Тема урока Үй құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Үй құстар

Білім беру саласы:Қатынас

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты: Балаларға үй құстары түсінік беру.Олардың көбеюі,адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сөздік,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: үй құстарының суреттері, бейнетаспа,жұмыртқа.

Ұйымдастыру кезеңі:

Көңілді шеңбер:

Армысың,қайырымды жер ана!

Қайырлы таң қонақтар!

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын!

Қане, сабағымызды бастайық.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс

-Дұрыс айтасыңдар қыс мезгілі

-Қыста ауа-райы қандай болады?

-Суық

Дұрыс ауа-райы қыста суық болады,қар жауады,мұз қатады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Бірақ бізде үйде ұстайтын құстар бар.Оларды үй құстары деп атайды.Оларға әтеш,тауық қаз,үйрек жатады. Суреттен әтеш,тауықтың суреттері көрсетіледі.Айырмашылығын табу. Әтештің басында әдемі айдары бар,айқайлайды.Тауық болса,ол әтеш сияқты айқайламайды, ол жұмыртқа береді,балапандарына қамқор болады.Адамдар құстардың етін,жұмыртқасын жеу үшін өсіреді.Сол себепті оларға жемін беріп,қорасын жасап,өнімді көп беру үшін жағдай жасайды.Олар жемді қалай жейді?

-Тары,бидай жердегі жәндіктерді шоқып жейді.

-Қораз бен тауықтар басқа құстар сияқты дыбыс шығарады.

-Кәне ,қораз қалай дыбыстайды?

-Ку-ка-ре-ку

-Ал тауық ше?

-Қыт-қыттайды.

-Тауықтың өзі он шақтайды дыбыс шығарады екен.Олар өздеріне қауіп төнгенін сездіру үшін,балапандарын өзіне шақыру үшін де дыбыс шығарады.Олардың даусының қатты,бәсең шығуынан байқауға болады.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық

Қане,қанат жаяйық

Ұшып-ұшып алайық.

Орнымызға қонайық.

Тәрбиеші бейнетаспадан балапанның пайда болуын көрсетеді.

-Балапан қандай дыбыс шығарады?

-Шиқ-шиқ,-дейді.

Дидактикалық ойын: «Жұмыртқадан не жасауға болады»

Суреттен тағамдарды ажыратып айтып беру.

Шығармашылық жұмыс:Құстардың суреті,балапандарын салу.

Жарайсыңдар? Өте ұқсатып салыпсыңдар?

Сабақты қортындындылау:

-Бүгін немен таныстық?

-Қораз қалай дыбыс шығарады?

Тауық балапандарын қалай шақырады?

-Олар қандай құстар?

-Жарайсыңдар,барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар.Көп рахмет.Осымен сабағымыз аяқталды.

Мукышева Шолпан Балтабековна

Екіаша орта мектебінің мектепалды

даярлық тобы тәрбиешісі, музыка жетекшісі

© 2010-2022