Құстар /Мектепалды даярлық тобы/

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Шығармашылық.

Оқу іс-әрекеті: Мүсіндеу.

Тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс.Құстар.

Мақсаты: Балаларды табиғи материалдармен таныстыру,олармен жұмыс жасаудың алғашқы дағдыларын қалыптастыру. Ермексазды пайдалану,оны табиғи материалдармен.толықтыру,құстардың бейнесін жасату.Жұмыс орнын таза ұстау,ұқыптылыққа тәрбиелеу.Еңбек дағдыларын қалыптастыру.

Керекті құралдыр: Табиғи материалдар: үйеңкі жапырақтары,бұтақтар,шырша бүрлері,жаңғақтар,т.б. Ермексаз (сазбалшық), тақтайша,құстар бейнесінің үлгісі (торғай,қораз) т.б.

Әдіс тәсілдер: Ермексазбен табиғи материалдарды біріктіру жолдарын көрсету,түсіндіру.Әңгімелесу,табиғи материалдардан жасалған үлгіге талдау жасап,құстардың денесінің жолдарын көрсету.Сұрақ-жауап.

Шаттық шеңбері:

Қуан шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн,

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Тәрбиеші:

- Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалардың жауабы.

- Бір жылда неше жыл мезгілі бар?

Балалардың жауабы.

-Күз екенің қалай білуге болады?

Балалардың жауабы.

-Күздің қандай белгілерін байқадыңдар?

Балалардың жауабы.

-Қандай айлар күз мезгіліне жатады?

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші:

- Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырайын,шешуін табыңдар.

Балалармен достасып,

Жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып,

Кім біледі. (торғайды)

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай.

(Әтеш)

Сергіту сәті:

Таң атты,күн шықты

Аспанды бұлт жапты

Жаңбыр жауды

Найзағай сарт-сұрт етті,

Біз бұға қалдық.

Тәрбиеші:

Балалар біз бүгін алдымыздағы табиғи материалдардан құс жасап үйренеміз.Үлгіні таңдай отырып үй құстарынан әтештің,түз құстарынан торғайдың жасалу жолдарын түсіндеремін.

- ермексазды үлкен және кіші екі бөлікке бөліп ал;

- денесін,басын ермексаздан алақан арасына салып домалақтап,оны сопақша пішінге келтіру,басын домалақтау;

- бір-біріне екі бөлікті біріктіру;

- тұмсығын шымшып созып шығару;

-қанаттарының орнын стекамен сызып белгілеп алу;

- қанаттарына жұқа жапырақтар сызық бойымен денесіне батырып кіргізу арқылы орналастырамыз.

- құйырығын сүйірленген ұшына жапырақтарды шаншу арқылы жасаймыз (4-5 жапырақ);

- аяқтарына бұтақтарды пайдаланып,оны ермексазбен біріктіреміз;

- ермексаздан тұғыр жасап орналастырамыз;

- әтештің айырмашылығы: айдары шымшып созу арқылы жасалады немесе жапырақтан, жапсыруға да болады:

- екі құстың бірін таңдау,балалардың еркінде.


Іс-әрекеттің бағалау кезені.

- Балалар бұл құстарға қандай қамқорлық жасауға болады?

- Жем шашамыз,су береміз.

- Қандай тиім сөздер білесіңдер?

- «Құстың ұясын бұзба».

Қорытынды:

Балалардың жұмысын мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі? Табиғи материалдардан құстардың бейнесін жасай алады.

Жасай алуы. Өз бетімен іс-әрекет жасай алу.



© 2010-2022