Қыс келбеті тақырыбындағы сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Қыс келбеті» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:

А) Балалардың қыс мезгілі жайлы түсінігін кеңейту, қардың аппақ, жұмсақ,суық, үлпілдек, дымқыл болатын қасиеттері жайлы білімдерін

Ә) Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік, сезімдерін тәрбиелеу.

Б) Балалардың шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, ойындар ойнату.

Көрнекіліктер:Қар, мұз, су, бу, қыс мезгіліне салынған суреттер.

Жылулық шеңбері: Кел, балалар, ортаға!

Үлкен шеңбер құрайық

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Міне, бүгін бізде еркше ашық оқу іс- әрекетімізге қонақтар келіп отыр, ендеше біздер қонақтарға өз қуанышымызды әнмен жеткізіп амандасайық.

Біздер балалар күнделікті сабағымызды бастамас бұрын, әдеттегідей біздер жылулық шеңберін орындаймыз. Кәне, балалар ортаға шығып жылулық шеңберін орындайықшы.

Барлық елдің бөбегі,

Бір- бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөлеген,

Өмір қандай тамаша! Қайырмасы:

Айгөлек - ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Бізбен бірге қуанар.

Армысыздар, қонақтар.

  • Балалар бастарын иіп, ізет көрсетеді.

  • Жақсы балалар орнымызға отырайық.

Оқу іс- әрекетінің барысы:



  • Балалар бүгінгі Тіл дамыту ашық оқу іс - әрекетінен өтетін тақырыбымыз «Қыс келбеті» - деп аталады. Балалар мен сендерге сабағымызды бастамас бұрын , бүгінгі сабағымызға байланысты сендерге бірнеше сұрақтар қоямын.

  • Балалар сендер сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?

  • Дайынбыз.

  • Ал, балалар айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілі.

  • Қыста неше ай бар?

Үш ай бар.

  • Кәне, сол үш айларды атап беріңдерші?

Желтоқсан. Қаңтар. Ақпан.

  • Қыс мезгілінің ауа- райында қандай өзгерістер болады?

Қыс мезгілінде күн сутып, адамдар жылы киінеді.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар, қысқаша аптаның күндеріне тоқталып өтейік.

  • Балалар аптада неше күн бар?

Бір аптада жеті күн бар.

-Аптатаның күндерін атап беріңдерші?

Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

-Жарайсыңдар балалар, менің қойған сұрақтарыма мүдірмей жақсы жауап бердіңдер.

Ендеше бүгінгі сабағымызды бастайық .

  • Балалар қараңдаршы мына ғажайып қысқы табиғаттың суретін тамашалайық.( Суретті аша бергенде боранның даусы мен сықырлаған аяздың даусы естіледі)

  • Балалар, мына жер суытып кетті ғой. Кім келе жатыр?

Боранды қыс кіреді:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің құлағымды шулатып жатырған сендер екенсіңдер ғой.

  • Сәлеметсің бе, Қыс! Біз сенің мына табиғатқа енгізген өзгерістеріңді тамашалайын деп жатырмыз. Қане, бізбен бірге көресіз бе?

Қыс:

-Жоқ, дайын нәрсені бәрімізде тамашалай аламыз , мықты болсаңдар, мен сияқты табиғат көрінісін өзгертіп көріңдерші.( Тақтадағы ілулі тұрған қыс мезгілінің суретін жаз мезгіліне ауыстырып жібереді)

- Балалар мына тақтаға қараңдаршы . Не көріп тұрсыңдар?

Жаз мезгілін көріп тұрмыз.

  • Ал, енді біз бұл, жаз мезгізгіліне ауыстырылған суреттерді. Қыс мезгілдеріне ауыстыруымыз керек.

  • Кім маған көмектеседі?

Ортаға шыққан балалар берілген көріністерді ауыстырады. Сұр қоянды - ақ қоянға, Көлдің орнына- мұз, көбелекті- қарға, сары тиінді - сұр тиінге, жұқа киінген баланы - жылы киінген балаға ауыстырып қояды.

Тәрбиеші:

  • Міне, Қыс, балалар тапсырмаңызды бұлжытпай орындап шықты.

Қыс:

  • Әй, бәрекелді! Өздерің алғыр бала екенсіңдер!

  • Балалар, менің басты белгім не, білесіңдер ме?

  • Білеміз , қар.

Қыс: Ия, қар менің басты байлығым. Мен қармен барлық жерді орап тастаймын. Айнала осылай аппақ болып жата береді.

Тәрбиеші:

Ал, біз қардың өзгеріске түсетін қасиеттерін білеміз.

Қыс: Мүмкін емес, менің қарым ешқандай өзгеріске түспейді. Күшті болсаңдар, көрсетіңдерші мен сендерді зертханама апарайын.

Тәрбиеші: Балалар, Қыс кілем ұшағын жолға әзірлегенше біз бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық.

Белімізді қозғалтып,

Бір отырып, бір тұрып.

Біздер сергіп алайық,

Тынығып біз алған соң,

Ұшаққа біз барайық.

Қыс: Қане, менің ұшқыр кілем- ұшағыма отырыңдар.

  • Міне, балалар, біздер Қыстың зертханасына да келдік.

  • Міне, мен осы жерде көп қар шығарамын. Ал, менің қарыма тәжірибе жасап көріңдерші.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына үстел үстінде беттері жабылған 4 ыдыстар тұр. Соның бірінде қар, екіншісінде су, үшіншісінде мұз, төртіншісінде аузы тығыз жабылған қайнатылған су бар екен.

  • Балалар , мына ыдыстағы қарды ұстап көріңдерші.

  • Балалар, қар қандай болады?

  • Қар аппақ, суық, дымқыл, үлпілдек болады.

  • Дұрыс айтасыңдар қар ақ, суық, дымқыл, үлпілдек, жұмсақ екен.

  • Қар неге ұқсайды?

  • Мақтаға.

  • Балалар, қар жылы жерде тұрса неге айналады?

  • Еріп суға айналады.

  • Ал, осы суды қайнатсақ не болады?

  • Буға айналып ұшады.

  • Ал, балалар суды тоңазытқышқа салып қойсаң не болады?

  • Мұзға айналады.

  • Дұрыс айтасыңдар балалар.

  • Міне , Қыс ата, қардың қасиеттерін ашып бердік.

Қыс: Жарайсыңдар балалар, қане, балалар сендердің ойнағыларың келе ме?

Қыс «Қатырмақ» ойынын ойнатады.

Тәрбиеші ойынның ережесін түсіндіреді.

  • Балалар, алдымен мен сендерге ойынның шартын түсіндіріп жіберейін.

Ойынның шарты: Балалар, Қыстың аязы қолы тиіп кеткен бала қатып қалмау үшін қыс туралы өлең айтып берулерің керек.

Қорытынды:

Балалар біздер Қыс туралы , оның белгілерін білдік.

  • Рахмет сендерге балалар . Бәрің де Қыс боранмен жақсы ойындар ойнадыңдар, зертханасын зерттеп білдіңдер.

Солай бәрің бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Қатысқан апайлармен қоштасайық.





© 2010-2022