Кеңес: Баланың бас ұстазы - ата - ана

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кеңес "Баланың бас ұстазы-ата-ана"

Ата-ананың бас қуанышы - бала. Ата-ананың басты қызығы, алтын тіреу діңгегі-бала. Дүниеге келерінде де, келген соң да ата-анасын бірден татулыққа, сыйластыққа, ынтымаққа шақырып, ата-ана көңілін жақындастыра түсетін - бала. Адам баласы дүниеге келген күннен бастап тәрбиелеуді керек етеді. «Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді»-дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді екен. Балада дәл сол сияқты. Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы - ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабамыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, яғни бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Сондықтан қай ата-ана болмасын баласының білімді, әдепті болуын армандайды. Демек, бала байлығымыз, ал ең асылымыз - оның тәрбиесі екен. Абай атамыз айтқандай «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Отбасы - тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Қоғамдағы отбасының мақсаты баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі, өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып түр емес пе? Тәрбие адам тағдырын шешеді. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы ошақ қасында көрген тәрбиесі де көп әсерін тигізеді.
Сондықтан ата-ана әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген, үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларын ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
«Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше білім беріп қина, он төрттен кейін үлкен азамат деп сыйла» , -деген қағиданы берік сақтауға ата-ана міндетті.

© 2010-2022