Тәрбие сағаты Жаңа жыл 2014ж

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құтты болсын, Жаңа жыл!»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл- күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аяз атаның, Ақшақардың киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мында жиналыңдар. Басталады Жаңа жылдық карнавал, маска да бар, би де бар, асығындар, шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды. Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (қол шапалақтау, балалар екі - екіден кіреді)

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіндер. Мына жерде орман аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл!

Жүргізуші: Жаңа жылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін мектеп директоры Айткүл Едресқызына беріледі.

Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, қол ұстасып жүріп ән салайық.

Ән: «Аппақ, апппақ жапалақтап»

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар: Шырша!

Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

О.Тоғжан:

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Міне,сұлу шыршамыз.

Көптен күтіп, сағынған,

Кел,балалар ,келіңдер,

Тамашаны көріңдер.

Даурен:

Келіңдер,келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Диана:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Жүргізуші: Жарайсындар, қандай жақсы тақпақтар! (шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Клоун атып шығады.)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап - қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты би бейлейінші.

Көңілді би:

Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата - аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен, енді, біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетпейді?

Балалар: Аяз ата, Ақшақар.

Жүргізуші: Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата (деп 2 рет айтқанда, есік ашылады да, Қоян кіріп келеді.)

Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге тамақтарынды жыртып жатырсыңдар?!

Жүргізуші: Ал, сен неге амандаспайсын? Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Қоян: Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші: Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па?

Қоян: Жоқ.

Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аязатаны шақырып едік қой?!

Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсындар? Аязата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым, енді ол жол таба алмайды ха - ха - ха (деп секіреді)

Жүргізуші: Неге олай еттің? Аязата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Қоян: Ә, бәлем, солай ма екен! (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы естіледі. Қоян тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата - аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды )

Алыстан Аязатаның дауысы естіледі.

Жүргізуші: Аязата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шақырайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аязата, Ақшақар!

Аязата:

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Тарасам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

Аязата: Балалардың тақпақтарын тыңдағым келіп тұр.

1-бала: Аружан:
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.

Диана:
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

О.Тоғжан:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.

Адил:
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.

Ақерке:
Жаңа жылды қарсы алдым,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.

Ерназ:
Аққырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.

Сара:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Жаңа жыл басталды,
Аяз оны басқарды.
Айару:
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Бибігул:
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп

Азат:

Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.

Ақтоты:

Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.


Жанерке:Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.

Нұрасыл:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны.

Райымбек:

Қуантып елді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдым

Бір жасқа енді

Даурен:Келіңдер, келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер.

Жансая: 3.Аппақ, аппақ қар аппақ

Аппақ, аппақ дала аппақ

Қырау, қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

Айбек: Аяз ата келді,

Тамашаны көрді.

Риза болып қуанып,

Бізге сыйлық берді

Көркем: Жаңа жыл, жаңа жыл.

Құтты болсын Жаңа жыл!

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Айғаным: Жаңа жыл, жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай, алақай,

Өседі бойымыз.

Шахназ:Жаңа жылда барлық үйге

Аяз ата келеді

Жаңа жылда сәбилерге

Сыйлық әкеп береді

Асадали:Жылда осылай келеді

Көп қуаныш береді

Шашу етіп біздерге

Ақ күмісін төгеді

Жанали:Кел,келе бер,келе бер

Аяз атамыз, аяз атамыз

Көп болсын мерекелер

Көп қызыққа батамыз.

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқан балаларға.

Жүргізуші: Аязата, мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу

Табындаршы, аты кім?

Балалар: Ақшақар! (музыкамен Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Сәлеметсыңдар ма, балалар! Орманды көктей өтіп жеттім - ау сендерге. Қандай әдемі, неткен сұлу шырша! Мен білемін бір ойын:

Үйретейін сендерге

Мен бастайын, ал, сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр....

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, келеді бізге.....

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Шырша бүгін кәделі! Сендер әрі....

Балалар: Әдемі!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын - күлкі таралсын.

Құтты болсын....

Балалар: Жаңа жыл! (3 рет)

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл: Кім десендер, мен жаңа жылмын, Қоймын. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келдім.

Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Айголек тобы

Ақшақар ойын ойнатады.

Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз «Жаңа жыл!» әнін жақсылап айтып жіберейік, Аязатамызбен Ақшақарымызбен, Жаңа жыл бар, Клоун бәріміз!

Ән: «Жаңа жыл!»

Аязата мен Ақшақар сыйлықтар таратады.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатын да кез келді.

Сендерді қимай тұрмыз, барлығың да көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:

Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен.

Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер.

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар, балалар
















«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ




«Құтты болсын,Жаңа жыл! »







Тәрбиешілер:

Ибраева А.М. Айтжанова Р.Ә.

Бексултанова Д.С. Жұмабекова Н.Б.




2014-2015ж



© 2010-2022