«Математикалық асхана» атты сайыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Математикалық асхана» атты сайыс

Мақсаты: 1. Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға үйрету.

Білімге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, математика пәніне деген қызығушылығын ояту.

  • Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сандар, геометриялық пішіндер кесінділер, ойыншықтар

Шаттық шеңберге тұрып қонақтармен амандасу

Жылулық шеңбері:

- Үлкенге де "Сіз",

- Кішіге де "Сіз",

- Баршаңызды құрметтеп,

- Бас иеміз " Біз"!

Үлкенмен де, кішімен де бас иіп, амандасады.

«Неткен әдепті, сыпайы, ақылды» балалар деп мақтап отырыңыздар!

Құрметті қонақтар тобымыздың «математикалық асхана» атты сайысымызға қош келліңіздер!

Ойын барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Ойын шартымен таныстыру, қатысушыларды анықтау.

Асхана қонақтары 3 үстелге бөлініп отырады, сиқырлы қалташа арқылы үстелдерге ат қойылады, олар пішіндерден тұрады: үшбұрыш , төртбұрыш, дөңгелек .

Әділқазы осы жерден сайланады,( дұрыс жауап бір ұпай)

ІІ Ойын жоспары:

Сайыс тапсырмалары.

«Ас мәзірі»

а) «Мәңгі ұмытылмас» салаты , сұрақтар соусынан тұрады.

ә) «Математикалық винегрет»

б) «Тез пісер» қаймақ қосылған борщ.

г) «Қаймақпен көпіршітілген балмұздақ» десерті

д) «Мерекелік шашу» торты

ІІІ Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.

I сайыс. Құрметті асхана қонақтары! Біз сіздерге асхананың аспаздары әзірлеген сұрақтар соусынан тұратын «Мәңгі ұмытылмас» салатын ұсынамыз. Дұрыс жауап 1 ұпаймен есептелінеді.

  • 1-жылда неше мезгіл бар? Ата

  • апта күндерін ата

  • қыс айларын ата

II сайыс. Қадірменді қонақтар сіздерге келесі кезекте «Математикалық винегрет» ұсынылады.

  • Сандарды ретімен орналастырып, сана

Әр үстелге 1,2,3,4,5 сандар беріледі.

Сергіту сәті:

1 дегенде тұрайық,

2,3,4 - алақанды соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып

Бір отырып,бір тұрып,

Біржүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.


III сайыс. «Тез пісір қаймақ қосылған борщ»

Логикалық тапсырма

Аспаз қыздар қояды сұрақты.

  • Алма ағашта 5 алма

қандай тәтті жесе алма

бесеуінде жеп қойса ,

қалады онда неше алма?


  • Табақта 4 өрік ,

қолымда 1өрік

барлығын қосқанда

болады неше өрік?


  • Табақта 5 алма

қолымда 2 алма

қосқанда барлығын

болады неше алма?

сурет бойынша 3тапсырма беріледі

Ойын: «Көршісін тап»



IV сайыс. Мерекелік тарту торты


1)Таяқшалардан геометриялық фигураларды құрастыр

2)Жетпей тұрған фигураны сал

V сайыс. Сыйлыққа балмұздақ

Жасырынған сандарды тап.

Суреттер беріледі.


ІІІ Жеңімпазды анықтау. Марапаттау.





© 2010-2022