Қуыршаққа үй құрастырамыз (Таным)

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін:

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: Қуыршаққа үй құрастырамыз

Мақсаты: а) есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып,құрылыс материалдарын ажыратуға үйрету.

ә)ұқыптылыққа,тазалыққа,құрылысшы жұмысына қызығушылықтарын тәрбиелеу.

б) Қиялдау,қиялын,елестету қабілеттерін,ұсақ қол қимылдарын дамыту.

Қажетті құрал жабдықтар,көрнекіліктер: қсақ құрылыс материалдарымен суреттер,үй макеттері мен суреттері,кірпіш,призма,платина.

Блингвалды компанент: қуыршақ/кукла,үй/дом,құрастыру/собрать.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс әрекеті

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды ортаға шақырып,Айжан деген кішкентай қуыршақты көрсетеді,оның үйі жоқ екенін айтады.Қуыршаққа үй жасап беруді ұсынады.

Қуыршаққа үй жасап беруге келіседі.

Ұйымдастыру іздестіру

Кіріспе әңгіме.

Үйдің макеттері мен суреттерін іліп қояды.

Кіріспе әңгіме өткізеді,өлең оқиды.

Аға,іні ағайын,

Салды құрып,жақсы үй.

Ішінде толған жылы күй,

Қандай әсем,жарық үй.

Сұрақтар қояды:

Өлеңде не туралы айтылған?

Үй қандай?

Балалардың жауаптарын тыңдап толықтырады:

Мынау үйдің қабырғалары,мынау төбесі,мынау есігі,мынау әйнектері.Қабырғалары тігінен тұрады,төбесі үшбұрышқа ұқсайды,ал мынау есіктен Айжан кіреді,бізге әйнектен қарайды.

Үлгі суретпен жұмыс.

Балаларды «құрылыс орталығына» алып барады. Құрылыс заттарын көрсетеді.Балалардың алдында үйді құрастыру жолдары,үлгі схемалары тұрады.

Сөздік жұмысы.

«іргетас,текше,кірпіш,призма» сөздерінің мағынасын аталған құрылыс материалдарын көрсете отырып түсіндіреді.

Саусақтар серуені.

Жұмыс ретінде түсіндіре отырыпжасатады:

Ең алдымен іргетас қалауы керек;

Іргетастың үстінде кірпіштер қаланады;

Кірпіштердің үстіне платина,сосын призма төселеді.

Сергіту сәті.

Саусақ ойны.

Кірпіштерін қаладым,

Қазықтарын қаладым.

Салып алып үлкен үй,

Қызығып көп қарадым.

«Қандай материал жоқ?» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші үстелдің үстіндегі құрылыс материалдарының біреуін алып қойып,қай материалдың жоқ екенін сұрайды.

Үйдің макеттері мен суреттерін тамашалайды.

Өлеңді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдайды.

Құрылыс материалдарымен танысады.



Сөздерді қайталайды,мағынасын түсініп алады.



Тәрбиешінің түсіндіруі,көрсетуі бойынша жасайды.

Өлең мазмұнына сәйкес саусақ қимылдарын жасайды.

Көздерін жұмады.Сұрақты естігенде,көздерін ашып,қандай құрылыс материалы жоқ екенін айтады.

Рефлексивті түзетушілік

Қорыту

Сұрақтар қойып,тақырыпты қорытады.

Балалар,біз үйді қалай құрастырдық?

Іргетас дегеніміз не?

Неге іргетасты ең алдымен қалайды?

Балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу іс әрекетін аяқтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: «текше,кірпіш,призма,пластина,іргетас» сөздерінің мағынасын.

Нені игереді: үйді құрастырған кезде үлгіге сүйене отырып,жұмыс жасауды.

Нені біледі: үлкендердің еңбектерін құрметтеуді,мейірімді,ұйымшыл болуды

© 2010-2022