Разработка утренника Хош балабақша

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің бақшамыздың көңіл-күйі нашарлару сияқты. Неге ашулы екенін білгілерің келеді ме? Ия, балалар ендеше сұрап білейік.
Балалар: Бақша - бақша неге ашулысыз?
Бақша: Менің күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын. Күз мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді адамдар бақшадан теріп - теріп алды. Менде енді түкте қалмайды.
Тәрбиеші: Балалар бақшаға көмектесеміз бе?
Балалар: Ия көмектесеміз.
Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін бүгінгі ертеңгілігімізде бар өнерімізді көрсетейік.
Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Шоғы толған гүлдей жайнап,
Шақырады жарқын жүз.
Сайрандаған күліп - ойнап,
Келді міне алтын күз.
Күз мезгілі: Камила

Мен күзбін. Өте еркемін. Сол нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйіп, көз жасымды аямай төгіп - төгіп аламын. Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады.

Тәрбиеші: Қош келдің Алтын күз, төрлетіңіз.

Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Сәбіз, картоп, кәдеш пен,
Қып - қызыл піскен қызанақ. Алтын күз сізге көп рахмет биыл біздің көкөністеріміздің жақсы пісуіне көп жағдай жасадыңыз. Ризашылығымызды әнмен жеткізейік.

Ән: Алтын күз


Тәрбиеші: Балалар бізге «Көкөністер» тобы келіп қалыпты

Тәрбиеші: Мақтаншақ бұршақ пен ызылдаған қызылша мен қырыққабат, және шақырайық.


Бұршақ: Дамир
Кішкене түймедеймін мен,
Ұяламын мен бәрінен
Дәмді талғамдарыммен,
Сый жасаймын бәріңе!


Қызылша: Қуаныш

Менде бір сөз айтайын,
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды,
Винегрет те үстелде.


Қырыққабат: Айым


Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат - қабат киініп,
Қырыққабат атандым.


Би: биші Қыздарымызды шақырамыз


Сәбіз: А.Нұрислам

Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген.
Мені жеген адамдар,
Кем болмайды күлгенде.


Қызанақ: Бақыт


Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен - қызанақ,
Күнге қарап ұялып.

Картоп: Айгерім


Мен ұялшақ картоппын,
Мен емеспін мақтанар.
Мені жақсы көреді,
Үлкендер мен балалар.

Ойын: Жапырақтар

Қауын: Анель


Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған,
Балдай тәтті қауынмын.


Пияз: Нұрай
Боламын мен дәмдеуіш,
Барлық - барлық тағамға.
Көкөністер ішінен,
Мен пайдалы адамға.


Дәрігер: Малика

Көкөністер бәріде,
Денсаулыққа пайдалы.
Сондықтанда бірге жүріңдер,
Оларды жақсы көріңдер.


Би: «Қолшатыр»


Тәрбиеші: Балалар көкөністерден қалмай бізге жемістерде келіпті, соларды бір тыңдап көрелік.
(әуен ойналады)


Өрік: Дильяра
Дөп - дөңгелек сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - өрік.

Жаңғақ: Айсұлтан


Сырты қандай қатты,
Дәмі оның тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - жаңғақ.


Шие: Ерқанат


Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - шие.


Құлпынай: Құлпынай


Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша - бақ.
Күрең қызыл шіркін - ай,
Оның аты - құлпынай.

Алма: Сабина


Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмін,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.

Ән: Күз жомарт


Тәрбиеші: Балалар енді бақшамызға барайықшы, көңілі көтерілді ме екен, сұрайықшы. Бақша көңілді көтере алдық па.
Тәрбиеші: Балалар бақшаға ойын ойнап береміз бе?
Балалар: Ия

Ойын: Бақша кімді алып кетті?
Тәрбиеші: Ендеше ойынның шарты былай балалар. Барлығымыз әдемі жүріп, әдемі би билейміз. Музыка біткенше билейміз. Ал музыка біткен соң, көзімізді жұмып, орнымызды ауыстырып, жерге отыра қаламыз. Келістік пе балалар?
Балалар: Ия.
(Музыка қосылады. Ойын ойналады. 3 - 4 баланы матамен жауып тығып тастайды. Қай бала жоғалғанын балалар айтады)
Тәрбиеші: Балалар енді қараңдаршы кім жоқ?
(ортаға себет толы алма әкелінеді. Балалардан кімнің тығылғанын сұрайды)
Тәрбиеші:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді - дей келе, құрметті бүгінгі кешімізге жиналған қонақтар, ұстаздар және ата - аналар, алтын уақыттарыңызды бөліп біздің ертеңгілігімізге келгендеріңізге көп - көп алғысымызды айтамыз. Келесі кездескенше сау болыңыздар.



© 2010-2022