5 саны және цифры тақырыбына арналған сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика

Тақырыбы: 5 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1) 5 саны және цифрымен таныстыру. Көп ұғымынан бесті бөліп алу. 2)Балалардың жан-жақты ойлануын,ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту. 3)Ұлттық ойынға, пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: цифрлар, суреттер, түйе суреттері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, психологиялық дайындық.

II. Жаңа сабақ:

- Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?

- Көктем.

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Күн жылынады, қар еріп суға айналады, жердің бетіне өсімдіктер шығады, құстар ұшып келеді т.б.

Суретпен жұмыс:

-Суретте қанша қарлығаш бар? (Бесеу)

- Сауысқан қанша? (Бесеу)

- Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

- Қарлығаш кішкентай, сауысқан үлкен құс.

-Сауысқан қыстап қалады. Қарлығаш жыл құсы.

- Қарлығаштың құйрығы айыр. Ол адамның досы, ұясын адамға жақын жерге салады.

5 санға байланысты слайд көрсету.

III. Сергіту сәті:

Қарлығаш боп ұшайық,

Қане қанат жазайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық,

IV. Дәптермен жұмыс:

1) 5 санын көрсету.

2) Таяқшамен 5 санын құрастыру.

3) 5 цифрының жазылуын көрсету.

4) Ауада жазу.

5) Дәптерге үлгі бойынша таяқша салу.

6) 5 санын жазу.

V. Сергіту сәті:

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай самғаймыз.

-Балалар бізге түйенің атасы- «Ойсыл қара» келді. Өзімен бірге бірнеше түйелерді ала келіпті. Осы түйелерді жарысқа қатыстырмақшы.

Түйелер: 5 жасар екен. Түйеге мініп жарысатын балалар 9,10 жас шамасындағы балалар.

Түйелердің суреттерін тақтаға іліп, сыныпты үш топқа бөліп жарыстыру.

VI. «Түйелер жарысы» ойыны

1. Торкөздегі 5 цифрының санына байланысты бес заттың суретін салу, геометриялық фигуралардың санына қарай тиісті санды қой.

2. Қорапқа 5 жеміс, 5 көкеніс салу.

VII.Қорытындылау:

Тақтада суреттер ілініп тұрады. Әр топтан бір бала шығып, бес заты бар суреттерді жинайды.

Мысалы: 5 сауысқан, 5 қарлығаш, 5 алма т.б.

-Сонымен, балалар, біз қандай санмен таныстық?

- 5 санымен.

Жарыс қорытындысын жасау. Жеңімпаз балаларға сыйлықтар беріледі.



© 2010-2022