Ойнайық та, ойлайық ашық сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық!»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік міндеті:Тақырып бойынша сөздік қорларын молайту; жұмбақ шеше білуге жаттықтыру;

Дамытушылық міндеті: байланыстыра сөйлеуін арттыру; төл дыбыстарға жаттығу; айту, есту, жаттау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік міндеті:үй жануарларына деген қамқорлығын тәрбиелеу.

Қолданатын көрнекі құралдар: Ойыншықтар,дидактикалық ойындар /карталар/, асықтар, қоржын,киіз үй,суреттер,стикер.

Сабақтың түрі: көрсету,түсіндіру,қайталау,сұрақ-жауап.

Қостілділік компонент: Үй жануарлары-домашние животные, сиыр-корова, жылқы-лошадь,түйе-верблюд, ешкі-коза,қой-овца,бұзау-теленок,жеребенок-құлын,бота-верблюжонок,лақ-козленок, ягненок-қозы.

Сабақтың барысы: Сәлемдесу.

  • Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде ,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем,сәлем,сәлем.

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ұйымдастыру кезеңі :Бүгінгі ұйымдастырлған оқу іс-әрекетін бастамас бұрын үш топқа бөлініп алайық.Ол үшін сендерге стикер таратылады, кімге қандай сурет түссе, сол бала топтың мүшесі болады. Балалар сурет арқылы өз орындарына жайғасады.

Топтардың атын отырған орындары бойынша анықталады:

«Қошақан», «Ботақан»,«Құлыншақ».

/стикерде суреттер салынған/

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Сабақты бастар алдында жаттығып алайық. /бірнеше сұраққтар қойылады/

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Жыл мезгілі қыс.

  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Бір жылда төрт мезгіл бар.

  • Қыс айларын атаңдар?

  • Қыс айлары; желтоқсан,қаңтар,ақпан.

  • Бір аптада неше күн бар?

  • Бір аптада жеті күн.

  • Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,жұма,сенбі,жексенбі.

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ойнайық та, Ойлайық», оның ішіне кіргізіп отырған тақырып ; «Үй жануарлары және олардың төлдері».

Жануарлар екі топқа бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы аңдар.

Неге үй жануарлары дейміз? Біз оларды күтіп-баптаймыз сондықтан үй жануарлары дейміз.

Неге жабайы жануарлар дейміз? Олар орманда өмір сүреді.Өз қорыктерін өздері табады.

/Бірінші болып жауап беретін топ, олар асық арқылы белгіленеді./

Бүгінгі сұрақтар 6 тапсырмадан тұрады:

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

1.тапсырма: тапсырма асық суретінде жасырынған.

«Жұмбақтар» /әр топқа екі жұмбақтан айтылады, балалар шешімін табу керек/. Шешімін дұрыс тапқан балалар ұпайға асықтар алады/.

«Жұмбақтар»:

  1. Кезікті бір жануар,үстінде екі тауы бар /түйе/

  2. Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар /қой/

  3. Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар /ешкі/

  4. Көкке шаншып құйрығын, келеді шауып жүйрігім /жылқы/

  5. Адамға серік, күзетке берік. /ит/

  6. Құлды екен әр шаруа, қызығына құт байлап.

Қанша құйып алсаң да сарқылмайды сүт-қаймақ./сиыр/

/жауаптарына жауап берген топ бір ұпайдан алады /

2. тапсырма:

Ойын: «Дұрыс орналастыр!»

Ойын шарты: Үстел үстінде жатқан жануарларды алып атауын атайды, қайда өмір сүретіндерін айтады, салнып тұрған суретке жануардың суретін жапсырады «Орманда», «Жайлауда»; дұрыс жауап берсе ұпайға асықтар алады.

Үй жануарлар: түйе,жылқы,сиыр, қой, ешкі,

Жабайы жануарлар/аңдар/: қасқыр,аю,қоян,түлкі,арыстан,жолбарыс.

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

3 тапсырма:

Ойын: «Кім шапшаң?» «Кто быстрее?»

/пазыл арқылы екі суреттен жинайды,/ үш бала орнында, екі бала тақтада.

Үстелдің басында орындалады. /1 топ:сиыр; 2 топ:жылқы; 3 топ: түйе, /

Тақтада орындалады. /1 топ бұзау, 2 топ құлын, 3 топ бота/

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Иілеміз оңға, иілеміз солға,

Қолды жоғары созамыз.

Аяқтын ұшына тұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шыңығып аламыз.

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

4 тапсырма: Ойын: «Жоқ жануарды тап?»

/әр үстелге екі карточкадан береді,біреуінде аналығын табу керек, екіншісінде төлін табу керек/

сиыр

қой

ешкі

бұзау

қозы

лақ

Сергіту сәті:

Бұзауым бұзық

Мінезі қызық.

Маңдайы күйді,

Қазанды сүзіп.

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

5 тапсырма:Ойын: «Төлдерін тап» /домбыра әуені орындалады/

/сызық арқылы қосу/

Ойын шарты: Әр топтын балаларынын алдында суреттер жатады, сонда көрсетілген жануарлар, балалар төлін табып оны сызық арқылы косу керек. Жануардын, төлдердін атауларын атау керек. Дұрыс атап,дұрыс сызық арқылы қоса ұпайға асық алады. /сиыр-бұзау, түйе-бота, жылқы-құлын,қой-қозы, ешкі-лақ/.

Разминка: Сергіту. /Балалар жануарлар туралы шағын тақпақтар айтады/

Бұл жерде мұғалім кубті айландыра отырып түскен жануарды көрсетеді,қандай жануар түседі сол туралы тақпақ айтпай тұрып төлін көрсетеді содан кейін тақпағы айтылады.

  • Түйе төлі -бота, Мөлдіреп көзі ойнаған.

  • Жылқы төлі-құлын, тұяғы жерге ұрыншақ.

  • Қойдың төлі-қозы, Өріске қашқан қорадан.

  • Сиыр төлі- бұзау, Сүйкімді әрі асау.

  • Ешкі төлі -лақ. Тыныш тұрмайды ол бірақ.

  • Ит баласы-күшік, абалап жүрген күшік.

6 тапсырма : «Дауысынан таны»

/жануарларды дауыстары арқылы табу керек./

Топтардың жинаған асықтарын санап кім жеңіске жеткен туралы айтылады.

/стикерлерің алып кеуделеріне жапсырып алады./

/Барлық топтың балалары бір шеңберге тұрады/

Дөңгеленіп тұрамыз ,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа керіліп.

Киіз үйді құрамыз.

Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Тағыда қайталап кетейік:

Қой баласын: «қошақаным» -деп сүйеді.

Түйе баласын: «ботақаным» -деп сүйеді.

Жылқы баласын: «құлыншағым» -деп сүйеді.

Ешкі баласын: «ерке лағым» -деп сүйеді.

Сиыр баласын: «талпағым» -деп сүйеді. Ойнайық та,ойлайық ашық сабақ

Қорытынды: Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы ,

Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Күтілетін Нәтиже: Үй жануарларының қазақша атауларын /түйе,ешкі,сиыр,қой,жылқы,бота, бұзау,қозы,құлын,/

Болу керек: жануарлар туралы түсінік.

Үйрену керек: қазақша дыбыстарды дұрыс дыбыстай білуге, қазақша сөйлемді дұрыс құрауға.

© 2010-2022