топтастыруды және салыстыруды біледі;

- орман аңдары туралы түсінікті: түлкі, қоян туралы игереді;

- негізгі түстерді: қызыл, көк, сары, жасыл түстерді; педагогтің көрсетуі бойынша әрекет етуді меңгереді.



© 2010-2022