Өзін-өзі тану мектепалды даярлық

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 10.02.2016

Пәні: өзін-өзі тану

Тақырыбы: «Бірлігіміз жарасқан»

Мақсаты: «Бірлік»» ұғымы, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.

Міндеттері:

  • бірлік туралы түсініктерін кеңейту;

  • өзара жағымды қарым-қатынастарын дамыту;

  • ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.

Армысыздар құрметті қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгінгі өзін-өзі тану апталығына орай өткізіліп отырған «Бірлігіміз жарасқан» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, кәнеки,бәріміз,

Сәлем берейік үлкенге

Оқушылар бір-бірімен амандасады.

Қайырлы күн достым,

Ісің сәтке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын.

Тыныштық сәті: видео ролик

  • Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезіңіндер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Балалар тәрбиешісімен бірге Е. Өтетілеуұлының «Көңілді балалар» өлеңін айтады.

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Видео ролик: Бірлігіміз жарасқан

Балалар қазір қай мезгіл? Аспаннан қыста не жауады? Ол жауған қар екен. Тақтаға назар аударайық. Ол жай қар емес, сиқырлы қар. Қардың сиқыры мен ерекшелігі бар.

Ол қарда сұрақтар бар. Қарлар санмен белгіленген.

Әңгімелесу

  • Балалар, бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады? Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасын қандай? Олармен татусындар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалып, қорытындыланады

Әңгімелеу

Құмырсқа

М. Байділданов

Баяғыда бір құмырсқа өз қандастарына өкпелеп, кетіп қалып, ара, қоңызбен дос болады. Жем іздеп шыққан құмырсқа жол үстінен бір дән тауып алады. Жалғыз өзі әуреленіп түк қозғалта алмады. Енді көмек сұрау үшін достарын іздеді. Гүлдің нәрін жинап жүрген араға жолығып:

-Досым, маған көмектесіп жібер, жалғыз өзімнің әлім келмей жатыр, -деп өтінді.

-Көрмей тұрсың ба? Мен де жұмыс істеп жүрмін ғой,- деп ара оған қайырылмай қойды. Енді құмырсқа қоңызға келіп, одан көмек сұрады.

-Сен үшін еңбегімді еш қыла алмаймын!-деп, қоңыз «досы» қиын домалатып кете береді. Екі досынан күдер үзген құмырсқа мұңайып келе жатып, өзінің илеулес достарымен ұшырасты. Олар мұның жабырқаңқы түрін көріп:

-Не іздеп жүрсің?-деді. Құмырсқа өз басынан кешкенін айтты. Достары көмектесіп, дәнді бірігіп сүйрелеп алып жүрді. Ақыр соңында адасқан құмырсқа қайта өз үйіріне қосылды.


  • Құмырсқа өз достарының қадірін қалай түсінді?

  • Құмырсқалар бірліктерін қалай танытты?

Дәйексөз

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген халық мақалы.

  • Ұйымшылдық, татулық болса, бірлік достық орнайды екен. Егер бәріміз біріксек, кез келген жұмысты тез және нәтижелі орындайды екенбіз. Бірлік, ынтымақ болса, береке болады.

Ойын. «Бесінші артық».

Ойынға бес бала қатысады. Әуен ойнағанда балалар орындықтарды айнала жүреді. Әуен тоқтағанда балалар орындыққа айнала жүреді. Әуен тоқтағанда балалар орындыққа отыруға тырысады. Артық, орынсыз қалған баланы алдарына отырғызады. Ойын осылай бір орындық қалғанша жалғаса береді. Бұл ойын бірлікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.

Дәптермен жұмыс

  • Сурет бойынша әңгімелеп беріңдер. Суретті бояңдар.

Сергіту сәті: Қонжықтар

Ғажайып сөздер.

Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.

  • Бірлік бар жерде қуаныш бар.

Қорытындылау

  • Балалар, біз бүгінгі сабақта бірлік туралы білдік. Бірлік деген сөз - бәрі бірдей жұмыла, бірлесіп бір істі бітіру. Бірігіп, бірлікте жұмыла істеген істің қуанышы көп болады. Бірлік, ынтымақ бар жерде береке, татулық, сыйластық болатынын білдік.

Күннің көзінің шуақтарын толықтырады.

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер.


Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


© 2010-2022