Тәрбие сағаты Ардагерлер ардағым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ардагерлер - ардағым!»

Жүргізуші:

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасылбағы

Сіздерүшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірім дей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген ардагерлеріміз бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Сіздердің өмір жолдарыңыз біз үшін жас ұрпақ үшін табылмас қазына.

Қымбатты ақылдың кенін арқалаған,шынайы да ізгі сезімдерді, сыйлаушы ардагерлер! «Қарлығаш» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен ардагерлерге орайлас ұйымдастырылып отырған « Ардагерлер -ардағым » атты кешке қош келдіңіздер!

Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән - жырды сыйға тарттық - дегендей

бүлдіршіндердің сіздерге арнаған жыр жолдарын қабыл алыңыздар.


1-Тақпақтар:

1Саялы: Жүрекке адалдықпен еккен гүлін

Ғажайып келешектің төккен үнін

Ардақты ағаларға шын көңілден

Жолдаймыз алғыспенен сәлем бүгін.

2.Даниял: Қазақ жері достықтың гүлістаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде ,еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.


3. Медина: Сен неткен Отан анам ғажап едің

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім

Болашақ ұрпағынынң бақыты үшін

Жайнай бер ұлы Отаным қазақ елім.



4. Нүргүлім: Білеміз ұлы ерлікте жеңісінді

Ардақтап үлгі етер ел ісінді

Ұрпақ даусын естіңіз ардагерлер

Өздеріне жүректен жыр ұсынды.


Жүргізуші: 2- Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Арайлы ақ тілекпен

Ән жолдаймын өзіңе

Сағыныш саз жүрекпен

Сыр арнаймын өзіңе- деп «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен Темір Қарақатты ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.


Жүргізуші: 3- Би: «Қолшатырлар»

Той деп бүгін халқым шашу шашады

Той деп бүгін әлем сырын ашады

Ардагерлер мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады -балалардың орындауында « Қолшатыр» биін тамашалаңыздар.

Тақпақтар

Кәусар.М: Армысыздар, бармысыздар берендер

Дауылдарда қайыспаған емендер

Өздерінді ардақтайды адамзат

Естерінен шығарады демеңдер

Нұрсаят: Қартаймаңдар,ардагерлер лектегі

Нұр таймсын жанардағы беттегі

Өмірлерің -өрендерге өнеге

Өмірлерін -ерлік,күрес мектебі.

Назира: Батыр ұл есімдерді ақталады

Жыр болып жүректерде сақталады

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.


Жүргізуші: 4- Ән: « Бал балалық»

Асқар тауым, ақыл гөйім, ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса, құлама

Ер жетсем де еркелігім қалмайды,

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана!

Ән: Орындайтын: Шалқарқызы Жанайым.

Жүргізуші: 5- Би: «Танго»

Балалардың бар қылығы сүйкімді

Қуанышқа бөлер әркез қартыңды

Бүлдіршіндер биден шашу сыйласын

Гүлдендіріп, нұрға бөлеп бұл күнді.-деп «Танго «биін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Қадірлі ардагерлер! Бүгінгі кеш аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Қарияларға қамқорлық көрсету - біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл - күй, отбасыларыңыз аман болып,баршаңызға мықты денсаулық, көтерінкі көңіл күй, ұзақ ғұмыр тілей отырып, балабақша меңгерушісі Тамара Молдашқызына сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:

Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін

Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілеп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет.







«Ардагерлер -ардағым»

Ардагерлерге арнаймыз.

















2015 ж

© 2010-2022