Методическая разработка «Менің сүйікті ойыншығым»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы

Іле ауданы

Боралдай кенті

Іле ауданы әкімінің «Балдаурен» балабақшасы МҚК

Тәрбиеші Намазбаева Назгүл Тілектесқызы

Еңбек өтілі - 3 жыл

87772078341











МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншығым.

Мақсаты: ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету. Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту .

Көрнекіліктер: ойыншықтар, үлестірмелі суреттер (ат, ботақан, мысық).

Сөздік жұмыс: ботақан, құлыншақ.

Билингвальды компонент: құлын-жеребёнок

Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы. Балалар; шаттық шеңберге тұрады . Бәрі бірге қосылып айтады .

Шаттық шеңбері;

Біз ұқыпты баламыз ,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ойыншықтармен танысатындықтарын айтып,

балалардан топта, үйлерінде қандай ойыншық барын сұрады.

-Сенің қандай ойыншығын бар?

-Ойыншықтарыңды жақсы көресің бе?

-Қандай (үлкен ,кіші)

Ойыншықтарды лақтырмай, сындыр-май, ұқыпты ойнау керегін айтады. Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды. Жаттауға талпынады. Сұрақтарға жауап береді.

Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».

-Кәне, сандықта не бар екен, деп балалардың көңілін аударады.

-Ботақан, мысық, құлыншақ бар екен.

-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектеседі. Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіреді.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Үлестірмелі суреттермен «Тез көрсет!» ойынын ойнатады. Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек. Мысалы:

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Тікірейік құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Балалар өлең жолдарын бір-екі рет қайталап жаттайды.

Осы тақпақтардың біреуін жаттауды ұсынады.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.

Суреттен не артық екенін табады. мысығым бар. Мысықтың екі

құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар. Мысығым аппақ.

Ол сүтті өте жақсы көреді.

-Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес.

Рефлексиялық-түзетушілік Балаларға сұрақтар беріп, қайталатады.

Балалардың түсінгендерін, қимыл-қозғалыстарын, жақсы ойнаған балаларды бағалайды, мадақтайды.

Балалар қайталайды, Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ойыншықты сипаттау;

Игереді: ойыншық туралы түсінік:

Меңгереді: өлең жолдарын жаттауды.


© 2010-2022