Отбасы - ұлағат ұясы! Шағын орталыққа арналған тәрбие сағаты

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы - ұлағат ұясы»

Мақсаты: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз

отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және ата - ана баланың

ұстазы екенін түсіндіру. Оқушылардың ата - ананы, үлкенді

сыйлау туралы ой - өрісін дамыту. Ата - ана мен бала

арасындағы ынтымақтастықты нығайту, татулыққа, бірлікке

шақыру.

Көрнекілік: слайд, нақыл сөздер, даналық сөздер.

Кіріспе сөз

Мұғалім:

Онда әкем - анам тұрады,

Ата - әже бауырым.

Бәрі бірге қосылып,

Бір ұғымды құрады.

Отбасы

Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де, жауапты міндет. Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады.

Халық «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Ұлы ғалым, философ Әбунасыр әл Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұдан шығатын қорытынды: бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ой, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.

1 -жүргізуші

Анаң - күнің жүрегің

Әкең - өмір тірегің

Әжең - асыл ардағың

Атаң - дана қорғаның

Ағаң - қамқор асқарың

Інің - мөлдір аспаның - дегендей «Отбасы - ұлағат ұясы» тәрбие сағатына қош келдіңіздер.

2 - жүргізуші

Отбасы шағын мемлекет. Ол тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

Ән: «Жанұя»

Орындайтын: Артакшинова Айша

1 - жүргізуші

Әке мен ана шаңырақтың тірегі. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2030 бағдарламасындағы негізгі бағыттарының бірі отбасы болып саналады. Отбасы адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі.

2 - жүргізуші

Әке - асқар тау, ана - бұлақ, бала - жағасында өскен құрақ; Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі деген, олай болса осы тақырыптағы мақал - мәтелдерге кезек берейік.

- Бала тәрбиесі бесіктен

- Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік

- Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

- Құс балапан үшін тұзаққа түседі, адам баласы үшін азапқа түседі

- Ата - бәйтерек, бала - жапырақ

- Жақсы әке жаман балаға қырық жыл ризық

1 - жүргізуші

Мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен сабырлылық сияқты асыл қасиеттерді бойына жинаған ардақты әкелер мен аяулы аналар өмірдегі жақсылық атаулы сіздердің есімдеріңізбен байланысты. Сіздер әр шаңырақтың шаттығы мен шуағысыздар.

Ана мен әке

Оқитын автор: Төлеубай Әліби

2 - жүргізуші

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып, оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аяғынан тік тұрғызатын да ана, олай болса экранға назар аударайық.

1 - жүргізуші

Үйдегі алтын қазық кім? - депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.
- Жоқ балам үйдегі алтын қазық - ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға - үлгі, әке тәрбиесі ұлға - үлгі. Ана - ақылшың, әке - қамқоршың, ағаң - қорғаушың, інің - сүйенішің, қарындасың - қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі - көзінде, ықыласы - көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

Би: Қаражорға

Бишілер: Сабина, Аяжан, Асылжан, Арайлым

2 - жүргізуші

Жігітке:
- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? - депті қарт.
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін - мейірімді әке, - депті жігіт.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін - сол ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды. Ана - үйдегі - бақ, әке отырған - тақ. Ана ақылды болса, үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы, - депті қарт.

1 - жүргізуші

Бала үшін әкенің орны бөлек. Әке деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, қиындыққа қалдырмас, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп ақ жол тілейтін адамың екенін бала жүрегі сезердей. Тамағымның тоқтығы, киімімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы - осының бәрі де асқар таудай айбатты әкелердің арқасы.Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы.Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.

Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген.
Асқар тауым аман жүр, аяулы әкем,
Жақсы өнеге бердіңіз мақтан етем.
Кіп-кішкентай жүрегім сендіреді,
Мен өзіңді, әкетай, бақытты етем!

Ән «Әке»

Орындайтын: Ермек Сабина

Мұғалім:

Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің

Тренинг «Менің отбасым» (отбасын гүл ретінде қағаз бетіне суреттеу) және отбасына арналған тілектер айтылады.



© 2010-2022