Жігіт сұлтаны сайысы Қарлығаштобы

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жігіт сұлтаны сайысы ҚарлығаштобыЖігіт сұлтан сайысы

Мақсаты:Балалардың тапқырлық ,өнерпаздық, ойшылдық қабілеттерін ашу, эстетикалық талғамын дамыту, шығармашылық деңгейін, өз еліне , туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру , Отанын сүйетін нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:

Жүргізуші: Рудный қаласы төсінде , Қашар ауылы төрінде ,шағын орталыққа жиналған құрметті қонақтар , ата-аналар , әріптестер , армысыздар!

Барлығыңыз есен-сау бармысыздар!

Бала деген өмірдің қызығығой,

Бала деген өмірдің жалғасығой,

Қызығын қызықтауға тоймаңыздар,

Бір-бір үйдің еркесі, ірілері,

Мықтысы тез назарға ілінеді.

Бәріде осал емес, өнерлілер,

Ақансері, Біржанның інілері.

Шағын орталық "Қарлығаш" тобы бүлдіршіндерінің "Ұлыстың ұлы күні" Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған "Жігіт сұлтаны" сайысына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Жиналған мерекеге бүгін халық,

Қарасын біздің жаққа көзін салып.

Жігіттің сұлтандары келіп қалды,

Өнер мен тапқырлығын қатар алып.

Бүгінгі сайысымызға қатысатын сұлтан жігіттеріміз Нұрсұлтан, Нұрқасым, Айдос, Али, Дулат және Алибекті аналарымен бірге қолсоғып, қошеметпен ортаға шақырайық. Ал енді алты кезеңнен тұратын сайыстың міндеттерімен таныстырып өтейін.

1. "Тегін білу, тектілік". Сұлтандарымыз өздерін таныстырады.

2. "Таза, мінсіз, асыл сөз...". Сұрақ-жауап сайысы.

3. "Шебер қолдар".(Сандықты сәндеу).

4." Күш сынасу".(Қол күрес).

5."Үй тапсырмасы". (Өз өнерін көрсету).

6. Сәнділік.

Өнерпаздар өнерін салыстырып,

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып.(Әділқазылар алқасымен таныстыру).

Жүргізуші:

1 сайыс

Ақыл,көрік бойларында жетеді,

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызға,

Сұлтандар өздерін таныстырып өтеді.

(Сайысқа қатысушылар өздерінтаныстырады)

2 сайыс

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер,

Келді кезек оқу менен білімге.

Бұл сыннанда өтсең егер сүрінбей,

Жүлде саған қуана бер, күлімде, - демекшісұрақтарға жауап беру сайысы.

Сұрақтар:

1)Қазақ халқы ұлттық ойындарын ата (Ақ сүйек, арқан тарту, сақина салу, көкпар, алтыбақан, қыз қуу, қол күрес, асық ойнау)

2)Жігіттің үш жұрты ( ағайын, нағашы, қайын)

3)Қазақ халқының тойларын атаңыз ( құда түсу, қыз ұзату, неке той, бет ашар,шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той)

4)Жеті атаны атаңыз (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)

5)Қазақ халқы батырларын атаңыз (Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қарасай)

6)Жеті санына байланысты ұғымдарды ата (жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек, кемпірқосақтың жеті түсі, жеті күн)

3 сайыс

Өзінің алғырлығын ұғындырып,

Көрсетер көп іздеген мығым қылық.

Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәсекеге шеберлілік. (Балалар анасымен бірге берілген сандықты сәндеп, шеберліктерін көрсетеді).

Жүргізуші: Сұлтандар келесі сайысқа дайын болғанша, ару қыздарымыздың дайындаған биін тамашаласақ. Қабыл алыңыздар.

4 сайыс

Келесі кезекте «Шын ер жеңсе-тасымас, жеңілсе жасымас» демекші «Күш сынасу» сайысы, жігіттеріміздің мықтысын анықтайық.

5 сайыс

Би билеймін тынышыңды алатын,

Ән саламын жанның шөлін басатын.

Әсем әннің әуенімен өткізген,

Шіркін, шіркін, бұл өмірдің әр сәтін, - демекші келесі кезекті "Үй тапсырмасы өнер сайысына" берейік.

6 сайыс

Ал енді сәнденіп шыққан сұлтандарымызды аналарымен бірге қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар өздеріңіз бірге қызықтап, өнерлерін тамашалаған "Жігіт сұлтаны" сайысы мәресіне жетіп қалды. Әділ қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша, балаларымыздың Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарын тыңдайық.

Жүргізуші: Әділ қазылар алқасын қол соғып қарсы алайық." Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар", "Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда", - демекші бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздарын анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (Әділқазылар шешімі).

Осымен біздің "Жігіт сұлтаны" атты ұйымдастырылған шағын сайысымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет.









Бекітемін Келісемін

«№2 Қашар орта мектебі»КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі

директоры: ______________ орынбасары: ______________

Д.С. Сапанова Ж .К. Ембергенова

« ____»__________ 2014ж «____»__________ 2014ж


Шағын орталық

Наурыз мерекесіне арналған сайыс

Жігіт сұлтаны сайысы Қарлығаштобы

«Қарлығаш» тобы тәрбиешісі:Г.Е.Утебаева

2013-2014 оқу жылы


© 2010-2022