Қазақ тілінен сабақ жоспарыЯ әрпі мен дыбысы 1 сынып

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы : Я дыбысы мен әрпі

Мақсаты :

1. Я дыбысы мен әрпімен таныстыру, осы дыбыс арқылы жасалатын жаңа сөздерді оқуға үйрету.

2. Ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын дамыта отырып, ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.

3. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдісі : Сұрақ-жауап, көрнекіліктермен жұмыс,сайыс сабақ.

Түрі : Кіріктірілген сабақ.

Пәнаралық байланыс : Тіл дамыту, математика, айналаны қоршаған орта, экология, музыка.

Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық

Біз бақытты баламыз

Ойнап, білім аламыз.

Сауат ашу пәнінде

Оқып,жазу жазамы

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныс болдық?

- Г дыбысы қандай дыбыс,қане,кім айтады?

- Г дыбысы кездесетін сөздер айтайықшы.

- «Есімдер әлемі» ойыны ( Г дыбысынан басталатын қыздар есімін атау, буынға бөлу )

- Г дыбысына қатысты тақпақтарын жатқа айту.

Гүл суарып кеше де,

Гүлзар ішін жинадым.

Мерекеде анама

Гүл шоғын мен сыйладым

ІІІ. Жаңа сабақ

1. « Ой шақыру » Жұмбақ шешу

Қоянда бар, түйеде жоқ

Шаянда бар, биеде жоқ

Бұл қай әріп ? ( Я әрпі )

2. «Жаңа әріп қонақта »

-Балалар, біздер бүгін жаңа дыбыс, әріппен таныс боламыз. Қане, бәріміз Я дыбысын дыбыстап көрейік.

-Қандай дыбыстар естіп тұрмыз? ( Йа )

- Олай болса, балалар, Я дыбысы - қосарлы дыбыс й және а дыбыстарының қосарлануы арқылы естіліп тұр, бірақ жазуда я әрпін пайдаланамыз.

Я дыбысы-дауысты дыбыс. Сөздің көбіне басы мен ортасында кездеседі.

Яхта орыс тілінен енген сөзінде сөз басында кездеседі.

3. Сайыс сабақ

- Балалар, сабағымыз қызықты өту үшін біз 2 топқа бөлініп, сабақты сайыс түрінде өткізейік.

Сайыс түрлері :

1-тапсырма : « Сөз ойла, тез ойла ! » ойыны

( Я дыбысы кездесетін сөздер айту, я дыбысының сөздегі орнын анықтау )

2- тапсырма : «Жұмбақтар әлемі » сайысы ( топтастыру )

Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады ( Аяз )

Ақсақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп-кетеді

Қызы менен ұлына

Сыйлығын алып келеді. ( Аяз ата )

Бірі - ыдысқа керек,

Бірі - жүріске керек ( Аяқ )

Ұрмай -соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады. ( Пияз )

3 - тапсырма : «Буынұйқас » ( Тіл дамыту пәнімен байланыс )

Я - я - я

Құстар салды ұя

Ян - ян - ян

Секеңдеген ақ қоян

Яз - яз - яз

Ащы екен пияз

4 - тапсырма Суретпен жұмыс ( 2 түрлі жағдаятты шешу )

- Балалар, суреттен не көріп отырсыңдар ?

- Құстың ұясына тиюге болмайды, құстар- біздің қанатты досымыз. Қазір қыс мезгілі. Біздер құстарға қамқор болып жүруіміз керек.

Сергіту сәті

Ән «Сұр қоян » ( Музыка пәнімен байланыс )

5 - тапсырма « Байланыстыр » ойыны

( Сол жақ бағандағы суреттерді оң жақ бағандағы я дыбысы бар суреттермен байланыстыру, )

Жетелеу сұрақтарын қою арқылы балаларға ойларын дәлелдету.

Сәбіз акварель бояуы

Ата пияз

Суретші таяқ

Тақтай қоян

6- тапсырма

«Әдемі етіп жазайық ! »

Я әрпінің элементтерімен таныстыру.

- Я әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру

- Я әрпін ауада жазу

- Я әрпін дәптерге жазу.

7- тапсырма

Ойын « Кім тез ?» ( шелекке пияз жинау сайысы )

Әр топтан 1 баладан шығып шелектеріне пияз жинап, жинаған пияздарын санау ( математика пәнімен байланыс )

ІV. Қорытындылау, мадақтау

- Балалар , бүгінгі сабақта біз қандай дыбыс, әріппен таныс болдық ?

- Я дыбысы қандай дыбыс ?

- Сабағымызды «Дұрыс тап ! » ойынымен қорытындылайық.

Тақтаға 1 ұл, 1 қыз бала шығарып, тақтадағы қияр мен тақияның суретіне дыбыстық талдау жасату.

Қ И Я Р Т А Қ И Я

Балаларды мадақтау.

- Қыздарға қияр үлестіріп мадақтау

- Ұлдарға тақия беріп мадақтау.



© 2010-2022