Ұлы Жеңі жасасын! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Шығыс Қазақстан облысы,Бородулиха ауданы,Бородулиха ауылы

«Жалпы білім беретін Бородулиха қазақ орта мектебі» КММ



Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: Ұлы Жеңіс жасасын!



Мектепалды даярлық жетекшісі: Касенова Серикгуль Курмангалиевна.









2014-2015 оқу жылы.

Бородулиха ауылы.

Тақырыбы:«Ұлы жеңіс жасасын!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аға-апаларымызды таныту, Қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.Ерлікке құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Ән: С.Бәйтерековтің «Әлия» әні.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы «Ұлы Жеңіске 70 жыл» атты слайд,мақал-мәтелдер,суреттер, «Сен білесің бе?» бейне үзінді.

Тәрбиеші: 2015 жыл Жеңістің 70 жылдығына орай, ТМД елдерінде Ардагерлер жылы деп аталды.Бүгінгі ұрпақтың бейбіт өмірі, қамсыз тірлігі үшін от кешкен майдангерлер қатары күн санап азайып келеді. Олардың ел болашағы, сәбилердің риясыз күлкісі үшін көрсеткен ерлігі өлшеусіз. Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында қазақстандықтар да болған.

Біз қазірде алаңсыз бейбіт өмір сүрудеміз. Бәрі бейбітшіліктің, Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасы. Біз- Отанын қалтқысыз сүйетін бүлдіршіндерміз.Біз соғысты қаламайтын бейбітсүйгіш елдердің біріміз.

Кім Отан ,туған жер туралы тақпақтар айтып береді?.

Бектас:

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отаның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.

Әділжан:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен Отан.

Аружан:

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Тәрбиеші:-Осыдан 74 жыл бұрын бейбіт жатқан елімізге Фашистік Германия соғыс жариялады. Сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді . Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауғааттанды.Соғыстың алғашқы кезеңінде ерлік көрсеткен батырлар қатарында 28 панфиловшылар есімін ерекше айтуға болады.

Ислам:

Тастар көкке атылды,

Орман шулап тау құлап.

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

Міне,мынау Алматы қаласында орнатылған 28 батырға арналған ескерткіш.

-Суреттен нені көріп тұрсыңдар? (Сурет бойынша балалардың әңгімелеулері) Мәңгі алау туралы айта кету. Жауға ұмтылған батырлардың ызалы,қаһарлы түрерін айту.

Қуаныш:

Сонау жылы жер - көкті,

Соғыс бұлты торлаған.

Сонда Мәншүк апамыз,

Жаудан елді қорғаған.

-Мәншүк Мәметова туралы тағы кім не біледі?

-Мәншүк апамыз Ұлы Отан соғысы басталғанда 20 жаста ғана болған екен.Өз еркімен соғысқа барған және таңдаулы пулеметші болған.Елді жаудан азат ету жолында ерлікпен қаза тапты.

Еркебұлан:

Айтамыз біз өлең ғып,

Айтамыз біз жыр етіп.

Әлия апай ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.

-Әлия Молдаұлова туралы білесіңдер ме?

Әлия Молдағұлова жастайынан анасы қайты болып балалар үйінде тәрбиеленген. «Шығыстың қос жұлдызы» деп аталған Мәншүк пен Әлия аттары бірге аталады.Себебі, Әлия құралайды көзге атқан снайпер болған.Соғыс басталғанда 7 сыныпты тәмәмдаған Әлия снайперлер дайындайтын мектепті оқып,1943 жылы аяқтайды.1944 жылы 14 қаңтарда ел қорғаудағы ерен ерлік көрсетіп қаза табады.

Аяулым:

Жеңілмейтін жауыңнан,

Бөлінбейтін қауымнан.

Біздің батыр ағамыз,

Момышұлы Бауыржан.

Бауыржан Момышұлы атамыз Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен аталарымыздың бірі. Соғыстан кейін де әскери қызмет жасады және кітап жазумен айналысты. Бауыржан атамыздың нақыл сөздерін көңілдеріңе түйіп жүріңдер:

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі - ел тілегі. Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс - күймейсің.

Соғыс оңай болған жоқ.Бірақ 4 жылға созылған соғыс бейбітсүйгіш халықтың тілегімен жеңіспен аяқталды. Соғыстың соңғы сәттері тіпті қиындай түсті.Соғыс аяқталғанын білдіретін Ту тігу кезінде де қазақтар ерлік көрсетті.

