Әлеуметтік орта. Тақырыбы: Мен ерекше баламын

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлеуметтік орта. Тақырыбы: Мен ерекше баламын.

Кіші сала:Өзін-өзі тану.

Мақсаты:Балалардың өзіндік «Менің» ұғындыру.

Міндеттері:1.Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білуге үйрету .

2.Балалардың өзіндік «Менің» ұғындыру, түсіндіру.

3.Өз бастарын сыйлап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Үштілдік: Бала-мальчик-boy, Менің-мой-my .

Сөздік жұмыс: Мен жақсы баламын; мен ерекше баламын; .

Көрнекіліктер: Өзін-өзі тану дәптері, суреттер.

Әрекеттің кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Талаптандыру,

Дәлелдеу

Тәрбиеші балаларға Қ. Ыдырысовтың «Келші, келші, балашым» өлеңін оқиды.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып, әнді айтады.

Ұйымдастыру,

ізденіс

Әнді тыңдап болған соң тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Өлеңді тыңдап отырғанда қандай сезімде болдыңдар?

-Өлеңнен не ұқтыңдар?

-Балалар, біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?

Балалардың жауаптарын тыңдап, қойылған сұрақтар бойынша ойларын түйіндейді.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз-бірімізге ұқсаспыз, бірақ бізді бір-бірімізден ажыратып тұрған, ол біздің жеке ерекшеліктеріміз, бойымыздағы қасиеттеріміз екен. Әрбір адам өзінің қызығушылығын, мүмкіндігін, кім екендігін, кім екендігін, өз орнын білу керек. Бүгін кішкентай болсақ, ертең үлкен азамат боламыз. Ал үлкен азамат болу үшін ақылды, әдепті, алғыр, батыл, шыншыл, еңбекқор болуымыз керек. Осы бойымызда бар қасиетті шыңдай білетін болсақ, біз жақсы азамат боламыз.

Ойын.»Өзімізді мақтайық»

Балалар шеңберге тұрып, әрбір бала өздеріне ұнайтын өз бойларындағы жақсы қасиеттерін айтып өзін мақтайды.

Ж.Саинның «Кім болам?» өлеңін оқу.

Мен ер болам, ер болам,

Ермен ертең тең болам.

Айбыным желдей есілген,

Уытты болам, өр болам.

Ғажайып сөздерді айтады.

-Мен жақсы баламын,

-Мен ерекше баламын,

-Мен қолымнан бәрі келеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Қойылған сұрақтар бойынша балалар өз ойларын түйіндейді.


Балалар өздерінің бойындағы қасиеттерді айтады.



Балалар өздерін мақтайды.


Балалар өлеңді қайталайды.

Қорытынды

-Балалар, сендердің өз бойларыңдағы қасиеттеріңді білетіндіктеріңе өте қуаныштымын. Әрбір адам-қайталанбайтын дара тұлға.

Балалар дың жауаптары тыңдалады.

Күтетін нәтиже.Білуі керек:

-Өз бастарын сыйлап, бағалай білу керек.

Хабары болуы керек:

- Өздерін тануға, өз ерекшеліктерін білу керек.

-Істей білуі керек:

- Тапсырмаларды шапшаң орындай білу керек.

Есеп:---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



© 2010-2022