Открытый воспитательный урок на тему: Балаларды этнопедагогика элементтерін қолдана отырып тәрбиелеу

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Балаларды этнопедагогика элементтерін қолдана отырып тәрбиелеу

Балабақшаның оқу бағдарламасында «білім берудің мақсат приоритеті түбегейлі өзгеруі керек бірінші кезекте, бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады1» - делінген.

Бұл мақсат білім мен тәрбие мазмұнына ықпал етіп, оны жанартудың басты бағыттарын айқындайды, оқыту процесін тиімді ұйымдастырудың жолдарын қарастырады.

Сабақтың тартымды да, қызықты өтіп, оқушылардың оқу еңбегіне ынтасын арттыруда дидактикалық ойындардың алатын орны ерекше.

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан халқымыздың ұлттық мұрасының озық мәдениетін, ізгі әдет-ғұрып, салт-санасын жастардың бойына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал оқушыларды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде ұлттық ойындардың тәлім-тәрбиелік, білімдік, танымдық ролі орасан зор.

Бастауыш мектеп ана тілі сабақтарында ұлттық ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылардың оқу материалын түсінуіне, сол пәнге қызығуына, ұлттық сезімнің оянуына, сөйлеу тілінің жетілуіне, сөздік қорының болуына мол мүмкіндік береді.

Ана тілі сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді:

  • ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады;

  • оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады;

  • оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады;

  • оқу әрекетіне ойын жұмыс элементтері ретінде кіреді;

  • ойын нәтижесі бірден шығарылып отырылады.

Ана тілі сабақтарында ұлттық элементтері бар дидактикалық ойындарды қолдану үшін мұғалім мына мәселелерді ескеруі керек.

Ойынның мақсаты: Оқушылар сабақта қандай іскерлік пен дағдыны игереді, ойынның қандай тәрбиелік мақсаты көзделеді?

  1. Ойынға қатысушылар саны.

  2. Ойында қолданылатын материалдар.

  3. Уақытты үнемдей отырып, ойын шартын қалай түсіндіруге болады?

  4. Ойын қанша уақытқа созылады? Бұл ойын әсерлі, қызықты бола ма?

  5. Оқушылардың ойынға қатысу белсенділігін қалай бақылауға болады?

  6. Ойын бұрын сабақта қолданылған ба? Қандай жағдайда қолданылған?

  7. Ойын қорытындысын хабарлау.

Ана тілі сабағында орынды қолданылған ұлттық ойын элементтері оқушылардың ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шыңдауға өз септігін тигізеді. Ойын барысында қолданылатын дидактикалық материалдар оқулық мазмұнымен үндес болып, оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса, ойын жақсы нәтиже береді.

Ойын тәртібі: а) жұмбақтардың шешулері жазылған қима қағаздар немесе суреттер ойынға қатысушы оқушыларға үлестіріліп беріледі. Әрбір оқушы өз қолындағы жұмбақтарды ойлап тауып, оның тұсына қояды.

Мұғалім ойнаушы оқушылардың жұмыстарын тексеріп шығады. Қолындағы жұмбақтарын түгелдей дұрыс тапқан оқушы ұтқан болып саналады.

ә) ойынға қатысушы оқушылар екі топқа бөлінеді. Тақтаға мұғалім жұмбақтар жазылған қима қағазды іледі. Сонымен қатар жұмбақтардың шешулері (суретті немесе жеке сөз қима қағаздар) салынған қалтада тақтаға ілініп қойылады. Оқушылар жұмбақтарды қима қағаздағы ретіне қарай біртіндеп шешеді. Оқушы жұмбақтың шешуін айтып, соның суретін не сөз қима қағазын қалта ішінен алып, жұмбақ сызығына орналастырады. Суреттің атын немесе қима қағаздағы сөзді тақтаға жазады. Сонымен қатар жұмбақ шешуінің не себепті олай екенін айтып береді. Басқа жұмбақтар да осы ретпен шешіледі.

Қима қағаздағы жұмбақтарды дұрыс шешіп, жұмбақ мәнін орынды түсіндірген оқушылар ойында ұтады.

б) Бұл ойында, керісінше, шешулері бойынша жұмбақтарды айту көзделеді. Мұғалім оқушыларға жазылған қима қағазды немесе суретін біртіндеп көрсетеді . Оқушылар оған сай жұмбақты жатқа айтып беруі тиіс. Шешуі бойынша жұмбақты көп әрі дұрыс айтқан оқушы ұтады.

«Адам болам десеңіз» тарауын қайталау кезінде М.Әуезовтың «Көксерегі» мен Ш.Мұртазаның «Бөртесін» көркем сөзбен сипаттап, жұмбақтауға болады.

Мысалы: «Зіңгіттей көк шолақ, тамаққа өлгенше ашқарақ, жота жүні үрпиіп, көздері жалындап тұратын» және «Ай сияқты айналма мүйізі, делдиген танауы бар, басы кекшиіп, тұяқтарымен жерді тарс-тарс тарпиды».

Мұғалім жұмбақталған нәрселердің ішкі-сыртқы сапа, белгілеріне оқушылардың назарын аударта отырып, сипаттама иесін таптыртады, яғни мұның қайсысы бөрте, қайсысы көксерек екенін ажыратады. Осындай ойын арқылы мәтіннен бейнелі сипаттамаларды айыра білуге оқушылар төселеді. «Асыл мұра» тұрмыс-салт жырларынан «Бөбектің тілегі», «Шопан атаға», «Сиыр», «Торпағым», «Түйе», т.б. шығармалар берілген. Бекіту, қорытынды сабақтарда «Қалай айтуды білемін», «Жануарлар қалай үндейді» ұлттық ойындарын ойнатуға болады.


© 2010-2022