«Сен білесің бе?» бейне көрністі тамашалау.

-Рейхстагқа ту тіккен кім екен?

-Р.Қошқарбаев атамыз.

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Бектас:

Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні.

Тоғызыншы мамыр күні!

Дәулет:

Ойлап - ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке -

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым,

Тосты бәрі құлағын;

Дұрыс десті сұрағың -

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні, шырағым!

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!

Ерлікті ұмытпау үшін есімізге сақтап жүретін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер айтайық.

Батыр - елдің сәулеті

Бал құрақ - көлдің сәулеті.

Болат қайнауда шынығады

Батыр майданда шынығады.

Жүк ауырын нар көтереді,

Ел ауырын ер көтереді.

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Соғыс туралы жазылған кітаптар да көп, суреттер мен кинолар да көп,әндер қаншама соғыс туралы жазылған Соның бірі С.Бәйтерековтің «Әлия» әні.Оны бізге Оразаева Әйгерім айтып берсін.

Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.

Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын!» атты тәрбие сағаты аяқталды.

Ұлы Жеңі жасасын! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерін жаттап жүрейік:

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.

Ежелден ер тілегі - ел тілегі. Адал ұл ер боп туса - ел тірегі.

Опасызда Отан жоқ.

Отанда опасызға орын жоқ.

Отаның үшін отқа түс - күймейсің.

Ұлы Жеңі жасасын! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні.

Тоғызыншы мамыр күні!



Ұлы Жеңі жасасын! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағаты

Ойлап - ойлап тұрдым көп

Сұрақ қойдым білгім кеп:

- Қуанышты мереке -

Жеңіс күні қай күн деп?

Атамнан да сұрадым,

Әкемнен де сұрадым,

Ағамнан да сұрадым,

Анамнан да сұрадым,

Тосты бәрі құлағын;

Дұрыс десті сұрағың -

Бейбіт күннің бәрі де,

Жеңіс күні, шырағым!

Ұлы Жеңі жасасын! Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағаты

С.Бәйтеректің «Әлия» әнінін балалар тебірене тыңдады.









Түсінік хат.

2015 жыл -Ұлы Жеңістің 70 жылдық қарсаңына өткізіліп отырған мектепалды даярлық тобындағы тәрбие сағат тақырыбы «Ұлы Жеңіс жасасын!» деп аталды.

Мақсаты: өскелең ұрпақ ата-бабаларымыздың Отан қорғау жолында жасалған ерліктері аз емес екенін,соның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен ерліктері ешқашан ұмытылмайтын, әрқашан мақтан тұтып айтатын батырларымыздың ерлік істерімен таныстыру. Бүлдіршіндердің жас ерекшеліктеріне қарай қарапайым және түсінікті етіп Ұлы Жеңістің қасиетін жеткізе алу.Батырлар есімін тануға үйрету. Суреттері арқылы батыр бабаларымыздың майданда көрсеткен ерліктерін білу.Жаттаған өлең жолдарының мағынасын түсінуге үйрету. Балалардың тілдік қорларын кеңейту.Адам бойындағы жақсы қасиеттерден -отансүйгіштік,елжандылық,батырлық үлгі алу және өздері де сондай рухта болуға тәрбиелеу. Ел қорғау,Отанын сүюді батырлардан үйренуге тәрбиелеу.

Міндеті: біздің алаңсыз бейбіт өмір сүруіміз үшін өз өмірлерін қиған ата-бабалардың ерлік істерін түсіну және мақтан тұту.Еліміздегі биылғы жылдың «Ардагерлер жылы» деп аталу мағынасын түсінулері. Ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталады. Кішкентайынан жақсы мен жаманның не екенін, бейбіт өмірдің қасиетін түсініп өсулеріне ықпал ету.Балалардың жас ерекшеліктеріне орай сабақ қарапайым және суретті көрнекіліктерді қолдану арқылы өтілді.





Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы.

«Шындығын айтқанда» Бауыржан Момышұлының кітабы.

«Момышұлы Бауыржан» Е.Өміровтің өлеңі.

«Жеңіс күнін тойлаймыз» И.Сапарбаевтің өлеңі.

«Жеңіс күні» Қ.Жұмағалиевтің өлеңі.

Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер.

«Сен білесің бе?» бейне көрініс.







© 2010-2022