Тіл дамыту Бау-бақшада бақтарда

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың технологиялық картасы

Мерзімі___________________

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Бау-бақшада бақтарда

Мақсаты: Балаларға бау-бақшада өсетін жемістер мен көкөністер жайлы әңгімелей білуге үйрету.

Міндеті: Балалардың сөздік қорын заттың сапасы мен құрамын білдіретін (көлемін, түсін, пішінін) сөздермен байыту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Қызығушылықтарын ояту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жемістер, көкөністер.

Сөздік жұмыс: бау-бақша, бақ.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

Мотивациялық-қозғаушылық

Ұйымдастырушылық-ізденістік






Рефлексиялық-түзетушілік

Шаттық шеңберде

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз?

-Кәне күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы?

Олай болса себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін, пішінін айтып әңгімелеу.Мысалы: мынау-алма, оның түсі қып-қызыл, пішіні-дөп-дөңгелек, дәмі тәп-тәтті.

Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністерді ажырат».

-Жемістер қайда өседі?

-Ал көкөністер ше?

Сергіту сәті.

-Жемістерді жемес бұрын не істеу керек?

-Жемістердің, көкөністердің мол болуы, үлкен-үлкен болып өсуі неге байланысты?

Балалар бүгін біз не жайлы әңгімелестік?

Бау-бақшада нелер өседі?Көкөністер мен жемістерді атаңдар.

Балалардың жауап беріп, өз ойларын айтуы.

өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.

Өздері таңдаған жемістер мен көкөністері туралы әңгімелейді.

Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды.

Жемістер бақтағы ағаштарда өседі.

Көкөністер бақшада, жерде өседі.

Қимылдарды көрсетуі.

-Оларды жемес бұрын жақсылап жуу керек.

-Оны күтіп-баптап өсіруіне байланысты.

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жемістер мен көкөністердің атын дұрыс айтуды;

Игереді: Пішіндерін ажыратуды;

Меңгереді: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетінін біледі.


© 2010-2022